Ой мен ойын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ой мен ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ



Shape1

Shape2













Биология мұғалімі: Сақиғожина Зульфия Марксқызы



Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: «Ой мен ойын» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа бірлікке тәрбиелеу, іздемпаздыққа баулу. Ұшқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыландыру.

Самал: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Бүгінгі біздің «Ой мен ойын» токшоуына қош келдіңіздер!

Кім біледі, өнерпаз білейікші

Оқушылар алғыр деп жүрейікші

Әзілқазылар алқасына тек әділдікті

Сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші!

Зульфия: Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі?

Кім жүйрік сол алда дегендей сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Самал: Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады

Баға берер әзілқазы ортамызда

Оларға құрметпен қол соғылады деп,

Сайыскерлерімізді бағалайтын, шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар.

Мектебіміздің менеджері

Мектебіміздің жантанушысы

Зульфия: «Ой мен ойын» сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

І сайыс «Мимика» сайысы

ІІ сайыс «Сөзжұмбақ» сайысы

ІІІ сайыс «Әнді көрсет» сайысы

IV сайыс «Сәйкесін тап» сайысы

V сайыс «Суреттер сөйлейді» сайысы

Самал: І сайыс «Мимика» сайысы Ойынның шарты: Ойынға шықпас бұрын қай топ бірінші шығатынын су-ле-фа ойынын ойнау арқылы белгілейді. Екі топтан бір ойыншы кезек-кезек шығып, берілген сөзді қимыл арқылы көрсетеді. Ал отырған ойыншылар қандай сөз екенін табады. Әр ойыншыға 1 минут беріледі. Және де әр дұрыс жауап бір ұпайға тең.

Батыр, шаңырақ, кілем, пирамида, қарлығаш, кітап, гүл, найза, ит, құлып, домбыра, түлкі, арыстан, ай, күн, волейбол, сақина, алқа, теледидар, перде, шаңсорғыш, тауық, қуыршақ, сәби, бесік, топырақ, күрек, үй, орындық, тарақ, қасық, алма, ағаш, тағам, шырын, ұялы телефон, футбол,көйлек, кірпіш, аспан, жаңбыр, жастық, сызғыш.

Зульфия: ІІ сайыс «Сөзжұмбақ» сайысы

Ойынның шарты: Топтағы ойыншының көздері орамалмен танулы болады. Және әр ойыншының қолына әріп беріледі де 7 сұрақ қойылады. Сол сұрақтың жауабын қолдарындағы әріпті орналастыру арқылы табады. Келесі кезекте екінші топ ойнайды. Әр дұрыс сөз 10 ұпайға тең.

Зульфия

І топ

  1. Ең қорқақ аң (қоян)

  2. Еңбектің өтеуі (ақша)

  3. Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай (Әтеш)

  4. Ти десең тимейді, тиме десем тиеді. (ерін)

  5. Сөз үйретсең қайталайды, өзі тауып айта алмайды. (тоты)

  6. Алдына келесің, өзіңді көресің. (айна)

  7. Балалар газеті (ұлан)

Самал

ІІ топ

  1. Кезекті бір жануар, үстінде екі тауы бар (түйе)

  2. Киімнің қыртыс тыртысын жазатын құрал (үтік)

  3. Қырға сүйреп шығам, ойға мініп түсем (шана)

  4. Күннің түсі (сары)

  5. Құлыпты ашатын құрал (кілт)

  6. Қазақтың ұлы ақыны (Абай)

  7. Біздің мектептегі бастауыш сыныптың мұғалімнің есімі (Арай)

Самал: ІІІ сайыс «Әнді көрсет» сайысы

Ойынның шарты: Топтағы ойыншының біреуінің құлағына құлақ қап киіп, ән тындап отырады. Ал қалған ойыншы залда ойнатылған әнді мимика арқылы көрсетеді. Отырған ойыншы қай ән екенін табу қажет. Әр дұрыс шешкен әнге 10 ұпай беріледі.

І топ Ерке Есмахан «Қайда?»

А. Жеменей «Астана»

Кеш Ую «Қуыршақтар»

Т.Төрағали «Қазақ қызға үйленем»

ІІ топ Жанар Дуғалова «Айта берсін»

А. Жеменей «Миллион қыздар»

Қ. Нұртас «Ауырмайды жүрек»

Т. Төрағали «Алло»
Зульфия: IV сайыс «Сәйкесін тап» сайысы

Ойынның шарты: Тақтаға бес сурет ілінеді. Ал үстелдің бетінде сандар жатады. Ойыншыларға тақтадағы суретке байланысты 5 сұрақ қойылады. Ал ойыншылар сұраққа сандарды суретке жабыстыру арқылы жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Зульфия

І топ

  1. Қазақ тілінде неше жалғау бар.(4)

  2. Тәуелсіздігімізді алғаш жыл (1991 жылы)

  3. Қай жылы ұлттық валюта теңге айналымына енді (1993 жылы)

  4. Рио де Жанейро олимпиадасында Қазақстан неше күміс медаль алды.(5)

  5. Бәйтеректің биіктігі қанша метр (97)







Самал

ІІ топ

  1. Ми неше бөлімнен тұрады (5)

  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимі қай жылы бекітілді. (2006 жылы)

  3. Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылданған жыл.(1995 жылы)

  4. Рио де Жанейро олимпиадасында Қазақстан неше алтын медаль алды.(3 )

Самал: V сайыс «Суреттер сөйлейді» сайысы

Ойынның шарты : Әр топтан ойыншылар кезек-кезек шығып, мақалдарды сурет салу арқылы түсіндіреді. Дұрыс шешкен мақалға 10 ұпай беріледі.

  1. Оқу инемен құдық қазғандай.

  2. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

  3. Сумен ойнама, батарсың,

Отпен ойнама жанарсың.

  1. Көз қорқақ, қол батыр

  2. Отыз тістен шыққан сөз,отыз елге тарайды.

  3. Бір тал кессең, он тал ек

  4. Батырды намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді.

  5. Доп ойнаған тозар, асық ойнаған озар.



























4

3

5

Shape3

5



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1062
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі