400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

"Ой мен ойын" танымдық сайыс сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс танымдық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:

Тобы:

Тақырыбы: «Ой мен ойын» танымдық сайыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: суреттер, портреттер.


Сабақтың барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі:


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! «Ой зерек» үйірме мүшелері арасында өткелі отырған «Ой мен ойын» танымдық сайысына қош келдіңіздер!


Сайыстың шарттарымен таныс болайық. Сайысымыз 5 айналымнан тұрады.


І. «Бетпе -бет» (Топ басшылар сайысы берілген сұрақтарға тез жауап беру)


ІІ. «Көп сөйлеме» (Тақырыпқа байланысты сөздер беріледі сол сөзді топ мүшелеріне ыммен түсіндіруі тиіс те, топ мүшелері табуы тиіс)


ІІІ. «Суреттер сөйлейді» (Мақал–мәтелдер беріледі соны ым арқылы топ мүшелері табу керек)


IV. «Хронология» (түрлі - түсті фигуралардың сәйкестігін табу керек)


V. «Сөзжұмбақ» (Тәуелсіздік туралы сөзжұмбақты шешу)


Олай болса сайысымызды бастаймыз.


1-ші топтар өздерін таныстырып өтуін сұраймын


(Топ аты, ұраны, мүшелерінің есімдері)


І. «Бетпе -бет» Топ басшыларын ортаға шақырайық. Біреуі қалып, қалған екеуі сыртқа шыға тұрады.


1. Қазақтын үш биін ата? ( Әйтеке, Қазыбек, Төле)

2. Ертегінің түрлері қандай? (Шыншыл ертегі, қиял-ғажайып ертегі, жануарлар туралы ерт)

3. Жігіттің неше жұрты бар? (3: өзжұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

4. Қазақша жыл басы қай жануар? (тышқан)

5. ҚР Туының авторы? суретші - (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков)

6. ҚР Елтаңбасы авторы? (сәулетшілер - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов)

7. ҚР Әнұран авторлары кімдер? (ақын - Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, сазгер -Ш.Қалдаяқов)


ІІ. «Көп сөйлеме»


Мектеп (мұғалім, парта, үзіліс, бор)

Отан (Ту, теңге, дала, орман)

Үй ( дастарқан, теледидар, пеш, мысық)

Салт-дәстүр (бесікке салар, беташар, тілашар, тұсаукесер)


ІІІ. «Суреттер сөйлейді» (Мақал –мәтелдер беріледі соны тақтаға сурет салу арқылы топ мүшелері табу керек)


1. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

2. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

3. Біреуге ор қазба өзің түсерсің.

4. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

5. Алтын-күміс тас екен, Арпа-бидай ас екен..

6. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.



IV. «Хронология» Тақтаға сандар суреттер ілінеді сәйкестендіреміз


І топ

ҚР Конституция күні қашан? (30-тамыз)

Балқаш қаласының қанша жылдық мерейтойы тойланды? (80)

Абайдың қарасөздері қанша? (45)

Неміс фашистерімен болған соғыста КСРО қай жылы жеңіске жетті?? (1945)

Президент күні қай күн? (1-желтоқсан)

Қазақ телевидениесі алғаш жұмысын қай жылы бастады? (1958)

Астана қаласы неше жасқа толды? (20)

ҚР тәуелсіздікке қай жылы қол жеткізді? (1991)Қасыретті Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986)

Ұлттық валютамыз қай жылы енгізілді? (1993ж 15-қараша)

Наурыз көжеге қосылатын тағам саны? (7)

Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды? (1941)


V. «Сөзжұмбақ»


І топ

Туған жер, алтын мекенің,Кіндік кескен жерің ол? (Саяқ)

Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Қысқы Олимпиада Қазақстанның жалғыз қол жеткізген медалі? (қола)

Қазақстандағы экологиясы нашарлап барып, қайта жаңғырудағы көл? (Арал теңізі)

Қарлы мұзда ат тұяғын сақтайды, ол не? (таға)


ІІ топ

Жаңбырменен жер көгерер, Неменен ер көгерер? (Бата)

Атқа жегіп көлік еткен қазағым, ол не? (арба)

Сулы жер, нулы жерді жағалай өседі ол? (қоға)

----- - сенің ата-анаң, ---- -сенің бауырың. Ол? (Отан)


Әр топтың ұпай сандарымен таныс болайық. Қол соғып қошемет білдірейік!

Қонақтар, сіздерге көп рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11.12.2024
246
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі