Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойды ой қозғайды»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ойды ой қозғайды»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету тақырыбына арналған коучинг жоспары

Коучинг тақырыбы

«Ойды ой қозғайды» сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Мерзімі


Жалпы

мақсаты

Сын тұрғысынан ойлау ұғымының мәнін ашу, «Сын тұрғы-сынан ойлау – педагогикалық түсінік» пен «Сын тұрғысынан ойлау»бағдарламасы ұғымдары арасындағы айырмашылықты ажырату. Ойлау дағдыларын дамытуда өз тәжірибесінде қалай қолдануға болатындығы туралы тұжырым (не қорытынды)

жасау.

Оқу нәтижесі

Сабақ соңында мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс- тәсіл екенін біледі.

Түйінді идея:

 «Ой салу ұстаз тарапынан, ойлану оқушы тарапынан, ойланту ұстаз тарапынан, шешімге келу оқушы тарапынан» Қ.Бітібаева

Ресурстар:

компьютер, проектор,  оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар,   А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер, әртүрлі конфеттер, түрлі-түсті суреттер

Коучингтің жүргізілу барысы

Коучинг кезендері

Уақыт

Коуч пен коучингіге қатысушылардың іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

2 мин

Сәлемдесу, психологиялық дайындық

Топқа бөлу

5 мин

«Шашу» әдісі арқылы топқа бөлу (3-4 түрлі конфеттер)



1 тапсырма

(ой шақыру)





5 мин

Коуч іс-әрекеті

Тындаушы

іс-әрекеті

«Миға шабуыл» әдісі

а)Үйде бір қыз отыр,егер қыз тұрып кеткен жағдайда, сыз оның орнына отыра алмайсыз. Қыз қай жерде отыр?
б)Кенгуру жолбарыстан неге қорықпайды?
в)Сөмкенің ішінде 5 алма бар. 5 бала алмаларды тең бөліп алды. Бірақ сөмкеде бір алма қалды. Не үшін?
г)Ең кішкентай доп спорт ойындарының қай түрінде кездеседі?

Мақсаты: Логикалық тапсырмалар арқылы сыни ойлауға үйрету.

Нәтиже: Логикалық сұрақтарға ойланып жауап береді, дәлелдейді.

Тапсырмаға нұсқау: Берілген логикалық сұрақтарға ойланып жауап беріңіздер, жауаптарыңыз-ды дәлелдеңіздер

ҚБ: «Басбармақ» әдісі

Берілген сұрақтарға ойланып жауап береді.


2 тапсырма


10мин

«Венн диаграммасы» әдісі «Қарапайым ойлау» мен «Сыни ойлау» сипаттамасын беру.

Мақсаты: Берілген ресурстар арқылы «Қарапайым ойлау» мен «Сыни ойлауды» салыстыру.

Ойлаудың тиімді түрін анықтау.

Нәтиже: Ойлаудың түрлерін салыстырады, тиімді түрін анықтайды.

Тапсырмаға нұсқау: «Қарапайым ойлау» мен «Сыни ойлау» сипаттамасын беру үшін берілген ресурсты пайдалана отырып «Венн диаграммасын» толтырыңыздар

ҚБ: Ауызша сұрақ-жауап әдісі

Кесте толтырады. Ойларын ортаға салады.

3 тапсырма

 (мағынаны ашу)






10 мин

Танысытырылым бойынша жұмыс: «Сын тұрғысынан ойлау – педагогикалық түсінік» пен «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы ұғымдары арасындағы айырмашы-лықты ажырату

Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік беру.

Сын тұрғысынан ойлау мен «СТО»бағдарламасы ұғымдарын ажырату

Нәтиже: Сын тұрғысынан ойлау туралы түсініктері қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау мен «СТО» бағдарламасы ұғымдарын ажыратады.

Тыңдайды, талдайды, салыстырады


Сергіту сәті

2 мин

 «Аю, аңшы, қыз» атты сергіту сәті

4 тапсырма

(ой толғаныс)







25 мин







«Боз орамал» атты роликтен үзінді көрсету, қалай аяқталатынына болжам жасату

1-топ «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша оз ойларын қорытындылайды.

2- топ «Фишбоун» әдісі бойынша тұжырым жасайды.

3-топ Эссе жазу

4-топ «Позиция таңдау» әдісі

«Иә», «Жоқ», «Мүмкін» деген позициялар бойынша өз ұстанымдарын дәлелдейді

Мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы болжам жасауға, оны тұжырымдай отырып, дәлелдеуге мүмкіншілік жасау

Нәтиже: Сыни тұрғыдан ойла отырып, болжам жасайды, оны тұжырымдап, дәлелдейді.

Тапсырмаға нұсқау: Бейнежазба немен аяқталатынына болжам жасаңыздар, тұжырымдарыңызды дәлелді пікірмен қорғаңыздар.

ҚБ: «Екі жұлдыз бір тілек»әдісі

 Әр қалпақтың рөліне кіре отырып, өз позицияларын қорғау





Басы-тақырып

Үстіңгі сүйектер-себептер

Астыңғы сүйектері-дәлелдер

Құйрық –тұжырым




Рефлексия


5мин

«Шығу парағы» әдісі

1. Сізге коучинг ұнады ма?

2.Сіз осы коучинг туралы басқалармен пікір бөлісесіз бе?

3.Сын тұрғысынан ойлау деген не?

4.Алдағы уақытта сабаққа сын тұрғысынан ойлау модулін қай әдіс-тәсілдер арқылы қалай енгіземін деп ойлайсыз?

Әр топтан 1адам шығу парағын оқиды






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
727
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11