Тақырыбы:
«Ойлы болсаң,, озып көр»
Мақсаты:
Балалардың ой-өрісін ойын арқылы ойлау
қабілетін арттыра отырып тапқырлыққа,
ұйымшылдыққа. әділдікке, жолдастық
сезімге тәрбиелеу және тіл мәдениетіне
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиеленушілердің бес сала бойынша
жан-жақты сауатты, озық болуға тәрбиелеу,
оқу-білімге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі:
интерактивті тақта, суреттер, кеспе
қағаздар, математикалық фигуралар.
Тәрбиеші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі
даярлық топтарының арасында өткелі
отырған «Ойлы болсаң, озып көр» сайысына
қош келдіңіздер!
Бал балауса
жайқалғандай гүлдерің
Бірің тапқыр, бірің
озық жігерің
Қарсы аламыз даярлық
тобының
Балжайнаған
ұлдары мен жауқазындай гүлдерін - дей
отырып, сайысқа қатысушы топтарымызды
ортаға шақырамыз.
1
топ - Тұлпар
2 топ - Жас қыран
3 топ - Барыс
4 топ - Сұңқар
5 топ - Жігер
Армысыздар
бал балауса балдырған
Қылықтарың жүрекке
із қалдырған
Жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар сан қыран
Көрінетін
сайыстарда сан қырдан.
Бүгінгі сайысымыз
төрт кезеңнен тұрады.
«Таныстыру»
«Жеті
жұрттың тілін біл»
« Фигуралар сөйлейді»
« Тапқыр
болсаң, тауып көр»
1-кезең: «Таныстыру»
Алғашқы кезегіміз
таныстыру
Топтарды бір-бірімен
табыстыру
Айдар таққан атауларын
қорғайтындай
Өлең сөзбен өрнектеп
жарыстыру
Сайысымыздың бірінші
кезеңі таныстыру
Топтар өздерін
таныстырады.
2-кезең: «Жеті жұрттың
тілін біл»
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін
біл
Өз
тіліңді құрметте - дей келе, келесі
кезеңіміз «Жеті жұрттың тілін біл».
Сайысымыздың бұл кезеңінде сіздерге
экраннан 10 ұяшық беріледі. Сол ұяшықтан
әр топ екі ұяшықтан таңдау мүмкіндігі
бар. Сол таңдаған ұяшық ашылғанда сурет
шығады. Сол суретті үш тілде айтуларыңыз
керек. (Қазақша-орысша-ағылшынша) Балалар
экраннан шыққан суреттерді үш тілде
айтады.
3- кезең: « Фигуралар
сөйлейді»
Ұшқыр ойға серік
болсын шеберлік
Сөз кезегін
математикаға берелік.
Арамызда тапқыш
достар көп екен
«Фигуралар сөйлейді»
екен көрелік
Сайысымыздың
бұл кезеңінде әртүрлі түрлі – түсті
фигуралар беріледі. Сол фигуралардан
заттар құрастырып, қағазға жапсыруымыз
керек. Мысалы: машина, үй, шырша т.б.
Балалар өздерінің қиялына қарай
фигураларды қағазға жапсырады.
4- кезең:
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
Сайысымыздың
бұл кезеңінде сіздерге ребустар
беріледі. Сол ребусты шешіп, шешкен
сөзді әріптермен құрастырып жазып,
дыбыстық талдау жасайсыздар.сол сөздің
мағынасын айтып бересіздер.
Бойларыңда от бар
екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар
екен байқадым
Әрқашанда осы шоқты
өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар
әрдайым
Өрендер өрлей берсін
өнерлерің
Айналаң бәрі сенің
көрерменің
Тілеймін дәл осылай
барлығыңның
Тек қана биіктерден
көрінгенін- деп бүгінгі сайысымызды
аяқтаймыз. Сайысқа қатысушы топтарды,
келген қонақтар өздеріне ұнаған топтарға
жұлдызшалар беру арқылы бағалаланады.