400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Ой мен ойын" танымдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс бастауыш сыныптар үшін жасалған. Өте көңілді ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ой мен ойын»

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттырып, білімге, өнерге баулу

Барысы: Құрметті  ұстаздар  мен оқушылар бүгінгі «Ой мен ойын » танымдық сайысымызға  қош келдіңіздер! Бұл сайыста алғырлар білімділер  күш сынаспақ.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, курстас,танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа - деп осы сайысқа келіп тұрған сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1 топ: Бес саусақ

2 топ: Жұлдыздар

Сайыстың шарттарымен таныс болайық.Сайысымыз 8 айналымнан тұрады.

  1. Біз жайында (Таныстыру)

  2. Кім жылдам?

  3. Мақал сөз атасы

  4. Ол кім бұл не?

  5. Ән көңілдің ажары

  6. Әрі нұсқа, әрі қысқа

  7. Сиқырлы әріптер

  8. Қортынды.

Мықты болсаң  алдағыны басып оз,
Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда.
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт,
Мықты болсаң көктеп өт – деп алғашқы турымыз Біз жайында.

Әр топ өздерін таныстырады.

II тур: Кім жылдам? Шарты: Ері топқа бірдей 20 сұрақ қойылады. Қай топ бірінші жауап береді сол топқа ұпай саны қосылады. Дұрыс жауапқа 10 балл қойылады.

  1. Кел, балалар оқылық ! өлеңінің авторы кім?-Ы.Алтынсарин

  2. Жылдың төрт мезгіліне өлең арнаған ақын- А.Құнанбаев

  3. Жылдан құр қалған қай жануар?-түйе

  4. Байты байлық ол не?-денсаулық

  5. Абайдың әжесінің аты кім?- Зере

  6. Түн ұйқысын төрт бөлген кім?-ана

  7. Орман дәрігері-тоқылдақ

  8. Жырды орындаушыны қалай атайды?- \жыршы

  9. Сөйлем неден құралады?-сөздерден

  10. Март айының қазақша атауы қалай?-наурыз

  11. 4*5 тең болады қаншаға?-8

  12. Әліппенің атасы кім? – А.Байтұрсынов

  13. Аңшының құсы-бүркіт

  14. Сөйлемнің неше түрі бар?-3 түрі.Хабарлы,лепті,сұраулы

  15. 25+40 тең болады қаншаға?-60

  16. Зат есімнің сұрақтары?- кім?не?кімдер?нелер?

  17. Етістік нешеге бөлінеді?-2ге негізгі және туынды

  18. Әр адамның шағын отаны-отбасы

  19. Кіші жүздің биі-Әйтеке би

  20. Әнді орындаушыны қалай атайды?-әнші

Бәрекелді ендігі кезекте 3 тур «Мақал сөз атасы». Шарты: Қойылған сұрақтарға мақалмен жауап береді. Мысалы: Жыланды інінен қалай шығарады? Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады деген сияқы жауап бересіздер. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Ал не тұрыс бастайық.

Жұлдыздарға:

  1. Қар жанама?- Қалауын тапса қар жанар

  2. Инемен құдық қазуға болама?- Оқу – инемен құдық қазғандай

  3. Аппақ қарға болама?- Қарға баласын аппағым дейді

  4. Мектептен кеме, білімнен теңіз жасауға болама?- мектеп кеме,білім теңіз

  5. Елу құлағы бар кім?- Ел құлағы елу

  6. Тауық түс көреме?- тауық түсінде тары көреді

  7. Білетінің қанша, білмейтінің қанша?-Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз

  8. Оттан ыстық не бар?-Отан оттанда ыстық

  9. Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелер қайсы?- Көз қорқақ, қол батыр

  10. Тастың жеңілі болама?-Керек тастың ауырлығы жоқ

Бес саусаққа:

  1. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?-Шашу оңай жинау қиын

  2. Балға тең тәтті не бар?- Ананың сүті бал, баланың тілі бал

  3. Отқа түсіп күймеуге болама?-Отан үшін отқа түс күймейсің

  4. Қарныңды қалай тойғызар едің?- Еңбек етсең ерінбей,Тойады қарның тіленбей.

  5. Өрге шыға алмайтын қандай сөз?- Өтірік өрге баспас

  6. Ақыл мен қынаның мекен-жайы?-Ақыл басқа бітеді, қына тасқа бітеді

  7. Білікті мен білімді нені жығады?-Білікті бірді жығады, Білімді мыңды жығады

  8. Болат пен батыр қайда шынығады?-Болат қайнауда шынығады,Батыр майданда шынығады.

  9. Нелерді атып,сатуға болмайды?-Аққуды атпа, досыңды сатпа

  10. Отбасынан не басталады?-Отан отбасынан басталады.

Келесі кезекте 4 айналым Ол кім?Бұл не? Тақтаға сурет беріледі соны кім екенін не не екенін табу керек. Дұрыс ұпайға20 балл

Жұлдыздарға: Бес саусаққа:

Ахмет Байтұрсынұлы Міржақып Дулатов

Денис Тен Генадии Галовкин

Димаш Құдайбергенов Н.Ә.Назарбаев

Қажымұқан Мұңайтпасұлы Бауыржан Момышұлы

Илия Ильин Бекзат Саттарханов

Қайрат Нұртас Төреғали Төреәлі

Принтер Ноутбук

Сотка наушник

Гироскутер Самокат

Тінтуір айқұлақ

5 айналым «Ән көңілдің ажары». Шарты: Әр топтан 2 оқушы шығады. Біреуі құлаққап киеді келесі бала сөз айтады, соны құлаққап киген оқушы табу керек. Дұрыс жауапқа 10 балл.

Жұлдыздарға: Домбыра, сабын, музыка, кітап, той, бызау, қарбыз, лимон, телефон, үй.

Бессаусаққа: көбелек, бауырсақ, аю, қоңыз, қой, орындық, алмұрт, жаңбыр, теледидар, ит.

6 айналым: «Өзі қысқа, әрі нұсқа» Шарты: Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мейлінше қысқаша айту керек. Дұрыс жауапқа 10 балл.

Жұлдыздарға:

  1. Төбе шашы тік тұрды-қорықты

  2. Қолды ьолды-ұрланды

  3. Қоян жүрек-қорқақ

  4. Көзге түртсе көргісіз-қараңғы

  5. Ат құйрығын кесісті- араздасты

  6. Кұлін көкке ұшыру- құрту

  7. Көз шырымын алу-ұйықтау

  8. Беті бүлк етпеді- ұялмады

  9. Ат ізін салмады- іздеп келмеді

  10. Тісіңнен шығармау- айтпау

Бес саусаққа:

  1. Көз ұшында көөрінеді- алыста

  2. Жүрек жұтқан-батыр

  3. Көзі ілінбеді-ұйықтамады

  4. Бетінен оты шықты- ұялды

  5. Араларынан қыл өтпеді- достар

  6. Жүрек жалғап алды- тамақтанды

  7. Көзді ашып – хұмғанша- лезде,тез

  8. Ит терісін басна қаптау- ұрысты

  9. Су тегін-арзан

  10. Ешкімнен ештеңесін аямады- жамарт.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
3817
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі