400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойлы болсаң, озып көр» Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғабас негізгі мектебі






Сыныптан тыс іс-шара





Тақырыбы:

«Ойлы болсаң, озып көр»

Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын

Өткізген:Салимова К.Т.





2015-2016 оқу жылы

Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын

«Ойлы болсаң, озып көр»


Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы

достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интерактивтік тақта


Сайыстың жоспары:

І кезең: «Сөз тапқанға»

ІІ кезең: Тіл-өнер

ІІІкезең: Бәрін білгім келеді

ІV кезең:Қызықты ұйқастар

Vкезең: Өлең - сөздің патшасы


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер! Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет.

Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл - халық тарихы, тіл - ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.


Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық.

Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:

1. Каримова К.Е. – тәрбие ісінің орынбасары

2. Каримова З.А. – қазақ тілі пәнінің мұғалімі

3. Тлеулинов А.Б. – бастауыш сынып мұғалімі


Бұл ойын 5 кезеңнен тұрады.

Сайысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.

Топтар өздерін таныстырады:

І топ: «Білгірлер»

Ұраны:«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».

ІІ топ:«Тапқырлар»

Ұраны:«Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге».


Сайысымызды бастаймыз, қатысушыларға сәт сапар тілейміз.


Бірінші кезең «Сөз тапқанға».Қазір сендерге интербелсенді тақтадан әріптер көрсетіледі.Әр топқа сұрақ қойылады.Сұрақтың жауабы интербелсенді тақтадан көрсетілген әріптен басталуы керек.Жауап шапшаң болуы тиіс.

І топ сұрақтары. Ө,Қ, Т.

1. Бүгін қандай күн?

2.Сен қайда тұрасың?

3.Жазда қайда болдың?

4.Нені жақсы көресің?

5.Сыныбыңда қанша оқушы бар?

6.Қай пән ұнайды?

7.Досың көп пе?

8.Сенің сүйікті ақының?

9.Немен саяхат жасайсың?


ІІ топ сұрақтары. Ә,Ғ, С.

1.Сенің ауылыңқандай?

2.Кімболғыңкеледі?

3.Нені ұнатасың?

4.Қандай құстыбілесің?

5.Қандай фильм көрдің?

6.Жақсы көретінкүнің?

7.Күз мезгіліұнайма?

8.Сенің сүйіпоқитынжазушың?

9.Саған қандайтағамұнайды?



Екінші кезең: «Тіл- өнер». Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің жалғасын табамыз.

І топ:

1.Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).

2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы).

3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын).

4.Білім таппай мақтанба, ...(өнер таппай баптанба).

5.Тіл-қылыштан ...(да өткір).

6.Отан ...(оттан да ыстық).

ІІ топ:

1.Шебердің қолы-ортақ, ...(шешенніңтілі- ортақ).

2.Отансыз адам-...(ормансызбұлбұл).

3.Ер жігітеліүшінтуады, ...( еліүшінөледі).

4.Мектеп-кеме, ...(білім-теңіз).

5.Жақсы жолдас-жанғасерік, ...(жаманжолдас-малғасерік).

6.Өнер алды- ...(қызылтіл).




Үшінші кезең «Бәрінбілгімкеледі»

Пәндер айдары. 4пәннен 4сұрақтан барлығы 16 сұрақ әзірленген.Пәндерді таңдау- оқушының өз еркінде.

Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.

Қазақ тілі.

10… Фонетика нені зерттейді?(Тіл дыбыстары)

20.Қазақ тілінде неше септік бар?Қандай?(7)

30.Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Оларды атап бер.(6)

40.Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер (Есімдік)

Әдебиет

10.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері(ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, батырлар жырлары т.с.с.)

20.«Менің атым -Қожа «повесінің авторы кім? БердібекСоқпақбаев

30.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды…

Бұлөлеңқалайаталадыжәнеоның авторы кім? ҚЫС, Абай

40.Қазақ тілі білімінің атасы,қазақ әліпбиінің негізін салушы,құрастырушы кім? А.Байтұрсынов

Математика

10.Төрті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша болады?(32)

20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең.(45)

30.Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді.Ол10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді?(15 секунд)

40.Әлияның жасы қазір10-да. Оның шешесі Динаның жасы Әлиядан 4 есе үлкен.Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болған кезде, Динаның жасы қаншаға толады?(50 жасқа)

География

10.Қазақстанда нешеоблысорталығы бар?(14)

20.Қазақстанменшекарасыеңұзын ел (Ресей)

30.Оңтүстік жарты шардажазайлары?(Желтоқсан, қаңтар, ақпан)

40.Жер бетініңқағазғакішірейтіліпсалынғанбейнесі.(Карта)


Төртінші кезең: Қызықты ұйқастар

Әр топ жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

Ітоп:

1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).

2.Число-сан, кровь- ...(қан).

3.Молоко-сут, жди-… (күт).

4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).

5.Таможня-кеден, пол-...(еден).

ІІ топ:

1.Возьми- ал, мед-…(бал).

2.Рыба-балық, народ-…(халық).

3.Дверь-есік, колыбель-…(бесік).

4.Город- қала, ребенок- …(бала).

5.Игра-ойын, шея-…(мойын).


V. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.

Әр топтың мүшелері шығып, қазақ және орыс тілінде өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.


Қорытынды


Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінігі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.


Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
1743
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі