Материалдар / "Ойлы болсаң, озып көр" сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ойлы болсаң, озып көр" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті ұстаздар! 1 сыныпқа арналған Математикалық сайысымды жариялап отырмын.Мақсаты: ойлау кабілетін, танымдық белсенділігін дамыту. Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2022
1122
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№12 бастауыш мектеп»КММ

Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы

Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр» математикалық сайысы

 

Мақсаты: оқушылардың  математика пәніне  қызығушылығын   арттыру,  

                     танымдық  қабілеттерін,  логикалық  ойлауын  дамыту.

 

 Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, логикалық сұрақтар, нақыл сөздер, топтық тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар.

 

Сайыс сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);

Табыс (сұқ саусақ)

Тапқырлық (ортаңғы);

Ұшқыр ой (атаусыз);

Шапшаңдылық (шынашақ);

Сәттілік! (алақанын тигізеді).

Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Назарларыңызға “Ойлы болсаң, озып көр” атты сайысымызды ұсынбақпыз.
Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек», – деген болатын.Олай болса сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз қажет. Жауап берген топтардың ұпайларын смайлик арқылы бағалап отырамын.Сайыс соңында жеңімпаз топты анықтайтын боламыз.

1-топ «Алғырлар» тобы

Ұраны: «Тәуелсіз ел, білімді ұрпақ»

2-топ «Тапқырлар» тобы

Ұраны: Білекті бірді жығар

Білімді мыңды жығар

3-топ «Жүйріктер» тобы

Ұраны: Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

Сайыскерлер бүгінгі сайысқа дайынбыз ба?
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, сайысымызды бастаймыз. Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық.

Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Математикалық эстафета (сұрақ-жауап)
2 кезең: «Сандар сыры » мақал-мәтел сайысы
3 кезең. Топтық тапсырмалар
4 . кезең : «Топбасшылар сайысы»
Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.

1-кезең «Математикалық эстафета»
Бұл турда сіздерге математикалық сұрақтар беріледі. Сол сұраққа жауап берулеріңіз қажет. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді. Сұраққа жауап берілмеген жағдайда, қарсы топтар жауап бере алады

1-топ

1.Азайтудың компоненттерін ата

2. Ең үлкен екі таңбалы санды ата? (99)

3)1 сағатта неше минут бар ? / 60 /
4) 20 санында неше ондық бар?

5) 1аптада неше күн бар?

2-топ

11 минутта неше секунд бар?

2.Қосудың компоненттерін ата

3) 4 ондықтан құралған сан
4) Бір жылда неше ай бар?
5 Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата

3-топ

.1 тәулікте неше сағат бар? 2 Салмақтың өлшем бірліктерін ата 3.Қандай геометриялық фигураларды білесің? 4.1 айда неше күн бар? 5. 10 см-де неше дм бар?

2-кезең: «Сандар сыры»

Сандардан құралған мақал -мәтелдер сайысы

 Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Алтыншы сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты  келесі кезеңге көшейік

1 Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

2)  Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

3)  Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.

4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

5)  Жүз теңгең болғанша, жүз досын болсын.

6)  Бір тал кессең, он тал ек.

7) Бес саусақ бірдей емес.

8) Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.

9) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.

10) Бір кісі қазған құдықтан  мың кісі су ішеді…

11 Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.

12) Елу жылда ел жаңа


13) Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

14) Жігітке жеті өнер де аз.


3-кезең: Топтық жұмыс

1-тапсырма «Құрастыру»

2-тапсырма «Кестені толтыр»

3-тапсырма «Топтастыру»

4-кезең «Топбасшылар сайысы» деп аталады.


Бұл сайыста топбасшыларына 3 логикалық тапсырмадан беріледі.(Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі)

1-топ басшысына

1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш болады?
2. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрса салмағы неше кг?


3. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір – бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?

2-топ басшысына

1.Төрт тауықтың неше аяғы бар?

2. Мектеп ауласында 7 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар?
3. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 5 жұмыртқа неше минутта піседі?

3-топ басшысына

1.Үш мысықтың неше құлағы бар? 2. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? 3. 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығыш, 2 сужылан ұшып жүр. Барлығы неше құс ұшып жүр?


III Сайыс  қорытындысы

 -Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті, Сайысымыздың жеңімпаз топтарын анықтау,марапаттау

 Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
 


 

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!