400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ойлан,тап" математикалық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
1- сыныпқа арналған Математикалық сайыс сабағымды жариялап отырмын.Әріптестерім өздеріне керегін алар деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№12 бастауыш мектеп»КММ

Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы

Тақырыбы: «Ойлан, тап!» математикалық сайысы

 

Мақсаты: оқушылардың  математика пәніне  қызығушылығын   арттыру,  

                     танымдық  қабілеттерін,  логикалық  ойлауын  дамыту.

 

 Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, логикалық сұрақтар, нақыл сөздер, топтық тапсырмалар, суреттер

 

Сайыс сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);

Табыс (сұқ саусақ)

Тапқырлық (ортаңғы);

Ұшқыр ой (атаусыз);

Шапшаңдылық (шынашақ);

Сәттілік! (алақанын тигізеді).

Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Назарларыңызға “Ойлан ,тап!” атты сайысымызды ұсынбақпыз.
Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек», – деген болатын.Олай болса сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз қажет. Сайыс соңында жеңімпаз топты анықтайтын боламыз.

1-топ «Үшбұрыш» тобы

Ұраны: «Тәуелсіз ел, білімді ұрпақ»

2-топ «Төртбұрыш» тобы

Ұраны: Білекті бірді жығар

Білімді мыңды жығар

3-топ «Бесбұрыш» тобы

Ұраны: Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

Сайыскерлер бүгінгі сайысқа дайынбыз ба?
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, сайысымызды бастаймыз. Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық.

Бүгінгі сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Математикалық эстафета (сұрақ-жауап)
2 кезең: «Сандар сыры » мақал-мәтел сайысы
3 кезең. Топтық тапсырмалар
4 . кезең : «Топбасшылар сайысы»
Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.

1-кезең «Математикалық эстафета»
Бұл турда сіздерге математикалық сұрақтар беріледі. Сол сұраққа жауап берулеріңіз қажет. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді. Сұраққа жауап берілмеген жағдайда, қарсы топтар жауап бере алады

1-топ

1.Азайтудың компоненттерін ата

2. Ең үлкен екі таңбалы санды ата? (99)

3)1 сағатта неше минут бар ? / 60 /
4) 20 санында неше ондық бар?

5) 1аптада неше күн бар?

2-топ

1. 1 минутта неше секунд бар?

2.Қосудың компоненттерін ата

3) 4 ондықтан құралған сан
4) Бір жылда неше ай бар?
5 Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата

3-топ

1 тәулікте неше сағат бар? 2 Салмақтың өлшем бірліктерін ата 3.Қандай геометриялық фигураларды білесің? 4.1 айда неше күн бар? 5. 10 см-де неше дм бар?

2-кезең: «Сандар сыры»

Сандардан құралған мақал -мәтелдер сайысы
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты  келесі кезеңге көшейік

1 Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

2)  Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

3)  Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.

4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

5)  Жүз теңгең болғанша, жүз досын болсын.

6)  Бір тал кессең, он тал ек.

7) Бес саусақ бірдей емес.

8) Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.

9) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.

10) Бір кісі қазған құдықтан  мың кісі су ішеді…

11 Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.

12) Елу жылда ел жаңа


13) Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

14) Жігітке жеті өнер де аз.


3-кезең: Топтық жұмыс

1-тапсырма «Ғажайып шаршы»

2-тапсырма «Кестені толтыр»

3-тапсырма «Шығармашылық тапсырма»

4-кезең «Топбасшылар сайысы» деп аталады.


Бұл сайыста топбасшыларына 3 логикалық тапсырмадан беріледі.(Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі)

1-топ басшысына

1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш болады?
2. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрса салмағы неше кг?


3. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір – бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?

2-топ басшысына

1.Төрт тауықтың неше аяғы бар?

2. 5 жыл бұрын Айжан 3 жаста болды. Қазір жасы нешеде?
3. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 5 жұмыртқа неше минутта піседі?

3-топ басшысына

1.Үш мысықтың неше құлағы бар? 2. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? 3. 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығыш, 2 сужылан ұшып жүр. Барлығы неше құс ұшып жүр?

III Сайыс  қорытындысы

 -Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Сайысымыздың жеңімпаз топтарын анықтау,марапаттау

 Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
 


 

 























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.05.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі