400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ой толғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз білім беруді жаңғыртуды одан əрі жалғастыруға тиіспіз. Мектеп ұстаздарын ынталандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Ой толғау

Shape2

«Мен өз шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын»

Альберт Эйнштейн













Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында былай деген:



«Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізінде айналуы тиіс».

Міне, осы себептерге байланысты оқу процесінің негізінде мектептерде өзгеріс қажет. Алғаш ІІ (негізгі) деңгейлік курстан өтіп келіп өзгеру көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылатынын сездім. Басқаша сөзбен айтқанда, бүгінгі күні білім беру жүйесінде бұл өзгертуді тіпті былайша төтесінен қоюға болады: Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынаспен жүзеге асырылады.

№142 жалпы орта мектебінің директоры Құрбанәліқызы Элмира Каратаеваның көшбасшылығымен аталған мектеп ұжымы жаңартылған білім мазмұнын тәжірибеге енгізу аясында бірлескен іс-әрекеттер арқылы мақсатты нәтижелерге қол жеткізудеміз. Мектепте 48 мұғалім, олардан 3-еуі ІІ (негізгі), 5-еуі ІІІ деңгейлік курс оқып сертификатталған.Екі әріптесіміз I деңгейді ендігі аяқтап, тест нәтижесін күтуде.

Аудандық білім бөлімінің бірлескен іс-әрекеттер ұйымдастыруға арналған нұсқаулық аясында мектептің жоспарлы педкеңесінде І,II тоқсанға қысқа мерзімді даму жоспары талқыланып бекітілді. Жоспарға сәйкес мектептің оқу-тәрбие үрдісінде кедергілерді анықтап, оның үстінде жұмыс атқару үшін бірлескен жұмыс топтары құрылды. Жұмыс топтары бірлесе отырып, өздерінің І-II тоқсандық қысқа мерзімді жоспарларын құрды. Кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында зерттеу сабақтарын, семинар кеңестер, тренингтер мен коучингтерді ұйымдастыруды жоспарлап шықты.

Мектебімізге «Бірлескен жоспарды» қолданысқа енгізу басты мәселе болды. №142 жалпы орта мектебінің шығармашылық топ және бөлінген кәсіби қоғамдастық топ мүшелері зерттеу сабақтарды талдау барысында оқушыларды бірлесе жұмыс істету аясында еркін сөйлеуіне, құнды ойлар ұсынуға бейім болуына және сын тұрғысынан ойлаудың маңызын көрсететін әдіс-тәсілдерге ерекше назар аудартып, оқушылардың өзара әрекеттестік барысындағы белсенділігін арттыруда бірлескен топтық жұмыстың маңыздылығын сезінуде. Мектебімізде даму жоспарындағы басымдықтар дер кезінде қолға алынып, өз деңгейінде орындалуда. Нәтижесінде даму жоспары жүйелі орындалуда, ұжымда жағымды да тартысты жұмыс ортасы қалыптасуда. Бұлай деуіме негіз бар: жоспар бойынша «Үздік тәлімгер», «Үздік тәрбие тәлімгері», «Үздік шебер сабақ» сайыстарында мұғалімдердің ізденулері, шығармашылдықтары мені қуантты. «Үздік тәлімгер» сайысында 7 топ арасынан 1-орынды 2-А сынып жетекшісі-Ниязова Айжамал алып, 4-орталық ресурстан жүлделі 3-орынды, «Үздік тәрбие тәлімгері» -нің жеңімпазы тарих пәні мұғалімі-Хайназарова Әйгерім ауданға барып 1-орын алуы мектебіміз үшін жеңіс болды.

Рисунок 7 Рисунок 4

Желілік қоғамдастықта үздіксіз іс-тәжірибе алмасу мақсатында

9 мектептен мобильдік топтар құрылды. Мобильдік топтың нысаналы пәнді дамытудағы атқарған жұмыстарының тоқсан басындағы және тоқсан соңындағы білім сапасы анықталды. Осы жұмыстардың нәтижесінде мектебімізде нысанаға алынған пәндер бойынша біршама өзгерістер байқалды.

Мектебімізде мақсатты тәжірибе алмасуда бастауыш, тарих, орыс тілінен нысаналы пәнді дамытудағы зерттеу сабақтарында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану нәтижесінде эссе жазуды, табыс критерийлерімен критериалды бағалауды нәтижелі қолдану жолға қойылды.

Сонымен қатар, аудандық математика пәнінен іріктеу олимпиадасынан 11 «А» сынып оқушысы Балабекова Малика ІІІ орын жүлдегері атанды. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Нәлтаева Нұржамал.

Объект 3 Рисунок 4

Өз пәнін дамытудағы жаңашылдықта мектебімізде «Үздік әдіс-тәсіл» сайысында бастауыштан оқу саласы бойынша Мельдебекова, тәрбиеден Онгласинова апайларымыз анықталып, №4 ресурстық орталықтағы семинарда үздік сабақтар өткізіп марапатталды.

Рисунок 9 Рисунок 10 Мұғалімдер өз тәжірибелерін бөлісу мақсатында мақалалары газеттерде жариялануда.

Объект 3 Shape4 Shape3 Рисунок 10 Picture 1 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Picture 2

Тәрбие тәлімгерлерінің бірлескен жұмыстарында ата-аналар арасында «Өнерлі ата-аналар» сайысы, көптеген трениг, жиналыс, сұхбаттар өткізілді. Ата-аналардың да мектепке деген көзқарасы өзгере бастады.

Қорытындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді іс-әрекетке дағдыланған, білімін өмірде қолдана алатын, өзін-өзі, өзге оқушыларды бағалауға қабілетті, көшбасшылық дағдысы қалыптасқан,мәңгілік ел құндылықтарымен сусындаған тұлға тәрбиеленуде. Заман талабына сай білімді де білікті, қайсар, алғыр оқушыларды тәрбиелей аламыз деп сенімді серпіліспен айтамын.

№142 жалпы орта мектебінің модераторы,мектеп тренері, ІІ (негізгі) деңгейлік курсынан сертификатталған,бастауыш сынып мұғалімі: Абуова Роза Сартайқызы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі