15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ойлы бала озар " 4 сынып
Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп: «Достық» жалпы орта мектеп
Мерзім: 17.09.2017ж.
Мұғалiм: Байрова Ақжан Бактыбаевна
Сынып: 4 «а,ә,б,в» Оқушылар саны: 4 «а» __ 4 «ә»___ 4 «в»___ 4 «б» __
Тақырып: Ойлы бала озар №3 сабақ
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: , отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, достық.
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларға дқрыс әрекет құндылығының мәнін түсіндіру. Қасиетттері:
- оқушыларға бәрін жақсы
көру керектігі туралы түсінік беру; |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, суреттер, жұмыс дәптер, үнтаспа |
|||||
|
Сабақтың барысы: Тыныштық сәті. «Нұрға
бөлену». |
Ескерту: 5 «Т»-ны сақтау «Хрустальная грусть» үнтаспа |
|||||
|
Үй тапсырмасы: №2 сабақтан 15 беттегі Аружанға хат жазып келу. 1.Мақсаттарыңа жету үшін өз білімдерің жеткілікті деп ойлайсыңдар ма? 2. Білімнің адам өмірінде қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар? Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға иболады деп ойлайсыңдар? Дәйексөз. Ұлы Абайдың «Терең ой-асыл іс» деген нақыл сөзіне оқушылырдың зейінін аудару және оның мәнін түсіндіру. -Оқушыларға екі рет қайталату. -Оқушыларды ашық сұрақтармен жетелеу. Ойын Балалардың ойлылығын байқау мақсатында ойын ұйымдастыру.Кім жылдам және көбірек айтса мақал-мәтел айтса,сол ойынның жеңімпазы атанады. (оқушыларға бірнеше рет айтқызу, жұмыс дәптеріне жаздыру) Сұрақтар: - Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? Дәйексөзден қандай құндылықты байқадыңдар? Ойлы бала қандай болады деп ойлайсындар? Адам өмірде өз орнын табу үшін, біз қандай болуымыз керек? 4.Оқиғаларды әңгiмелеу. «Мұғалімнің сыйы» Аңыз әңгіме: «Арманға қанат бітеді» №46, 15 қараша 2011 жыл «Ұлан» газетіне жарияланған мақала Айдос бүгін тағы да үйінде жалғыз қалды. Ол өзі сүп-сүйкімді 5 жасар бала. Іші пысып не істерін білмеді. Бір кезде... Еденнің көтеріліп бара жатқанын сезді. Еден астынан әп-әдемі, кішкене бала шықты. Сен кімсің? Не болды? – Қорыққанынан Айдостың даусы дірілдеп шықты. Ол айқайлап жіберуге дайын еді. Атым Кішкентай! Сен маған қарап таңдаңба, мен жер асты тұрғынымын. Оның мәдениетті сөйлегеніне Айдос қайран қалды. І-і-і... Менің есімім... Ия білемін. Сенің атың Айдос. Оны қайдан білесің? Мен бәрін білемін. Олар үнсіздік еліне кіріп кетті. Бұл үнсіздікті Айос бұзды. Теледидар көреміз бе? – деді жай ғана. Теледидар көу өте зиян. Ол көру, есту мүшелерін әлсіретеді,- деді Кішкентай. Кішкентай... Менің досым боласың ба? Әрине!-деді ол қуана. Міне тағы да тыныштық. Айдос, сен нені армандайсың? Менің арманым асқар таудан да үлкен. Біріншісі – мектепке бару. Онда достар табу. Ал сенің ше? – Ол өзіне риза болды. Қалайша әдемі сөйледі, анасы естігенде ғой... Ал менің арманым... Сол кезде есік тоқылдады. Мен сені ата-анаммен таныстырайын, сен менің алғашқы досымсың! Жоқ, кейін,- деп кішкентай бала еден астына кіріп, ғайып болды. Есіктен ата-анасы кірді. Екі бетін кезек-кезек сүйіп жатыр. Жалғасы бар. Күткен арманы орындалады. Бала екі аяғынан жүріп мектепке барады. 1.Айдостың арманы не еді? 2.Айдостың арманының орындалуына кім көмектесті? 3.Айдостың қиялы неге жетеледі? 4.Біз осы аңыздан қандай құндылықтарды байқадық? 5.Өз өмірлеріңде ойларың орындалған кездері болды ма? Болса қандай? Әңгімелеп беру. |
Өткен №1 сабақпен байланыстыру. Байланыс: әдебиет |
|||||
|
5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Оқушылардың қуаныштың адам баласының жанын жадыратанын түсіндіру мақсатында топтық жұмыс береміз. 1.Топ Асанның қасиеттерін жазу. 2.топ Үсеннің қасиеттерін жазу. |
Бұл әдіс алынып отырған құндылықты терең және жан - жақты түсінуге тиімді. |
|||||
|
Топпен ән айту: «Айгөлек» әні: Р.Рымбаева
|
|
|||||
|
7. Үй тапсырмасы: Бүгінгі сабақта ойлану мен терең ойдың мәнін түсіндік және оған қол жеткізудегі адами қасиеттер туралы білдік. Ойлылық –бұл ақылдылық. Ойлылық –бұл ақылды тыңдай білу. Ойлылық – бұл бақытқа жетелейді.т.б. 1.«Ойлылық-бұл бақытқа жетелейді» деген тақырыпта эссе жазып келу. 2.Келесі №4 тақырыбындағы мәтінді оқып келу. |
|
|||||
|
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді естеріңе түсіріңіздер. Қандай жақсылықты білдік, соны жүректеріңе сақтандар! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, бар жерде. Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, бүкіл әлемде. Рахмет! |
|
|||||
|
Әдебиеттер: Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы 1-11 сынып . Алматы. «Бөбек», 2010 Өзін-өзі тану оқулығы 4 сынып. Алматы. «Бөбек», 2010 Өзін-өзі тану жұмыс дәптері, 4 сынып. Алматы. «Бөбек», 2010 Мұғалімге арналған әдәстемелік құрал 4 сынып. «Бөбек» ҰҒПББСО, 2010 Аңыз-әңгімелер жинағы 2008 ж |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген