400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ойлы болсаң озып көр . Ашық шара.

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінің мұғалімдеріне қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ойлы болсаң, озып көр» атты сайыс

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, сөздік қорын молайту, шапшаң жауап беруге баулу, еңбексүйгіштікке, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жарыс

Сабақтың көрнекілігі:ұлағатты нақыл сөздер, интерактивті тата, сөзжұмбақ, ойындар,т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Сайыс сабақтың тақырыбымен таныстыру.

2. Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру.

Сабақтың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ойлы болсаң, озып көр» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамастан бұрын әділ бағалайтын әділқазы алқасына өнер, білім өнеге тұнған дарын, өнерлігі өз басым таң қаламын. Өнерді әділдікпен бағалайтын таныстырайын әділ-қазы алқасын.

  1. Рыскедин С.Ш.

  2. Алинова Г.Ш.

  3. Ешанова А.Е.

Ендеше сайыскерллерімізді сәттілік тілеп ортаға шақырамыз:

І –кезең «Сәлем – сөзөдің атасы» деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.

Тобымыз: Өнерлілер.

Ұранымыз: Өнер,білім,еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Тобымыз: «Зеректер»

Ұранымыз: Көз көрерге тоймас,

Көңіл өнерге тоймас.

ІІ-кезең. Байқалатын келді кез

Білімнің шамасы.

Білімді мыңды жығады,

Жоқ оған ешкім таласы.

Интерактивті тақтадағы ұяшықтарды таңдап берілген сұрақтарға жауап беру.

«Ғажайып жетілік»

1

Тағам әзірлеу технологиясы

10

20

30

2

Ою-өрнек

10

20

30

3

Ұлттық киімдер

10

20

30



10 ұпай. Винегрет салатына қосылатын негізгі көкөніс? (қызылша)

20 ұпай. Бутербродқа пайдаланатын тағам «май)

30 ұпай. Шайдың құнарлылығы не қосқанда артады? (қант,сүт,кілегей)

Ою-өрнек.

10 ұпай. Ежелгі ұлттық ою қалай аталады? (қошқар мүйіз)

20 ұпай. Жануар тектес ою-өрнек (ботакөз)

  1. пай. Гүл оюы нені белгілейді? (бейбітшілік)

3.Ұлттық киімдер.

10 ұпай. Қалыңдықтың бас киімі (сәукеле)

20 ұпай. Ер адамға арналған ұлттық киім түрі (шапан)

30 ұпай. Қасқыр, түлкі, қарсақ сияқты аңдар терісінен тігілетін тон (ішік)

ІІІ кезең. Қолөнер.

Өнер, білім еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз

Тұла бойы тұнған біз

Өнер қуған ұрпақпыз дей отыра бұл сйыста топ мүшелері 5-10 минут аралығында қағаздан өз қолдарымен түскиіз немесе сырмақты әдемілеп құрастыру керек.

ІV кезең. Интерактивті тақтадан сөзкұрақ ойыны ойнату. Мұндағы әріптерден еңбекке байланысты сөздер құрастыру. Қай топ көп сөз құрайды, сол жеңеді.

и

і

ш

а

с

т

з

л

ж

н

б

п

ү

к

о

ғ

қ

й

п

е

р

м

ы

г

5 балл.

Ине, қайшы, мата, біз, үтік, оймақ, пышақ, жіп, күрек, моншақ, қайрақ, жүн, бор, ара, балға, балта, ілгек, таспа.

V кезең. Кім жылдам? Ойыны

VІ кезең. Сөзжұмбақ шешу.

І топ

  1. Ертеде түйме орнына не қадаған? (ілгек)

  2. Сүттің қазанға жабысқан түбі (қаспақ)

  3. Жануар –тектес ою-өрнек (ботакөз)

  4. Геометрия пәнінде түрлендірудің түрі ою-өрнекті қолданылады (симметрия)

  5. Шеңбердің нұсқасын (өнері) көрсетер

ІІ топ.

  1. Ер адамның сыртқы киімі (шапан)

  2. Қалындықтың бас киімі (сәукеле)

  3. Гүл оюы нені белгілейді? (бейбітшілік)

  4. Қазақтың ұлттық ойыны (бәйге)

  5. Ашыған айранды қайнатын, сүзіп келтіріп әзірлейтін тағам (құрт)

VІІ кезең «Сөз тапқыр» деп аталады «Капитан» сайысы. Бұл кезеңде капитандарға 10 сөз беріледі. Соған капитандар өзінің тобына сөздерді табу үшін түсіндіре алу керек.

  1. Балға 1. Балта

  2. Егеу 2. қайрақ

  3. Машина 3. Іс тігетін машина

  4. Сағат 4. Ұялы телефон

  5. Кітап 5. қалам

  6. Ине 6. жіп

  7. Оймақ 7. күрек

  8. Мұғалім 8. аспаз

  9. қол ара 9. тырнауыш

  10. үтік 10. Қайшы

VІІІ кезең. Үй жұмысы. Салат жасау.

Міне бүгінгі сайысымыз өз мәселесіне жетті. Білімдерін шыңдай, ұлттық дәстүрлерді бойына дарыта отырып, тәрбиелеу жолында өткізілген сайысымызды қорытындысын айтуға сөз әділ-қазы алқасының мүшелеріне сөз беріледі. Жеңімпаздарды марапаттау

І орын

ІІ орын

Қорытындысы: Білім-теңіз, мектеп-кеме дейміз,

Білім теңіз, оқу егіз неге дейміз

Әдебі мен тәлімі үндесетін

Жастарды болашаққа

Жетелейміз дей келе.

Бүгінгі «Ойлы болсаң, озып көр» атты сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі