Ойнайық интеллектуалды ойыны

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойнайық интеллектуалды ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
интеллектуалдық ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің " №40 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ




«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: МДОӘІЖ орынбасары

Салимжанова Д.М._________ Оразалиев М.Қ _______













Сабақтың тақырыбы: Ойнайық (интеллектуалдық ойын)

Сыныбы: 4 сыныптар











Мұғалімнің аты-жөні: Куанышпаева Г.М













2024-2025 оқу жылы



Тақырыбы: Ойнайық

Мақсаттары: 1. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

2. Оқушыларды жан – жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, оқу – білімге қызығушылығын арттыру.

3. Оқушыларды өз елінің сауатты , салауатты азаматы етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тірек – сызбалар, сұрақтар жинағы, интербелсенді тақта, стақан, доп

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Армысыздар, құрметті оқушылар және ұстаздар. Бүгінгі біздің «Ойнайық» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:Бүгінгі біздің сайсымыз 5- кезеңнен тұрады.Сіздерді сол кезеңдермен таныстырып өтейін

1 – кезең: «Бәйге» сайысы.

2 – кезең : «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы.

3 – кезең : «Дода» сайысы

4 – кезең : «Тапқырлық» сайысы

5- кезең «Кім жылдам» сайысы

Сайыстың кезеңдерімен танысып өттік. Енді біздің сайысымызды бағалап отыратын әділқазы алқасымен танысып өтейік.

Әділқазы алқасымен таңыстық, енді оқушыларымызды топтармен танысып алсақ.

1-топ «Алғырлар» тобы

2-топ «Білімділер» тобы

3- топ «Жүйріктер» тобы

4- топ «Тапқырлар» тобы

Топтарға бөліндік, енді сайысымызды бастасақ та болады.Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі.Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар.Ендеше ойыншыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.

1– кезең: «Бәйге» сайысы.

1.Республикамыздың басты қаласы? (Астана).

2.Әнұранның авторы? Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев.

3.Кітапты неден жасайды? (Ағаштан).

4.Білім күні қай күн? (1 қыркүйек).

5.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? (Абай).

6. Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіп түсірілген бейнесі (карта)

7.Апрель айының қазақша атауы? (сәуір).

8.Республика күні қашан? (25 қазан).

9.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров).

10.Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр).

11.Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра).

12.Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк).




2 – кезең : «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы.

 Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде, ағылшын тілінде аудармасы айтылса , 30 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай беріледі.Ал орысша, қазақша жауап берілсе 20 ұпай беріледі.

1.Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр – шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка-pen).

2.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза – жаза арықтаған. (бор – мел-chalk).

3.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.( Қоңырау – звонок-call)

4.Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса-fox).

5.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.(қар – снег-snow).

6.Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны. (теледидар – телевизор-TV).

7.Қалың киімді ұнатады,

Шешіңдірсең жылатады. (пияз – лук-onion).

8.Жылт – жылт еткен жылғалардан өткен. (су – вода-water).

9. Қабат – қабат қаптама

Ақылын болса аттама. (кітап - книга-book).

10. Судан алады

Суға салса өледі. (тұз – соль-salt).

11.Табанынан тыз етіп,

Жүрсе дағы сыз өтіп.

Күні-түні ерінбей,

Үйді жүрер күзетіп. Ит-сабака-dog


3 – кезең : «Дода» сайысы

Бұл сайысымызда негізгі 4 пәніне сұрақтар беріледі.

Әуелі пәнді таңдайық. Топ басшылары пәнді таңдайды

Әдебиеттік оқу

1. «Кел, балалар , оқылық» өлеңінің авторы кім?

а) Абай

ә) Шоқан

б) Ыбырай

  1. Үш биді ата? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

3.Қазақ батырларының аты;

А) Әбілмансұр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек.

ә) Абай, Шоқан, Ыбырай

4.Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы.

а) Абай ә) Жамбыл б) Шоқан

  1. Ғылым таппай мақтанба өлеңінің авторы кім?

а) Мағжан

ә)Абай

б) Ыбырай

Қазақ тілі

1.Дара етістік неше сөзден тұрады? (бір)

2.Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)

3. Қазақ тілінде қанша септік бар? Жеті септік

4. Ілік пен Барыс септігінің сұрақтары ( Кімнің? Ненің? Кімге? Неге?)

5.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата? (қатаң, ұяң, үнді.)

Дүниетану

  1. Жыл басы не? тышқан

2. Есту мүшесі ? құлақ

3.Тірі табиғатқа не жатады? өсімдік, жануар, адам

4.Адамға шөлдегенде не қажет? (су)

5.Өлі табиғатқа не жатады? тау, тас, құм, топырақ


Математика

1.Оқушылар барлығы 9 шелек алма терді де, балабақшаға 4 шелек алма берді. Қанша шелек алма қалды? (5 шелек)

2.Бір ғасырда қанша жыл? Жүз жыл

3.Алты асықты екі – екіден неше балаға беруге болады? (3 балаға).

4.Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

5.Бүгін аптаның қай күні ? (жұма)


4 – кезең : «Тапқырлық» сайысы. Сіздерге мақалдардың бір жартысын айтатын боламын, ал сіздер екінші жартысын табасыздар. Сайыстың шартын түсінсек ,бастаймыз.

1.Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады).

2.Әдептілік белгісі – (иіліп сәлем бергені).

3.Жақсыдан үйрен , (жаманнан жирен).

4.Ата көрген оқ жонар , (ана көрген тон пішер).

5.Қына тасқа бітеді , (білім басқа бітеді).

6.Оқу- білім бұлағы, (білім-өмір шырағы)

7. Ер бір өледі, (қорқақ мың өледі)

8.Оқу -инемен (құдық қазғандай)

9.Жүз теңгең болғанша, ( Жүз досың болсын)

10.Еңбектің наны тәтті , (жалқаудың жаны тәтті.)

11.Көз қорқақ, қол батыр

12. Жеті рет өлшеп, бір рет кес

5- кезең «Кім жылдам» стаканға допты лақтырып қағып алу қажет.

Сонымен бүгінгі сайысымызда өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Бүгінге біздің Ойнайық атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз топты шын жүректен құттықтаймыз!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
261
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі