Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ой мен ойын" интелектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

С. Жаңғабылов атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Жугинбаева Қалдыбике Адилчаевна



Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру.

Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, танымдық және ойлау қабілеттерін ұштау. Тез және

дұрыс шешім қабылдауға баулу.

Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру,

Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беру мектебі


















Апталықтың жабылуы



Тақырыбы: «Бастадым білім нәрін бастауыштан»













Іс – шараға жауапты мұғалімдер:

Сайфулла Г

Ермахан Г

Назаркулова Т

















2023 – 2024 оқу жылы





«Бекітемін»

Директордың оқу-тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары:

_________ М.Л.Арыстанбекқызы



Өтетін күні: 12.12. 2023ж

Өтетін уақыты: 14:30

Өтетін жері: 2/5

Іс шараның тақырыбы: «Ой мен Ойын»

Мақсаты: 

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Көрнекі іс-әрекеттік, ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.


Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі:  интерактивті тақта, балдық жүйесі,


Іс – шараның барысы:


Жүргізуші:

Армысыздар жиналған қауым!

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

Нұрын, сырын білуге

Көрегіңде болсын көз –дей, келе «Ой мен ойын» тақырыбындағы сайысымызды

бастаймыз. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 3 топ қатысады: «Ойшылдар», «Алғырлар», «Тапқырлар»



Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

  1. «Таныстыру»

  2. «Бәйге»

3. «Ойлан, есепте»

4. «Білгенге маржан»

5. «Көру жады»


Оқушылардың басты назарларында ұстайтын нәрсе жылдамдық, шапшаңдық, тез ойлап, уақытты ұтымды пайдалану, жауаптары жинақы, нақты болуы керек.





Жүргізуші:

Әділ қазы – ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл дей ,- келе әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Мектебіміздің директоры: Тұрғынбек Нұрбибі Нұрланқызы

Оқу және тәрбие ісінің меңгерушісі: Мажитбекова Ләззат Арыстанбекқызы


Жүргізуші: 1 – ші сайыс «Таныстыру»

Ендеше сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық:

1 - топ «Ойшылдар»

Ұраны: «Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы»

Ұраны: «Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы»

Ұраны: «Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы»

Ұраны: «Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы»

2 – топ «Алғырлар»

Ұраны: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп»

Ұраны: «Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні қаріп»

3 – топ «Тапқырлар»

Ұраны: «Ақыл азбайды, білім тозбайды»


Ұраны: «Ақыл азбайды, білім тозбайды»

Жүргізуші:

Қайсысы білгір, білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам

Таланттарын табайық. – дей келе «Бәйге» сұрақтарына береміз


1 - топ «Ойшылдар» тобы


1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42 әріп)

2. Бір аптада неше күн бар? (7 күн)

3. Жыл мезгілдерін ата (жаз, қыс, күз, көктем)

4. Сөйлем неден құралады? (сөздерден)

5. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні .... (өзгермейді)

6. Көру мүшесін ата (көз)

7. Сұраулы сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

8. Мәтіннің қандай түрлері болады? (әңгімелеу,сипаттау, пайымдау)

9. 1 жылда неше күн? (365 күн)

10. Дауыссыз дыбыс түрлерін ата (қатаң, үнді. ұяң)









2 – топ «Алғырлар» тобы

1. Лепті сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады? (Леп белгісі)

2. 1 тоннада неше центнер? (10 центнер)

3. Білім күні қашан тойланады? (1 - қыркүйек)

4. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата (б, в, г, ғ, д, ж, з)

5. Екі таңбалы санды ата (10)

6. Жуан дауысты дыбыстарды ата (а, о, ұ, ы, у)

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру.

Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, танымдық және ойлау қабілеттерін ұштау. Тез және

дұрыс шешім қабылдауға баулу.

Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру,

7. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)

8. «Ғ» - әрпі сөздің соңында жазыла ма? (жазылмайды)

9. «И» - қандай дыбыс? (дауысты)

10. Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, олар жазылама? (жазылмайды)

  1. топ «Тапқырлар» тобы

1. Бір дециметр нешеде неше сантиметр бар? (10см)

2. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)

4. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не?)

5. Лепті сөйлем қалай айтылады? (көтеріңкі дауыспен) 

6. Хабарлы сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

7. Сөйлем  дегеніміз  не? (аяқталған ойды білдіреді)

8. Онсыз тамақтың дәмі жоқ? (тұз)

9. Ең үлкен бір таңбалы санды  ата (9)

10. Жіңішке  дауысты  дыбыстарды  ата (ә, і, ө, ү, е)

Жүргізуші: 3 - ші айналым «Ойлан, есепте»

Шарты: Әр топқа 3 есептен беріледі, 1 есеп – 10 ұпайдан беріледі

1 – ші топ «Ойшылдар» тобына берілген есептер

1. Талдай отырып есептеңіз

(100 – 25) – 35 = 40 IX + III = XII 100 – 17 =83

(96 – 35) - 48 = 13 (25 + 39) – 19 = 45 XII – VII = V

(90 – 15) – 28 = 47 24 + 49 = 73 37 + ( 26 – 14) = 49

VII + IV = XI 69 – ( 34 + 18) = 17

(70 - 20) – (15 + 25)= 50

  1. Есептің қысқаша шартын құрыңыз және шығарыңыз

Стадиондағы жүгіру жолының ұзындығы 91 м, ал спортзалдағы – 62 м. Спортзалға қарағанда стадиондағы жүгіру жолы қанша ұзын?


Шарты:

СShape2 Shape1

? м ұзын

тадион – 91 м

Спортзал – 62 м

Шешуі: 91 – 62 = 29

Жауабы: Спортзалға қарағанда стадиондағы жүгіру жолы 29 метрге ұзын.


3. Теңдеулерді шеш

28 – х = 13 18 + х = 45 х – 35 = 27

Жауаптары: 1) 15; 2) 27; 3) 8



2- ші топ «Алғырлар» тобына берілген есептер

  1. Талдай отырып есептеңіз

XII – VIII = IV (25 + 46) – 8 = 63 100 – 69 = 31

(78 + 9) - 53 = 34 (47 – 38) + 43 = 52 IV + V = IX

IX – VI = III 73 + ( 7 + 30 ) = 110 72 – (27 + 38) = 7

53 – 44 = 9 (18 + 18) + 56 = 92

( 100 – 34) + 28 = 94

2.Есептің қысқаша шартын құрыңыз және шығарыңыз

Дүкенге 53 кітап әкелінді. Олардың бірнешеуі сөреге қойылды, ал қорапта 45 кітап қалды. Сөреге неше кітап қойылды?

Шарты:

Әкелінді – 53 кг

Қалды - 45 кг

Қойылды - ?

Шешуі: 53 – 45 = 8

  1. Тендеулерді шеш.



х – 13 =38 52 – х = 28 25 + х = 63

Жауаптары: 1) 51; 2) 24; 3) 38

3- ші топ «Тапқырлар » тобына берілген есептер

1. Талдай отырып есептеңіз

(88 + 12) – 42 = 58 IX + III = XII XII - VI = VI

95 – (34 + 18) = 43 VIII – V = III 100 – 28 = 72

(34 + 66) - 16 = 84 (81 – 9) – ( 17 + 24) = 31

(65 – 7) - 9= 49 36 + (13 + 54) = 103

  1. - 17 = 55 (24 + 35) + 33 = 92


  1. Есептің қысқаша шартын құрыңыз және шығарыңыз

Мектебіміздің бірінші сыныптарында 29 ұл және 25 қыз бар. Бірінші сыныптарда барлығы неше оқушы бар?

Шарты:

Ұл – 29

Қыз – 25

Барлығы неше оқушы бар ?

Шешуі: 29 + 25 =54Тендеулерді шеш.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2024
478
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12