«Ойлы болсаң, озып көр» 4-сыныптар арасында сайыс сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойлы болсаң, озып көр» 4-сыныптар арасында сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ойлы болсаң, озып көр» 4-сыныптар арасында сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жамбыл атындағы орта мектеп КММ

















«Ойлы болсаң, озып көр»

4-сыныптар арасында сайыс сабақ













Пән мұғалімі: Асқамбай Ш.Б.















2024-2025 оқу жылы


«Ойлы болсаң, озып көр» атты сыныптан тыс іс-шара

Педагогтың аты-жөні

Асқамбай Ш.Б.

Күні

27.01.2025ж.

Сынып:

4-сыныптар

Сабақтың мақсаттары:

Цифрлық сауаттылық пәнінен, оқушылардың білімін жан-жақты қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Жетістік критерийлері

  • Ресурстарды қолдана біледі.

  • Информатиканың сырын түсінеді.

  • Ресурстарды пайдалана отырып, ақпарат алады.

  • Цифрлық сауаттылық, математика, жаратылыстану пәндері бір-бірімен байланысатын пәндер екенін түсінеді.

Құндылықтарды дарыту

  • Өзара сыйластыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

  • Математика, Ағылшын

АКТ-ны қолдану дағдылары

  • Компьютер, интерактивті тақта, слайд, лүпілдер

Сабақтың барысы:

Жоспарланған уақыт мөлшері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Пайдаланы-латын ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сайысқа 4-сынып оқушылары қатысады. Әр сыныптан 5 оқушыдан команда құрады. Сайыс жоспарын таныстыру.

Жас достарым!

Мұны дұрыс ұғайық,

Компьютер ол құрметтеуге лайық

Ғылымдардың жаңасы,

Дегенмен, бала-данасы,

Информатика жайында

Сайысымызды бастайық!

Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушылар жеребе арқылы топ аттарын таңдайды.

Топ аттары:

Робот

Формат

Дизайн

Графика


Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстырып

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер- дей келе бүгінгі сайыстың әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар!

Көңілді біздің мектеп үздіктері, білгіштер,

Бар өнерін алдарыңа салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.







Интерактивті тақта





Жеребе

Сабақтың ортасы

Бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І-кезең. «Бізден сұрақ, сізден жауап»

ІІ-кезең. Алтын сандық

ІІІ-кезең. Ойлан тап

ІҮ-кезең. Ғажайып алаң. «Жамбыл мектебі болашақта...»

Құрметті сайысқа қатысушылар дайынбыз ба, олай болса сайысымыздың І-кезеңі «Бізден сұрақ, сізден жауап». Бұл кезеңде қойылған сұрақтарға жылдам, әрі дұрыс жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Сұраққа бірінші болып қол көтерген топ жауап береді. Іске сәт!

  1. Компьютердің негізгі құрылғысы? Монитор

  2. Музыканы шығаратын құрылғы? Колонка

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз нені өшіріп, қосуға болмайды? Компьютер

  4. Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? Пернетақта

  5. Көзбен монитордың арақашықтығы? 60-70 см

  6. Информатика кабинетінде нені сақтау қажет? Қауіпсіздік ережесі

  7. Мысық персонажын жүргізетін программа? Scrath

  8. Ақпаратты қағазға басып, шығару құрылғысы? Принтер

Осымен І-кезең аяқталды. Ұпай санын барлығын қосып сайыс соңында бірге есептесек....

Жүргізуші:

Ең бастысы жарыстың қақпа еді,

Мықтылары сандық ашып, жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді! Сайысымыздың ІІ кезеңі «Алтын сандық».  Алтын сандықтан жұмбақтар шешеді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені (кактус)

Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)

Ақпаратты қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

Егер білсең айта қойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер)

Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)

Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)

Жан достарым, мұны жақсы ұғайық

И нформатика, құрметтеуге лайық-дей келе сайысымыздың ІІІ-кезеңін бастайық. Бұл сайыста қатысушыларға пазл берілген. Берілген пазлдағы кескіндерді пайдаланып, информатика пәніне қатысты сурет құрастыру керек. Дұрыс құрастырылған суретке 5 ұпай. Іске сәт!

Компьютер, робот, ноутбук, модем

Р ахмет! Сайыскерлеріміз дайын болса, тапсырмаларын жинап, әділқазы мүшелеріне тапсыруға рұқсат етсеңіздер!

Жүргізуші:

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып жаңашылдық, ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Сайысымыздың соңғы бөлімі «Ғажайып алаң». 

Бұл сайыста қатысушылар өзіміз білім алып, екінші үйіміздей болып отырған Жамбыл атындағы орта мектебімізді болашақта қалай елестеді. Осы тақырып аясында әрбір қатысушы өз ойларын ортаға салады. Бұл сайыста ең жоғарғы ұпай саны 50, төменгісі-10. Әділқазы мүшелері әрбір сайыскерлердің тақырып бойынша сөйлеу мәнері мен қорғаған жұмыстарының маңыздылығына қарай ұпай санын есепке алады.



Интерактивті тақта










Слайд




















Алтын сандық









Жұмбақтар



























Пазл





















Суреттер

Сабақтың соңы

Осымен сайысымыздың соңғы бөлімі де өз мәресіне жетті.

«Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып,

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О, толқындар, арпалысып алға шық.

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,

Құштарлықтың толғағы мен көктемі»- деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі үлкен сайыс. Осымен сайысымызда да өз мәресіне келіп жетті. Сайысқа жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар танытып, қатысудың өзі де үлкен жеңіс деп білеміз. 

Көңіл қойып, уақыт тауып келгендеріңізге мың алғыс! Арманымыз әрқашан асқақ болсын, қанаттарыңыз тек биіктерден қағыла берсін! Жеңістеріңіз көп болсын! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!


Слайд

Сабақтың қорытындысы


Рефлекция

Қорытындылау

Кері байланыс:

Бүгін не білдім?

Мен үшін не қызықты болды?

Марапаттау.

Әділқазылар жеңімпаздарды марапаттайды.

Мақтау қағаздары





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.04.2025
294
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі