400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ойлы болсаң, озып көр."

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ойлы болсаң озып көр»

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, білімге деген

құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту. Өткен тақырыптар

бойынша алған білімдерін тереңдету, толықтыру, қорытындылау.

  • Оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу;

  • Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың

осы мәселе жөніндегі білімдерін қайта еcтеріне түсіру. Одан әрі дамыту

бағытында түрлі сұрақтар беру арқылы ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың оқыту әдістері: «Сандар жырлайды», «Суреттер сөйлейді», «Сиқырлы шар», «Адасқан әріптер», «Білім шыңы» әдістері

Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдығы: Интербелсенді тақта, суреттер, әріптер, шарлар, плакат

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, қазақ тілі, ағылшын тілі,қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана тазалығын ретке келтіру.

ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Екі топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, топбасшылары

сайланады, әділқазылар алқасы құралады.

Сабақта жасалынытын әрекеттер:

  • топқа бөлу

  • слайдтар мен суреттермен жұмыс

  • пысықтау, бекіту, топпен жұмыс(әр топтың топбасшысы, топ мүшелері берілген сұрақтарға жауап береді)

  • эксперттер тобының жұмысы (бағалау)

  • оқытушының қорытынды сөзі

Оқытушының сөзі: Саламатсыздарма Құрметті ұстаздар мен оқушылар!


Сайыс жоспары.


  1. «Таныстыру»( Топтар өз тобының құрамын таныстырады).

  2. «Сандар сөйлейді» (Интербелсенді тақтадағы ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді).

  3. « Суреттер сыр шертеді»(Интербелсенді тақтадағы көрсетілген суреттің біреуін таңдап,сол суреттегі өсімдік немесе жануар туралы мәлімет айтады)

  4. «Сиқырлы шар» ойыны (шар ішіндегі жұмбақты шешу)

  5. «Кім өнерлі кезеңі» (А.Құнанбаев туралы мәлімет,өлеңі,әні,қара сөзін айту).

  6. Топ басшылар сайысы (Адасқан әріптерден сөз құрау)

  7. «Білім шыңы» (Жануарларға жасырылған сұрақтарға жауап беру)


Көзге түсер жүйріктер бағасымен,

Суда ағар таулардың саласымен.

Қара қылды қақ жарар алдарыңда,

Таныстырайық әділ қазы алқасымен.

( Қазыларды таныстыру)



Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,

Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыс па.

Оқу керек, білім керек қашанда,

Ол болмаса, сайыс деген сайыс па? дей отырып сайысымызды бастаймыз.

І-топ «Жемістер»

ІІ-топ «Көкөністер»


Топтарға сәттілік тілейміз.

І-кезең. «Таныстыру» ( Топтар өз тобының құрамын таныстырады).



І-топ «Жемістер»

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Ұраны: « Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске ».



ІІ-топ «Көкөністер»

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келет кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Ұраны: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»



ІІ-кезең. «Сандар сөйлейді» Бұл кезеңде оқушылар интербелсенді тақтадағы ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап береді).


ІІІ-кезең. « Суреттер сыр шертеді»(Интербелсенді тақтадағы көрсетілген суреттің біреуін таңдап,сол суреттегі өсімдік немесе жануар туралы мәлімет айтады.Неғұрлым толық жауап беруін бақылаушы қадағалап отырады. Толық жауап берілген жағдайда ұпай қойылады).



IV-кезең. «Сиқырлы шар» ойыны (шар ішіндегі жұмбақты шешу, жұмбақтың жауабының екі тілде аудармасын айтады, екі тілде аударма дұрыс берілген жағдайда әрбір топ 30 ұпай алады, егер бір ғана аударманы дұрыс берсе 20 ұпай,ал аудармалар берілмей тек жұмбақтың жауабы дұрыс табылса 10 ұпайдан беріледі.Әр топқа төрт жұмбақтан беріледі).


V-кезең. «Кім өнерлі кезеңі» (А.Құнанбаев туралы мәлімет,өлеңі,әні,қара сөзін айту).


Көңілін халқыңның таптың бүгін

Елес қой мынау бізге жат күн бүгін,

Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.

Байқайық топ басшылар тапқырлығын –дей отырып топбасшылар сайысына кезек берейік


VI-кезең. Топ басшылар сайысы (Адасқан әріптерден сөз құрау)

VII-кезең. «Білім шыңы» (Жануарларға жасырылған сұрақтарға жауап беру)



Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берейік

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік,-дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.

Әділқазылар алқасы оқушылардың ұпайларын есептеп,жеңімпаздарды марапаттайды.


Оқытушының қорытынды сөзі:

Егеменді Қазақстанның тізгіні жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. Тәуелсіздіктің тірегі –білім. Дана халқымыз «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» -деген.

Қиялына қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар болатындықтарыңа сенімдімін.

Адам елінен, жерінен , табиғатынан тыс өмір сүре алмайды. Сіздердің жас жүректеріңіз елім деп, жерім деп соғады. Ел үшін, халық үшін қызмет етіңіздер. Елбасымыздың «Қазақстан болашағы, балалар сіздердің қолдарыңызда»,-деген аталық сезімін ақтай біліңіздер.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі