15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір 5 сыныптар үшін сабақ жоспары
Мектеп: |
№ 124 ЖОМ |
Күні:03.04.2019ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Махаметова Диёра Шукратовна |
Сынып: 5-«Б», «Г» |
Сабақ 27
|
Бөлім атауы |
Адамзаттың рухани тәжірибесі |
Сабақтың тақырыбы |
Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір |
Сабақтың мақсаттары |
оқушыларға ойдың , сөздің және істің бірлігінде өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін аш |
Сабақтың міндеттері |
Білімділік: оқушыларға ойдың, сөздің, істің бірлігінде өмір сүрудің маңыздылығын шынайылық қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық:оқушыларды өздерінің ойларын, сөздері мен істерін қадағалауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу. Тәрбиелік: оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу |
Құндылықтарды дарыту |
Сүйіспеншілік. |
Пәнаралық байланыс |
Музыка, әдебиет, ана тілі. |
Жоспарланат ын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
Сабақтың басы.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Тыныштық сәтi. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Оқушыларды топқа бөлу Дәйек сөз.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жҥрек.Абай Құнанбаев Сұрақтар: 1. Адамның жақсы қасиеттеріне нелер кіреді? 2. Дәйексөзден қандай ойтүйдіңіз? Әңгiмелеу (сұхбат Қанатты барыс туралы аңызСонау көне заманымыздан бері келе жатқан ұлы даламыздың құпиясы мол тарихынан сыр шертер аңыз әңгімелер көп-ақ,солардың бірі «Қанатты барыс туралы аңыз».Түн болатын, ел-жұрт жым-жырт ұйқыда жатты.Бірде хан сарайын күзетіп тұрған сақшының құлағы бір дыбысты естиді, бұл тегін дауыс емес, жан-жағына қарайды, бірақ ешкім көрінбейді.Кенеттен дүркіреген дауыс шапшаңдай түсіп, жау әскері хан сарайын қоршап алады.Ханның қолбасшысы жедел түрде ханға жау шапқанын естіртеді, сонда хан қолбасшыға қарап: - Сезіп тұрмын Сардар, енді бәріде кеш, жалғыз ұлым саған аманат, тұяғымды құтқар,ер жетіп батыр жігіт болсын, -деп баласының мойнына қанатты барыстың суреті бейнеленген тұмарды іліп, жанына ханның серігі болған сұңқарын қосып жедел аттандырады.Осылайша хан баласын алып бара жатқан қолбасшының алдынан жау әскерлері шығып қалады.Ешбір амалы қалмаған қолбасшы өзенге секіруге мәжбүр болады, мұны көрген жау әскерлері: -Бұл өзеннен ешкім тірі шықпаған, кеттік, - деп, қайтып кетеді.Алайда олар тірі қалады. Арада бірнеше жыл өтеді. Хан баласының ес білер шағы. Ол өзінің мойнындағы тұмарына қарап, жанындағы Сардар ағасынан сұрайды: Аға менің мына барыс таңбалы бойтұмарым жайлы айтып беріңізші дейді?Сонда Сардар қолбасшы:-Еее, балам, сенің жетінші атаң Бөріхан жүрек жұтқан батыр әрі аңшы болған.Күндердің бір күнінде Бөріхан осы Жабағалы тауының басында арқар аулап жүріп барыстың үңгіріне тап болады,балаларына жем іздеген барыстың жоқтығын білген бе, алпыс құлашаждаһажыланбарыстыңбалаларына қиянат жасамақшы болғанда, Бөріхан алмас қылышпен аждаһа жыланның жолына тосқауыл болған,сол кезде келіп үлгерген қанатты барысты көрген батырда таң қалып қарап қалады,балаларын құтқарып қалған батырға барыс тіл қатады:-Ей адамзат, мен енді саған өмір бақи қарыздармын,осы жылан менің балаларымды жылда жалмап кетуші еді, ұрпағымды сен аман алып қалдың, менде сенің жетінші ұрпағыңа дейін қызметіңе әзірмін. Басыңа қиын-қыстау күн түссе, көмектесемін, - деп осы бойтұмарды сенің бабаңа табыс етеді.Міне Сауран, сен Бөріханның жетінші ұрпағысың, ханның аманатыда менің мойнымда, қанатты барыстан көмек сұрар кез келді,бірақ сенің әлі қабырғаң қатпаған,батыр болып өсемін десең бүгіннен бастап өзіңді жауынгерлікке баулимын, - дейді.-Мен дайынмын, -дейді Сауран.Осылайша Сардар қолбасшы хан баласы Сауранды жауынгерлікке баулып,қайсар әрі өжет батыр қылып шығарып,қолына алмас қылышты ұстатып былай дейді:-Міне, Сауран,сенің қанатты барысқа барар уақытың келді,тәңірім жарылқап жолың болсын, - деп Самұрық құсты жол бастаушы қылып бірге аттандырады. Сауран айлап жаяу жол жүреді,жолда небір қиындықтар мен қорқыныштарға тап болады, бірақ Сардар ағасы үйреткен жауынгерлік рухтың арқасында бәрін жеңіп, қанатты барыстың құз басындағы мекенінеде жетеді.Алғашында Сауран бұл жер барыстың мекені екенін білмейді. Самұрық құс оған:-Ары тұр, -деп белгі бергенше, қанатты барыс адам баласына шабуыл жасап, енді тістемекші бола бергенде,Сауранның мойнындағы бойтұмарды көрген барыс бірден ашуы тарқап, иіле кетеді де былай деп тіл қатады:-Адам баласы,сені бұл жерге не айдап келді? – дейді.- Мен Сауран мен Бөріханның жетінші ұрпағымын, есімім - Сауран. Бабама берген уәдең бойынша келіп тұрмын, - дейді. – Ия бабаңның алдында қарыздармын, - деп, бас иеді. – Не мұқтаждығың бар, Сауран? - деп сұрайды қанатты барыс. Көмектессең жау қолында кеткен елім мен жерімді азат етпекпін, -дейді. Сонда барыс батырдың бес қаруы бойында болуы керек емеспе,мынау менің сыйым болсын, - деп Сауранның үстіне батырдың сайманын кигізеді. Осы сәттен бастап қанатты барыс пен Сауран бірігіп ел азаттығы үшін күреседі. Жау қолындағы жазықсыз халықты бостандыққа шығарып,сол халықты татулыққа, бірлікке шақырып, әкесінің ізін жалғап әділ билік етеді.Ол басқарған елдің туы қанатты барыстың суретімен бейнеленеді.Міне «қанатты барыс туралы аңыз» тарихта осылай бейнеленеді. Сұрақтар: 1. Қолбасшы Сардардың ханға адалдығын қай жерден көруге болады? 2. Қанатты барыстың адамдарға сенім артуына не себеп болды? 3.«Жауынгерлік рух» деген ұғымды қалай түсіндіре аласыз? 4. Бұл аңыздан қандай ой түйдіңдер? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Тапсырма: Көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ»еңбегінен алынған үзіндіні оқып, өз түсініктеріңді жазыңдар....Менің ойыма бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орындатұнып тұрып, шөп шалам түсіп, лай-қоқым болса, адам мен хайуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады.Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта: бұлаққа қарасаң, күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін. 3.Ойын Мейірім Өлеңі мен әнін жазған Ұшқын Жамалбек Толқимын теңіздей, Мейірімді көп іздей. Мына өмірдің жақсылығы –Жамандықпен егіздей. Мына өмірдің жақсылығы –Жамандықпен егіздей. Қайырмасы: Анаңның сөзіңдей, Ақ адал сезімдей, Мейірім керек. Өзгені өзіңдей көретін Әппақ пейілің керек. Қайырмасы. |
|
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген