Ойлан тап

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойлан тап

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне және жас мамнандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ойлан,ізден,талаптан.

Мақсаты:оқушылардың білім-білік дағдыларын байқап,өздерін емін –еркін ұстай білуге үйрету.Шапшаң ойлау,шығармашылық қабілетін дамытып, білімге деген қызығушылығын арттыру.

Түрі: сайыс сабақ.

Көрнектілігі:слайд,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І ұйымдастыру бөлімі.

Кіріспе

Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік білімнен алынар,

Білімнен аспанға жол салынар

Армысыздар,ұстаздар!

-Бармысыздар,болашақтың бастауы

Балғын шақты балалар!

Алдарыңызда тұрған 1 «а» сынып оқушыларының «Ойлан,ізден,талаптан» атты интеллектуалдық ойынын тамашалап отырсыздар.

Ал оқушы,ұстаздар.

Бәрің бермен қараңдар.

Білімділер ортада.

Қол соғып бір қойыңдар,-барлық сайыскерлерге бір қол соғып қояйық.

Білімімізді артып,санамыздың өскенін ,сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік,-деп отырып,сіздерге тек сәттілік тілеймін!

Сынып оқушыларын екі топқа бөліп отырғызу. Топтың аттары «Зерек», «Талап».

Интеллектуалдық ойынымыз 5 бөлімнен тұрады.Әр сұрақ жауабына асық беріліп отырады.

Егер сайыскерлеріміз дайын болса 1 кезең. Бәйге.

Қарап тұрмай бәйгеге сіз еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

«Ойлан,ізден,талаптан.» сайысында.

Бәйге,бәйгені бір көріңіз

Зерек тобына:

1.Жапырақ қай кезде сарғаяды(күзде)

2.Бір сағатта неше минут бар (60 минут)

3.Қазақтың ұлттық саз аспабы. (домбыра)

4.Дауысты дыбыстың түрлері. (жуан, жіңішке)

5.Бір жылда неше мезгіл бар?(төрт)

6.Жердің пішіні. (домалақ ,шар тәрізді)

7.ҚР рәміздерін ата (ту,елтаңба,әнұран)

8.Қойдың төлі. (қошақан)

9.Әкеңнің шешесі қалай аталады. (Әже)

10.ешкінің төлі қалай аталады.? (лақ)

Талап тобына:

1.Тудың түсі қандай? (көгілдір)

2.Есту мүшесі (құлақ)

3. Қасиетті тағам (нан)

4.1 аптада неше күн бар (жеті)

5.Қыстың көркі (қар)

6.Торғай шырылдайды,мысық ...(мияулайды)

7.Жылдан құр қалған жануар (түйе)

8.Судың түсі қандай (түссіз,мөлдір)

9.Көру мүшесі(көз)

10.7 күнді не дейміз? (апта)

Сонымен 1 бөлім аяқталды.

Келесі кезекте ІІ бөлім пән бойынша сұрақтар

Математика

Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік

Сөз кезегін математикаға берелік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік

1.9-4 тоғыз бен төрттің айырмасы

2.1 дециметрде неше сантиметр бар?

3. Шаршыға сипатта бер ?

4.Алмұрт 5,алма2 Барлығы неше жеміс? (7)

5.7+3 жеті мен үштің қосындысы

6.9-7 тоғыз бен жетінің айырмасы

7. Сенде барлығы он теңге.сен сегіз теңгесіне қарындаш сатып алдың.Сенде қанша теңге қалды ( екі)

8. Қандай фигураларды білесің ?

Сауат ашу

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып.

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

1. Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгісі қойылады.

2.Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?

3.Қалам сөзі қалай айтылады? (жуан)

4.Еңбек туралы бір мақал айт.

5.Сөйлем неден құралады? (сөзден)

6.Балапан сөзде неше буын бар? (3)

7.Мүсін дегеніміз не? (дене)

8.Күз сөзінде неше буын бар? (Бір буын бар)

Дүниетану

1.Көру мүшесі

2.Табиғат нешеге бөлінеді?

3.Көкжиектің негізгі төрт тұсын ата (С.О.Б.Ш)

4.Судың қасиеттерін ата (пішіні болмайды,түссіз,мөлдір,дәмі болмайды,иіссіз)

5.Өмір сүру үшін адамға не қажет?

6.Сұйық зат,ол бұлақ,өзен ,көл,теңіздерде болады.(су)

7.Ауаны ластайтын заттарды ата.

8.Көктем мезгілінің айлары. (наурыз,сәуір,мамыр)

ІІІ кезең «Ойлан,тап»

Тиісті әріпті қой

А - Ә

...ЛМ..., ...ЛМҰРТ, ...ТЕШ, ...ЖЕ, ...КЕ, ...ЛИЯ, Қ...Ғ...З, Т...ТТІ, Д...МДІ, ...ЙНА, ...ҚҚ...ЛА, ...ЛІППЕ, ...ДЕМІ, Д...РІГЕР, ..Н, ...МІР, ...ДІЛ, Д...ПТЕР, К...МПИТ, С...БІЗ, ...ДЕПТІ, С...ЛЕМ, ...Н, С...РСЕНБІ.



IV кезең «Сөз құра ».

Түйреуіш

Үлгі: үй

1.__________

2.__________

3.__________

4.__________

5.__________





V кезең «Ойлы болсаң ойлап көр»

Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға қойып жаз

Берілген сөздер: қол, көл, көз, қозы, өзен, ұзын, өрмекші, арық, өрік, орманшы.

Жуан Жіңішке

____________ _______________

____________ _______________

____________ _______________

____________ _______________

____________ ____________







Асықтарды санап жеңімпазды анықтау,марапаттау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
1161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі