Материалдар / "Охрана воды"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Охрана воды"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сегодня мы обобщим знания о воде, ее роли в природе и в жизни человека, о необходимости бережного отношения к воде, о причинах загрязнения водоемов. 1. Информация о воде. — Взгляните на карту мира. Больше всего на ней голубого цвета — это вода — океаны, моря, озёра, реки. Вода занимает больше половины поверхности земного шара. Есть и участки белого цвета. Это тоже вода — льды, снега, которые никогда не тают на высоких горах, в Антарктиде.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

28.01.2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: Отбасы-ошақ қасы.

Сабақтың мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;

Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд, мультимедиа.

Барысы:

І. Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

«Отбасы-ошақ қасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

Оқушыларды топқа бөліп алайық.

1.Мейірім.

2.Бақыт.

3.Шапағат.

4.Махаббат.

ІІ. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды сұрақ-жауап арқылы ойнаймыз

  1. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?

  2. Әкелеріңнің анасы кім болады?

  3. Отбасының тірегі кім?

  4. Үйдегі алтын қазық кім?

  5. Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?

  6. Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?

(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару)

    ІІІ. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. 

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.

    ІV. Ән: «Асыл әжем»

V. Отбасы туралы мақал-мәтелдер

  1. Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

  2. Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

  3. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

  4. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

  5. Балалы үйдің еңсесі биік.

  6. Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.

VІІ. Оқушылар «Менің отбасым » тақырыбындағы эссе. Оқушыларға шығармаларын оқыту.

VІІІ. «Адасқан әріптер» ойыны.

IX. Жалғыз-дара өзіңсің

Атасының көзісің,

Әжесінің сөзісің

Аппақ мөлді сезімсің

Мен барымды аяман

Ботақаным, сен үшін- деп, үнемі балапандарының маңдайынан сүйіп, еркелететін арамызда ата-аналарымыз отыр. Ендеше, қонаққа келіп отырған ата-аналарымызды ортаға шығарып, бірнеше ойындар ойнасақ.

Бірінші ойын: «Гүл бейнесін келтіру»

-Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп  жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үміитіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)

Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»

-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.

Үшінші ойын: «Сезім гүлі»

-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.

ІХ. Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:

  1. Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған

ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

2.Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап

өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

3.Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? 

4.Сен мектепке үнемі кешігіп келесің, сол үшін ұстазың саған және ата-анаңа ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

Х. Ата-аналарға сауалдар:

1. Сіздің балаңыз-озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

2. Қызыңыз кешкі астан кейін ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отырып алды. Қандай әрекет қолданасыз?

3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?

4. Сіз балаңызбен дүкенге кірдіңіз. Балаңыз қымбат затты сұраса, сіз не істер едіңіз?

ХІ.Бейне таспа көрсету.


ХІІ. Көрініс: «Ананың жүрегі»

ХІІІ. Ана – жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана – шуақ шашатын таң екенсің.

“Ана – ӛмір, ана – бақыт, ана - жүрек” –

осы ӛмірдегі ең асыл адам ол – АНА !

Ана туралы ән.

XIV. Қорытынды

Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.


Көрген емес қабақтарын, шытқанын, түнергенің

Менің досым әкесін жек көреді

Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.

Жамандайды, сыртынан тістенеді.

Бір-біріне бітпейді өкпелері

Дос тапса да адамдар, тапсадағы

Әке жалғыз табылмас ақшаға да

Жамандасаң әкеңді саған әкеп

Жақсы әкесін береме басқа бала

Әке білек, саусағы балалары

Қан тамырымен жалғасқан аналары

Ана тамыр бойымен беріледі

Тіршіліктің жылуы таралады
























О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі КММ







Ашық тәрбие сағаты


тақырыбы: «Отбасы-ошақ қасы»

4-сыныптар








Дайындағандар: Ерназарова Н.

Сидикова Г.

Жаманкулова Г.

Иманбердиева Б.

2017ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!