400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ойна да, ойла

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ойна да, ойла

Мақсаты:   Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой-қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.

Әдісі: Ойындар, жұмбақ шешу, жапсыру 

Көрнекілігі: Слайд, ребус, карточкалар.

Түрі: Сайыс сабақ.

Жүру барысы:

Сәлеметсіздерме оқушылар біз бүгінгі шарада үш топ болып сайысатын боламыз. Әр түрлі пәнге байланысты тапсырмалар орындап, соңында жеңімпаздарды анықтайтын боламыз.

«Алғырлар» тобы:


«Тапқырлар» тобы

«Білгірлер» тобы

Санда бар,

Сапада жок.

Ханда бар,

Қарада жоқ.

(Н)

Тазыда бар,

Итте жоқ.

Қазыда бар,

Сүтте жоқ.

(3)

Әкеңде бар,

Атаңда жоқ.

 Тәтеңде бар,

Апаңда жоқ.

(Ә)

Қылда бар,

Жүнде жок.

Жылда бар,

Күнде жоқ.

(Ы)

Аяқта бар,

Баста жоқ.

Таяқта бар,

Таста жоқ

(Я)

Іледе бар,

Жайықта жоқ.

Түйеде бар,

Балықта жоқ

(Е)

Иекте бар,

Бетте жоқ.

Сүйекте бар,

Етте жоқ.

(К)

Құланда бар,

Құнанда жоқ.

Жыланда бар,

Қыранда жоқ.

(Л)

Созакта бар,

Арыста жок.

Қазақта бар,

Орыста жок.

(3)

Жақанда жоқ,

Жаһанда бар.

Қапанда жоқ,

Қаһарда бар.

(Һ)

Жоқта бар,

Барда жоқ.

Шоқта бар,

Талда жоқ

(Қ)

Қасқырда бар,

Апанда жоқ.

Қошқарда бар,

Қотанда жоқ

(Р)

Тауда бар,

Таста жоқ.

Жауда бар,

Доста жоқ.

(У)

Меңде бар,

Қалда жоқ.

Сеңде бар,

Қарда жок.

(Ң)

Аюда бар,

Қаскырда жок.

Оюда бар,

Баскүрда жок.

(Ю)

Ұлда жоқ,

Ащыда бар.

Қатты да жоқ,

Тұщыда бар

(Щ)

Құрықта бар,

Сырықта жоқ.

Құдықта бар,

Қырықта жоқ

(Ұ)

Күнде бар,

Айда жоқ.

Түнде бар,

Таңда жоқ

(Ү)

«Логикалық тапсырмалар» айналымы.


Бөлменің 4 бұрышында бір мысықтан отыр, әр мысыққа қарап үш мысық отыр.Бөлмеде неше мысық бар?

Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ неше бұрыш қалады?

1кг мақта ауыр ма, әлде1кг темір ауыр ма?

Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы тұр.Бірінші не жағасыз?

Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?


1.Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4 кг. Бір аяғымен тұрғанда неше кг?

2. Үстел үстінде 3шам жанып тұр. Оның біреуін өшіргенде неше шам қалады?

3.Бұтақта 10 торғай отыр еді. Аңшы 1 торғайды атып қалды. Неше торғай бұтақта қалды?

4.107-ге дейінгі сандардың ішінен 7-саны неше рет кездеседі?

5.Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?


1.Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?

2. 4жұмыртқа 4минутта піседі.1 жұмыртқа неше минутта піседі?

3. 2 бала шахмат ойынын 2 сағат ойнады. Әр бала неше сағат ойнайды?

4. Төрт қойдың неше аяғы бар?

5. Қарағайда 40 апельсин пісті, олардың 10 түсті. Неше апельсин қарағайда қалды?


«Жұмбақтағы математика»  (жұмбақтар шешу)

     1. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсап бірақ достарым,
Фигура ол негізі,
Дәл жауапты қостадым (шеңбер)

Жоқ өзінде қас та, бас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін білсең санап қой. (17)

«Білгенге маржан» дүниетану пәні бойынша сұрақтар

1. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)
2. Құлағы үлкен жануар? (піл)


  1. Ағаш тазалайтын орман дәрігері (тоқылдақ)

  2. Шөлге шыдамды жануар? (түйе)

1. Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кімшалшықта
Бірін – бірі мақұлдап,
Бірін – бірі жақтайды? (бақа)
2. Мойыны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы? (аққу)

Ойлан , тап!» кезеңіне   береміз.



Қағаз қиындыларынан мозайка құрау




 

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-ана үмітін

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену,  жалықпау.

 Әділқазылар алқасының шешімін хабарлау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1093
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі