жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ойлау дизайнына кіріспе
|
Мектеп: ҚОМ
|
|
|||||
Күні:13.03.2020ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Нурбаев Ж.М |
|
|||||
Сынып: 11 |
|
|
|
||||
Сабақ тақырыбы |
Кәсіпкерлік жоспар құру |
|
. |
|
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушылардың ойлау қабілетін,еңбекке деген қөзқарасын дамыту,кәсіпкерлік туралы түсінік беру,жоспар құрып үйрету |
|
|||||
Сабақтың мақсаты |
|
|
|||||
Бағалау критерийі
|
Қолдану Теориялық білімін тәжірбиелік жұмыста қолданады Талдау Идеялар мен тақырыптарды талдау және бағалау критерийлерін өз жұмысына және басқа көрсетілетін жұмыстарға тиімді қолданады |
|
|||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар терминологияны қолдана алады. Оқушылар пікір жазу және құрылымдық өзгерістер енгізуге және басқа да жұмыстарды жақсартуда жұмыстады Талдау және қорытынды жасай алады Пәнге айрықша мәні бар лексика және терминология: 1.Мен шығармашылық жұмыстарды орындау кезінде …. пайдаландым 2. Менің шабытану жұмысымның негізгі көзі болып…... табылады |
|
|||||
Дағдыландыру құндылықтары |
Оқыту:
Сыйластық:
Ынтымақтастық:
|
|
|||||
Пәнаралық байланыс |
Оқушылар сабақ барысында экономика,математика.т.б. |
|
|||||
АКТ пайдалану дағдылары |
|
|
|||||
Алдын-ала білу
|
Таспа тілу тәсілдері |
|
|||||
Сабақ барысы |
|
||||||
Жоспарланған сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
||||||
Сабақтың басы
|
Сабақ басында мұғалімнің назар аудартуы: - оқушылардың зейінін аудару - оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау /ОМ және бағалау критерийлері . Сауалнаманы онлайн бағдарлама kahoot көмегімен немесе презентация арқылы өткізуге болады Келесі дескрипторлармен таныстырамыз:
кәсіпкерлік туралы білу
Тәжірбиелік жұмыстың бөлшектерін таныстырылымда егжей-тегжейлі сипаттай отырып және жұмыстың бағалау критерийлерімен көрсету. Бизнес-жоспар. Қалай жазу керек.
Өз ісін бастағысы келгендердің көбі, оны бастамайды да. Оның себебі қарапайым – бизнесті іске қосу үшін жасау керек жұмыстың тізімі өзінің ауқымымен еңсені басады. Осы басылымда бизнес-жоспарды жасауға байланысты барлық негізгі аспектілер қарастырылады. Оқысаңыздар көптеген нәрселер қарапайым және анық болып көрінеді. Бизнес- жоспар: неге және не үшін. Жақсы бизнес- жоспар жақсы бастамаға ғана емес, келешектегі істің тұрақты жағдайына да кепілдік береді. Бизнес- жоспар жазу өз бизнесіңізді ұйымдастыру бойынша басқа да белсенді әрекеттер жасамай тұрып, бірінші істеу керек нәрсе. Көбі осы қадамды елемейді. Әрине, бизнес-жоспрасыз да бастауға болады. Бірақ Сіз компанияңызды дамыту қажет болған жаздайда қызмет-әрекеттеріңізді дүрлігісті түрде реттегіңіз келе ме? Несие алатын болсаңыз, сізден міндетті түрде бизнес-жоспар сұрайды. Жақсы серіктес тапсаңыз, ол да Сіздің ойыңызды қағаз бетінде көруден бас тартпайды. Кез келген саналы инвестор өзі қаражат салайын деп жоспарлаған кәсіпорынның бар өзгешеліктерін білгісі келеді. Егер бірнеше бағыттардың ішінен біреуін таңдау қажеттілігі туса, Сіз өз ісіңіздің негізі салынған бизнес-жоспардың болмауы салдарынан қымбат уақытыңызды терең ойға батумен жоғалтасыз. Бизнес-жоспарды қалай дайындау керек. 1.1 Жобаның бюджетін анықтау. Жобаны толық іске қосып, алғашқы бірнеше ай ішінде жұмыс істеуі үшін ЕДБ-н қанша қаражат алу керек. 1.2 Банкті анықтап, шарттарын, пайыздық мөлшерлемесін, мерзімін, жеңіддіктерін, кепілдік, несиенің ең көп сомасын туралы білу, жеке тәуелсіз бағалаудан өткізу. 1.3 Кірісті есептеу үшін несиені төлеу тәсімін алу, түсім алу мүмкіндіктерін, бар шығындарды бағалау. 1.4 Кепілзат, несие сомасы, мерзімі, шарттары, төлеу тәсілдері (аннуитет, тең бөліктермен және т.б. ) бойынша банктің алдын-ала қолдауын алу 2.1 Е xcel форматында барлық тиянақталған және ауыспалы шығындарды, өнімнің өз құнын, өндірістік мүмкіндіктерді, құралдарға кететін шығындарды, жалақы қорын, салықтарды, жарнама мен жылжытуға кететін шығындарды есептеу. 2.2 1-7 жыл арасындағы болжалды табысты есептеу, әлеуетті сұранысты сандық көрсеткіште бағалау, статистикамен растау (ниет шарты), ақша ағынын (cash flow) есептеу. Өтелімділік. Кірістілік. ҮЛГІ ТҮРІ Басты бөлімдердің құрылымы мен мазмұны: Бизнес-жоспарды жасау кезінде келесі құрылымды ұстану керек:
Жобаның суреттеудің қисынына байланысты құжаттың құрылымы, бөлімдердің орны ауысуы мүмкін. Бірақ, ұсынылған жобаны сипаттайтын барлық сұрақтар кешені қарастырылуы қажет. Бөлімдердің мазмұны: 1. Жобаның титулдық парағы Титулдық парақ инновациялық жоба мен осы жобаны іске асыратын заңды тұлға жайлы жалпы ақпаратты қамтуы керек:
2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі ) Жоба түйіндемесінде оның барлық басты аспектілерін қамтитын түйіндер мен кеңестерді қысқаша баяндау керек, түйіндеменің құрылымы бизнес-жоспардың құрылмына сәйкес келуі керек. Жоба түйіндемесі – оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиімділігінің бар дәлелдері болуы керек. Осы бөлімнің мақсаты – жобаның мәнін, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектігін, болжалды нәтижесін көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме жеке беріледі. Егер жобаны жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді ( мүгедек жандардың еңбегін пайдалану, жақсы жолдарды салу және т.б. ) шешуге мүмкіндік берсе, оларды көрсету қажет. Түйіндемеде бизнес-жоспардың жеке бөлімдерімен белгіленбейтін, бірақ инвестор үшін аса маңызды келесі аспектілерді айқындап көрсету қажет:
3. Нарық пен сала жағдайына талдау Бұл бөлімнің мақсаты – жоба ұсынатын тауарға (қызметке) қажеттілікті ашып, негіздеп көрсету. Нарықты, саланың ерекшелігін бағалаудың таңдалған түрі жан-жақты сипатталып, негізделуі тиіс. Ұсынылатын тауардың Қазақстан бойынша соңғы бірнеше жылдарда сатылым серпінін, нарықта пайда болуын, ұқсас және бәсекелес өнімдерге сұранысты жеке қарастыру қажет. Егер заңды тұлға-жобаның бастамашысы нарықтың осы саласында жұмыс істейтін болса, оның тәжірибесі бар екенін айрықша атап, оның осы саладағы жиынтық өнім өндірістегі үлесін көрсету керек. Әлеуетті ішкі және сыртқы бәсекелестердің атаулары мен мекенжайларын атай отырып, ұсынылып отырған жобамен салыстырғанда олардың күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау қажет. Бөлімнің басты нәтижелері:
4. Жобаның мәні Бұл бөлім алдыңғы « Нарық пен сала жағдайына талдау » бөлімінің жалғасы болып табылады. Бұл жерде жоба өндірісі бағытталған тауардың (қызметтің) жан-жақты сипаттамасын беру керек. Келесі сұрақтар нақты қарастырылуы керек:
Осы жерде жобаның сәттілігін негіздейтін жан-жақты дәлелдерді келтіру керек. Заңды тұлға-жобаның бастамашысы туралы, егер жоба оның өндірістік құрылмын дамытуға бағытталып, онымен қарым-қатынаста болса, оның техникалық, технолгиялық, өндірістік әлеуеті жайлы толық ақпаратты беру.. 5. Маркетинг жоспары Бұл бөлім алдыңғы екі бөлімнің жалғасы болып табылады. Бөлімнің мақсаты – бәсекелестік күрестің қлайлы әдісін таңдауды, өнімді нарыққа жылжытудың тәсілін қамтамасыз ету. Бұл жерде келесі сұрақтарды жіті қарастыру керек:
6. Өндіріс жоспары Бұл бөлімнің басты мақсаты – барлық өндірістік процестің жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негізделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендірерлік дәлелдер келтіру. Бірақ инвестордың көңілін бөліп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеңіз, ал технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемді деректерді сілтемелермен қосымшаға орналастыру қажет. Бөлімді жобаның алғытарихын сипаттаудан бастау қажет :
Ары қарай жобаны іске асырудың басты шарттарын сипаттау қажет, оларды мазмұндаудың нақты құрылымын және айқындығын қамтамасыз ету үшін бөлікше ретінде көрсету қажет :
7. Инвестициялық климат пен тәуекелдер Бұл бөлімде инвестициялық климаттың жеке басты факторларына баға беріп, олардың даму үрдістерін жақсару немесе нашарлау жағдайында қарастыру қажет. Жобаның сәтті жүзеге асырылуымен байланысты тәуекел факторларын бағалау қажет. Бизнес-жоспарда (ең болмаса ұлғайтылған) тәуекелдердің талдауы және оларды төмендетудің амалдарының барлығы осындай жобалардың пайдасына есептеліп, инвесторлардың қызығушылығын арттырады. Бизнес-жоспарды дайындау барысында келесі тәуекелдерді қарастыру жөн:
8. Ұйымдық жоспар (басқару және кадрлар) Бұл бөлімде келесі аспектілер қарастырылуы керек :
9. Қаржылық жоспар 1. коммерциялық банктердің немесе басқа қарыз берушілердің (шетелдіктерді қоса алғанда) несие беруге келісімдері осы ұйымдардың сәйкес басшыларымен құжатты түрде расталған болуы керек, несие беру шарттары міндетті түрде көрсетілуі керек: мемлекеттік кепілдіктің бар болуы, пайыздық мөлшерлеме, несиені беру және өтеу мерзімдері, қосымша талаптар. Облыстық бюджеттен қайтарымды және ақылы қаржы алу туралы өтініш сұратылып отырған қаржының мақсатты жұмсалатыны туралы міндеттемемен нығайтылған болу керек. Салынған қаражат жойылған жағдайда талапкер мемлекеттік кепілдікті алуға тырысса, осы бөлімде тәуекелдерді сипаттап, кепілдіктің маңыздылығын негіздеу керек. 2. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың қаржылық нәтижесі (пайда бойынша жоспары) өндірілген өнімді сатудан түскен түсімдердің бөлінуін, тоқсандар мен жылдар бойғы таза пайданың көлемін көрсетеді. 3.Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаудың бастапқы деректері болып ақша түсімдері мен төлемдер жоспарының деректері табылады. Жобаны іске асырудың алғашқы екі жылы бойынша көрсеткіштер тоқсан бойынша бөлінумен көрсетіледі. Жобаның іске асырылатынының басты шарты болып әр уақыт интервалындағы ақша ағынының оң мәні табылады. 4. Инвестициялық жобаның тиімділігі таза дисконтталған кіріс көрсеткіштері кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі, залалсыздық межелі, бюджеттік әсер бойынша бағаланады. 5. Өтемділік мерзімі – осы бизнес-жоспар бойынша жобаны жүзеге асыруды бастаған уақыттан бастап, амортизациялық шығындарды қосқанда жинақталған таза кіріс пен инвестициялық шығындар арасындағы айырмашылықтың мәні оң болған уақыт аралығы. Таза дисконтталған кіріс, кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі – тиімділік талаптары. Осы тиімділік талаптарын есептеу барысында дисконттау мөлшерлемесі конкурсқа құжаттарды өткізген уақытта бағалы қағаздарды қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен кем болмау керек. Жобаның тиімділігін анықтау кезінде таза кіріс мен амортизациялық шығындар көрсеткіштері тек инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысына қатысты есептеледі, жұмыс істеп тұрған ұйымныңағымдағы шаруашылық қызметіне қатысты емес. 6. Залалсыздық пайда әкеле бастаған межелі өнімді өткізу көлеміне сәйкес келуі тиіс. Еспетлеген өнімді өткізу (шығару) көлемі жасалып жатқан кәсіпорынның жобалық қуатымен салыстырылады. Залалсыздық межелі тұрақты табыстардың мөлшері мен өнім бағасынынң әр түрлілігіне қатынасын өнімді өткізу көлеміне бөлгенде есептеледі.
7.
Бюджеттік әсер – инвестициялық
жобаның әсері осы жобаны жүзеге асыру
барысындағы түсімдер мен облыстық
бюджеттің төлемдері арасындағы
сальдо. Есептерде түсімдер көлемі
мен төлемдерді жобаны жүзеге асыру
жылдары дисконттау жүргізіледі. Тәуекелдерге баға беру Әрбір жаңа жобаның жолында соның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Кәсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап және соларды жеңу стратегиясын алдын-ала әзірлеп қою өте маңызды. Бизнес үшін тәуекелдермен байланысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым және объективті түрде көрсетілуі тиіс. Қауіп-қатер бәсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты дереу «ескіртіп» жіберуі мүмкін. Ықтимал тәуекелді сәттер туындаған жағдайда әрекет ету стратегиясын әзірлеп және солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Ықтимал инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кәсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне және соларға әзір екендігіне сендіретін болады. Қосымшалар Көп жағдайларда потенциалды серіктестер немесе инвесторлар үшін бизнес-жоспарда көрсетілген фактілер мен қорытындыларға растау ретінде соларға құжаттарды қосарлау қажет болып жатады. Мұндай құжаттарға келісімшарттардың, лицензияның және т.б. көшірмелері, өздерінен бастапқы мәліметтер алынған құжаттардың көшірмелері, жеткізушілер мен бәсекелестердің бағалық анықтамалары, статистикалық материалдар, ғылыми, сондай-ақ маркетингілік зерттеулердің материалдары және өзге де көптеген нәрселер жатуы мүмкін. Қосымшалардың міндетіне бизнес-жоспарды сендіретіндей ақпаратпен толықтыру жатады. ОҚО Кәсіпкерлер палатасында бастауыш және ісін жүргізіп жатқан кәсіпкерлер бизнес жоспарды құру жөнінде сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар біздің мамандар Сіздің жобаңызға сәйкес бизнес жоспарды дайындап береді. Сондай-ақ, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес жоспарды жазуға қатысты оқыту дәрістер жүргізіледі.
|
||||||
Сабақтың ортасы |
Оқушылар құрал-саймандармен жұмыс жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды. |
||||||
Сабақтың соңы 5 мин. |
Сабақ соңында жұмыстарды талқылау және критерий бойынша бағалау Өзінің және сыныптастарының жұмыстарында пайдаланылған әдіс-тәсілдер, идеяларға пікір жаза алады. Сіздің шығармашылық жұмысыңыздың оң аспектілері; Жеке жұмысыңызда нені жақсартуға болады? Оқушылар сабақ соңында рефлексия жүргізеді: - сіз жұмысының қорытындысына қанағаттанасыз ба? - болашақта немен жұмыс жасау қажет? Оқушылар рефлексия бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Денсаулығын және техника қауіпсіздігін ережелерін сақтау |
|
||||
|
Бағалауды мұғалімдермен бірге кейін топтық жұмысты талқылау критерийяға сәйкес болу.
Оқушылар өзді-өзін бағалау |
Нұсқаулыққа сәйкес қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия
Қандай сабақтың мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы? Барлық оқушылар қол жеткізді ме ОМ? Егер жоқ болса, неге? саралау сабақта дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың кезеңдері уақытша себепші болды ма? Сабақ жоспарында және қандай ауытқулар болды? неге
|
Осы бөлімде сабақ туралы ойлану үшін пайдаланыңыз. Осыған орай, ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз Сіздің сабағыңыз сол жақ колонкасында.
|
|
|||||
|
|
||||||
Жалпы бағалау
Сабақ қандай екі аспектісі жақсы өтті (ойланып көрші қалай оқыту туралы, сондай-ақ оқыту туралы)? 1: 2: Сабақ жақсартуға не ықпал етер едің (ойланып көрші қалай оқыту туралы, сондай-ақ оқыту туралы)? 1: 2: Бұл сабақ барысында сынып туралы немесе жетістіктері/қиындығы анықтады, оқушылардың келесі сабақтарында неге назар аудару қажет деп ойлайсыздар?
|
|
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген