400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойжүйрік(сайыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа арналған интеллектуалды ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ой жүйрік» интелектуалдық - танымдық сайысы

Білімділік: оқушылардың білімдерін саралау, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу.

Дамытушылық: логикалық ойлауларын қалыптастыру, шапшаңдығын дамыту.

Тәрбиелік: төзімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ұйымшылдыққа баулу.

Сабақ түрі: сайыс

Құрылымы: 4 сыныптар арасында өткелі отырған интелектуалды ойынға 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 12. Ойын 3 айналымнан тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды.Дұрыс жауап үшін топ қоржындарына асықтар салынып отырады.Айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. 


Барысы: Психологиялық дайындық

Сабағымыз басталды,

Балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар,

Сабаққа зер салыңдар.

Мұғалім: Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды –танымдық сайысымызты бастауға рұқсат етіңіздер.Ұйымшылдықпен,алғырлықтарыңыз бен шапшаңдықтарыңызды көрсетуге тырысыңыздар.

Ойыншылар кәмпиттер арқылы екі топқа бөлінеді.

1-топ:«Тұлпар» тобы:

Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арынды, Оқу менен еңбекке сал барыңды.

2-топ:«Сұңқар» тобы:

Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

Ойын 3 айналымнан тұрады.

І айналым

  1. Айдынның Асқардан бойы ұзын. Бірақ, Жанаттан кіші. Кім ұзын?

  2. Бөлменің әр бұрышында бір-біріне қарама – қарсы үш мысықтан отыр, бөлмеде неше мысық бар?

  3. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

  4. Допты лақтырғанда доп сол ізімен қайтуы үшін , оны қалай лақтыру керек?

  5. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірдіү Ауылға неше көлік кетіп бара жатыр?

  6. Аулада 4 шымшық отырды. Оған тағы 5 шымшық қосылды. Бір мысық жайлап келіп, 1 шымшықты ұстап алды. Қанша шымшық қалды?

  7. Бірінші бұтақта 5 қияр, екінші бұтақта 15 қияр өсіп тұрды? Барлығы неше қияр өсіп тұр?

  8. Ағашты 10 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?

  9. Есікті ашу үшін не қажет?

  10. Қай айда 28 күн бар?


ІІ айналым




Оқушылар топ болып ақылдаса отырып, берілген уақыт ішінде дұрыс шешім табуы керек.


ІІІ айналым


Бұл айналымда оқушылар топқа қойылған жұмбақтың жауабын табады және сол жауапты орыс, ағылшын тілдеріне аударады. Егер 3 тілге аудара алса 3 асық беріледі. Жауап бере алмаса, келесі топтан жауап сұралады.


Қорытынды: айналымдарда алған ұпай сандарын қосып есептеу. Жеңген топты анықтау. Мақтау қағаздарын тапсыру.

Сөз кезегі ұстаздарда.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі