400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"ОЙ МЕН ОЙЫН" сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: __________

Күні: 19.02.2019

Тақырыбы: «Ой мен ойын»

Мақсаты: Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу.Әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сайыс барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

 Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа деп осы сайысқа келіп тұрған сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. (сайыскерлер ортаға шығады және өз топтарын таныстырады).
Сайыстың шарттарымен таныс болайық.Сайысымыз 6 айналымнан тұрады.
1-кезең: «Көп сөйлеме»
2-кезең : «Естіп қойма!»
3-кезең:  «Сөзжұмбақ» 4-кезең:  «Хронология».
Сайыс шартымен таныс болсақ, енді әділ –қазылар алқасымен танысайық.

1-кезең: «Көп сөйлеме». Әрбір оқушыға берілген сөздерді 1 минут ішінде топ мүшелеріне іс – қимылымен түсіндіруі тиіс.     Ұпай саны-10.

1 топ: монитор, тышқан, компьютер, принтер, сканер, меңзер, диск, себет, қарандаш, копировать, ұялы телефон.

2 топ: перне тақта, робот, жүйелік блок, калкулятор, терезе, флешка, сызғыш, интернет, фигура, лабиринт, электронды күнделік.

2-кезең : «Естіп қойма!». Топ басшылар сайысы.Топ басшының құлағы жабулы тұрады.Қолын артына ұстап тұрады.  Ал қалған  қатысушылар берілген сөздерді кезекпен-кезек шығып, топ басшысының алдына келіп ерінінің ұшымен айтады, қай топ бірінші айтады соған ұпай қосылады. Ұпай  саны-10. Ортақ 4 минут уақыт.

1. Онлайн  2.Презентация    3. Электрондық пошта  4.Google  5.Интернет  6.Модем 7.Инстаграмм 8. Флешка 9. Әлеуметтік желі  10.Құлаққап 11. Фотошоп 12.Байт    13.Диск   14.Адаптер  15. ЭЕМ 16. Пернетақта 17. Шрифт 18. Ақпарат 19. Монитор 20. Модельдеу 21. Сканер 22. Enter 23. Принтер 24. CapsLock 25. Тышқан

3-кезең:  «Сөзжұмбақ» сұрақ қойылады,оның жауабы 4 әріптен тұрады, көздеріңіз байлаулы тұрады, әріптер таратылады жауапты дұрыс орналастыру керек. Әр топқа 2 минут беріледі. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай.

1 топ:

  1. Іске қосу батырмасы. Пуск

  2. Аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл

  3. Деректерді сақтауға арналған құрылғы. Жады

  4. Есептеуіш техникада – жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын магниттік қабыршақпен қапталған дөңгелек пластина түріндегі дерек жинақтауыш құрылғы. Диск

  5. алгоритмнің немесе программаның бірнеше рет орындалатын бөлігі; Цикл



2 топ:

  1. Компьютерден және компьютерге дерек беретін құрылғыларды жалғауға арналған ағытпа. Порт.

  2. Ақпараттың өлшем бірлігі. Байт.

  3. Берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі. Меню

  4.  Бұл аты аталған файлдар тобы, Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Бума

  5. Шығыстағы ескі көне есептеуіш құрылғы. Абак

4-кезең:  «Хронология». Сурет пен санның сәйкестігін табу. Екі топқа екі магнитті тақтаға  суреттер мен сандар беріледі, соларды сәйкестендіру керек.  Ұпай саны- 30. 2 минут.

Алғаш пайда болған процессорр. 1993 жылы Pentium процессоры пайда болды.

Жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасы. 1642 жылы Блез Паскаль он тоғыз жасында бірінші рет қосу машинасы деп атап, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.

Компьютер буындарын байланыстырыңызю неше буыннан тұрады?

Бүкіләлемдік интернет пайда болған жыл? 1991

1998 жылы Аустралияның CSIRО лабораториялық радостанциясында құрастырылды. Ең алғашы Hi-Fi ойының негізінде пайда болған.

WiFi 1998 жылы Аустралияның CSIRО лабораториялық радостанциясында құрастырылды.

1998 жылы құрылған браузер. Google

алғаш рет 9 қаңтар 2007 жылы MacWorldExpo конференциясында көпшілікке таныстырылды. 29 маусым 2007 жылы саудаға түсіп, АҚШ-тағы смартфондар саудасының едәуір бөлігін жаулап алды.

iPhone 2007

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартаты

Сайыскерлерді мараппаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
20.02.2019
1938
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі