Ой мен ойын 5 сынып сайыс сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ой мен ойын 5 сынып сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс биология пәні бойынша сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

8-9 сынып оқушылары арасындағы "Білгір биолог“ сайысы


Мақсаты:

Биология пәнінен алған білімдерін жинақтай отырып оқушылардың ой - өрісін дамыту. Оқушылардың логикалық ой - өрісін жетілдіре отырып өз ойларын анық айқын жеткізу дағдысын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа, дәлдікке баулу. Қоршаған ортаны қорғауға, тірі тіршілік иелеріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс.
Әдіс - тәсілі: сұрақ – жауап,

Көрнекілігі: слайд, суреттер, микроскоп
Сайыс барысы:
Сайыстың жоспары:
1. Менен сұрақ, Сізден жауап. (әр оқушыға жеке 5 сұрақтан беріледі, тез жауап беру керек)
2. Ең.ең.ең...
3.
Биологиялық полиглот.
4 . Қызықты тәжірибе

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Білгір биолог-2018» сайысына қош келдіңіздер. Сайсымызға 8-9 сынып оқушылары арасынан дарынды оқушылары таңдап алынды. Олай болса жүйріктерісізді таныстырып өтейік:

8 «а» сынып оқушысы –

8 «ә» сынып оқушысы-

9 «а» сынып оқушысы-

9 «ә» сынып оқушысы-

Бүгінгі «Білгір биолог-2018» сайысына төрелік ететін әділ қазылар алқасы мен таныс болайық:


Жүргізуші:

Білімділер болады әркез алда,
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма.

1 кезең:

"Менен – сұрақ, сізден жылдам жауап ” бөліміне кезек келді. Әр оқушы қойылған сұраққа тез, әрі дұрыс жауап беру керек.


1 оқушы:

1.Алмұрт жемісінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар қалай аталады? ( тірек ұлпасы)

2. Жасушадағы энергия беретін органоиды. (митохондрия).

3. Қанның қызыл түйіршіктері. (Эритроцит).

4. Ұлпаларға оттекті тасымалдайтын ақуыз молекуласы. (Гемоглобин).

5. Бүлінген жердің қайта қалпына келу құбылысы? (регенерация).


2 оқушы:

1.Өткізгіш ұлпа неше бөліктен тұрады? (2, ксилема, флоэма)

2. Су асты маржанды жартас қалай аталады? (Риф).

3. 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: (Көнеқұс)
4.
Астың қорытылуын жылдамдататын активті зат (фермент).

5. Қандағы қанттың мөлшерін реттеп отыратын гармон (инсулин).


3 оқушы:

1.Өсімдік бүршігі нешеге бөлінеді? (2 төбе бүршік, қолтық бүршік)

2. Вирус қандай мағына береді (у)

3. Ағзадағы ең үлкен без (бауыр).

4. Электр заряды бар балық (скат).

5. Адам ағзасында ұлпаның қанша түрі бар? 4 (дәнекер, эпителиий, бұлшықет, жүйке)




4 оқушы:

1. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым? (микология)
2.Қырықбуын деп неге аталған? (сабағы өте көп буыннан тұрады)

3. Дәуіттің құлағы қай жерде орналасқан? (алдыңғы аяғында)

4. Ортаңғы құлақтағы үш сүйекті ата (балғашық, төстік, үзеңгі)

5. Жүйке жасушасы қалай аталады? (Нейрон).


2 кезең:

«Ең.ең.ең...» жер бетіндегі ең алып, ең кішкентай, ең деген атауға лайық тіршілік иелерін табу.


1 оқушы

Дүниедегі ең биік ағаш? ( Эвкалипт, 155 метр)

Ең ұзақ жасайтын ағаштар? ( Емен, 2000 жыл, қайың, терек 150 жыл)

Ең алып пингвин (Император пингвині)


2 оқушы

Дүниедегі ең үлкен жеміс? ( Асқабақ)

Әлемдегі ең тез өсетін шөп-Бамбук (күніне 1м өседі)

Судағы ең алып жануар (көк кит)


3 оқушы

Ең ірі адам тектес маймыл ( Горилла)

Әлемдегі ең ұзын жануар ( Керік)

Ең ежелгі жорғалаушы (гаттерия)


4 оқушы

Әлемдегі ең ір құс-Африка түйеқұсы

Әлемдегі ең ауыр жылан-Анаконда (200 кг)

Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)


3 кезең:

«Биологиялық полиглот» оқушылар суреттен және берілген жұмбақты шешіп жауабын үш тілде айту.


1 оқушы


Таппайтын тағат,

Тығулы сағат. (Жүрек, сердце,heart )


Бұл көп жылдық шырынды өсімдік. Одан шарап, тосап және шырын жасайды. Ол өсімдікті ата.

(Жүзім, виноград, grapes )


2оқушы

Гүл ұшып гүлге қонады,

Гүл бақшам гүлге толады. (Көбелек, бабочка, butterfly )


Бұл өсімдікті ұзақ уақыт бойы ботаникалық бақтарда өсірген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті Ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген. Ол қандай өсімдік еді? (Картоп, картоп, potates)

3 оқушы

Жағасы құрақ,

Мөлдiр суат. (Көз, глаза, eyes )


Микроскоптың қай бөлімі қалып кеткен.

Окуляр, бұранда, көру түтігі, обьектив, заттық үстелше, тұтқа, табан, ...(айна, зеркало,mirror)



4 кезең:

«Қызықты тәжірибе» бұл кезеңде оқушыларға микроскоп беріледі және жапырақ, пияз жасушаларынан микропрепараттар дайындап, микроскоппен жұмыс жасау тәртібін көрсетеді. Дұрыс жасалған микропрепарат микроскоптан көрінеді.


Қажетті заттар: пияз, жапырақ, заттық шыны, тамшуыр, қысқыш, микроскоп, иод.


1 оқушы – пияз жасушасы

2 оқушы – жапырақ жасушасы



Жүргізуші:Құрметті оқушылар, осыман сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Ендігі кезекті әділ-қазылар алқасына берейік.

Марапаттау




















































"Білгір биолог “ сайысы

8-9 сыныптар











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2020
1546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі