жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ой мен ойын" 8 сынып
Ой мен ойын бағдарламасы
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс
десе белсене араласатын көрермен қауым!
«Ой
мен ойын »
атты
8
- сыныптар арасында георафия пәнінен
өткізілетін танымдық сайысымызға қош
келіпсіздер!
Ақыл
– тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім
– кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың
оза шауып бара жатса,
Арқаңның
ауруы не қозбайтұғын,-
деп
Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай,
білімдік сайысқа белсене, құлшына
араласатын сайыскерлерімізді таныстырып
өтейін:
1топ- Зерттеушілер
2
топ- Саяхатшылар
Сайыскерлеріміздің
біліміне, шеберлігіне әділ бағасын
беретін әділ - қазылар алқасымен
таныстырып өтетін болсам:
1.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Биядилова Рима Көшербаевна
2.
Жаратылыстану пәндерінің бірлестік
жетекшісі: Оразбаева Қарашаш Узакбаевна
3.
География пәні мұғалімі: Есмаханова
Айсұлу Бекмаханована
Енді
сайысымыздың негізгі бөлімдерімен
таныстырар болсам:
Сайысымыз
6 кезеңнен тұрады:
1
кезең – Сөзсіз түсін
2
кезең – Сәйкестігін тап
3
кезең – Көз жұмбақ
4
кезең – Мақалды тап
5
кезең –Самарқанды су алды
6
кезең – Сенесіз бе, сенбейсіз бе?
«Тапқыр,
білгір, дарынды
Жарыс
бар бүгін арынды
Геогарфия
пәнін сүйсең сен
Ортаға
сал барыңды» -
деп,
сайысқа қатысушы топтарға сәттілік
тілей отырып, сайысымыздың алғашқы
турын бастасақ.
1 кезең. Сөзсіз түсін
Бұл кезеңде топтың бір мүшесі шығып жасырылған сөзді өз командасына ыммен түсіндіруі қажет. Топтың әр мүшесіне 1 минут уақыт беріледі
( 1 топ - ораза, Үндістан, пингвин, асхана, глобус)
( 2 топ – су ағысы, Франция, географиялық карта, сникерс шоколады, аю)
2 кезең. Сәйкестігін тап
Бұл кезеңде әр топқа сөйлемдер және терминдер беріледі. Оларды сәйкестендірулерін керек. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі
1 топ.
Тәулігіне 2 рет бағытын өзгертетін жел (БРИЗ)
40-60 ендіктерде соғатын жел (БАТЫС ЖЕЛДЕР)
Климаттық белдеулерді аудандастырған кім? (Б.П.АЛИСОВ)
Қысымдық минимумды не деп атаймыз? (ЦИКЛОН)
Жар шарыңдағы ең жылы, қуатты ағыс? (ГОЛЬФСТРИМ)
2 топ
Шағылған радиацияны не деп атаймыз? (АЛЬБЕДО)
Ауа райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынды болып келсе, қандай ауа орнайды? (ЦИКЛОН)
Тропиктен экваторға соғатын жел қалай аталады? (ПАССАТ)
Ауа райы тымық, жел соқпаса, жауын-шашын болмаса қандай ауа қалыптасады? (АНТИЦИКЛОН)
Жылына 2 рет бағытын өзгертетін жел қалай аталады? (МУССОН)
3 кезең. Көз жұмбақ
Бұл кезеңде ойыншылардың көзі байланады, көзі байлаулы күйде әріптер таратамыз, сол әріпті қолымен сезіп қойылған сұраққа жауап беруі қажет.
1 топ.
1. Атмосфералық катты күйдегі жауын-шашынның түрі не деп аталады ? (БҰРШАҚ)
2. Қаныш Сәтпаев кім? (ГЕОЛОГ)
3. Ең ыстық климаттық белдеу? (ТРОПИК)
4. Планетамыздың ең төмен нүктесі? (МАРИАН)
5. Қысым көрсеткіші төмен орталық? (ЦИКЛОН)
6. Күннен екінші орналасқан планетаның аты? (Шолпан)
2 топ
1. Жылына бағытын 2 рет жел? (МУССОН)
2. Атмосфераның қайталанатын көпжылдық режимін не деп атаймыз? (КЛИМАТ)
3. Жер шарындағы ең төменгі температура-91,2 белгіленген станция қалай аталады? (ВОСТОК)
4. Қазақстанның оңтүстік-шығыста орналасқан миллионер қала? (АЛМАТЫ)
5. Алғашында планета қатарына жатқызылған, кейін алып жұлдыздар қатарына жатқызылған жұлдыз? (ПЛУТОН)
6. Қырғызстанның астанасы (Бішкек)
4 кезең. Мақалды тап
Бұл кезеңде топтың әр оқушысына бір мақал – мәтел беріледі, сол мақалды өзі көріп топ мүшелеріне сурет салу арқылы түсіндіруі керек. Әр дұрыс жауапқа 1 балдан беріледі.
Зерттеушілер тобы
Көп түкірсе көл болады
Бір тал кессең он тал ек
Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды
Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы
Інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі
Саяхатшылар тобы
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын
Оқу инемен құдық қазғандай
Білекті мыңды жығар, білімді мыңды жығар
Сөз сүйектен өтеді
Судың да сұрауы бар
Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді
5 кезең. Самарқанды су алды
Бұл сайыста топтың барлық мүшелері сыныптан шығады. Кезекпен топ мүшелері сыныпқа кіреді, олар жүргізушінің айтқан сөздерін келесі оқушыға жеткізуі керек. Қай топ ең соңында бастапқы сөйлемді жеткізеді, солш топ жеңіске жетеді.
(мен кеше Өнер қырандарының 8 желтоқсанда Республика сарайында болатын концертіне билет сатып алдым. Дайана мен Дінисламға менімен бірге баратынын әкем айтты. Дайана 120 автобуспен келеді, ал Дінислам 141 автобуспен келетін болды.)
(Орманда 7 саяхатшы жүр. Оның 2 кешке ас дайындап жатыр. Командир ұйықтағанда, ең кенжесі балық аулауға кетті. Ең үлкені ағаш жарып, отын дайындап жатыр. Екеуі күресіп, жаттығу жасап жатыр.
6 кезең. Сенесіз бе, сенбейсіз бе?
Бұл сайыста топтың мүшелеріне жеке-жеке сұрақ қойылады, оқушы сенемін немесе сенбеймін деп жауап беруі керек
Зерттеушілер тобы
1.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе, Каспий дүние
жүзіндегі ең терең көл. (дұрыс емес)
2.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе, біздің мемлекет
жерінің ауданы бойынша 13 орында тұр.
(дұрыс емес)
3.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе, тарнадо
Солтүстік Америкада жиі болады. (дұрыс)
4.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе, картография
география ғылымының саласына кіреді .
(дұрыс)
5.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе, шәйдың отаны
– Қытай болып табылады. (дұрыс)
6.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе, Қазақстанда
22 қорық бар. (дұрыс емес)
Саяхатшылар тобы
1.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе, Арал теңізі
дүние жүзіндегі ең үлкен көл. (дұрыс
емес)
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе, жер
шарындағы ауданы ең үлкен мемлекет-Ресей
Федерациясы. (дұрыс)
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе, Жерорта
теңіз жағалауында цунами сирек болады.
(дұрыс емес)
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе,
топырақтану география ғылымының саласы
болып табылады. (дұрыс)
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе, картоп
пен қызанақтың отаны - Оңтүстік Америка.
(дұрыс)
6. Сенесіз бе, сенбейсіз бе,
Қазақстанда 16 облыс бар. (дұрыс
емес)
Жүргізуші:
Сонымен бүгінгі «Ой мен ойын бағдарламасының»
сайысы өз мәресіне жетті. Әділ-қазылардың
шешімі дайын болғанша, логикалық
сұрақтарды қояйық.
Адам нені бұзғанда қуанады? (рекорд)
Бөлмеде 9 свеча жанып тұр. Егер мен 4 свечаны өшірсем, неше свеча қалады? ( 4 свеча қалады. Себебеі, қалғандары жанып, бітіп қалады)
Енді сөздің кезегін әділ - қазыларға берсек, шешімін мұқият тыңдайық.
Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген