400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ОЙНАЙЫҚ ОЙЛАЙЫҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
ШОТ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Бүлдіршіндердің білім  қабілеттерін  тексеру. Ойын арқылы ойлана білуге жаттықтыру. Ойлау қабілетін , сөздік қорларын молайта отырып, ұйымшылдыққа баулу , шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, балаларды ойын міндеттерін орындауға және ойын ережелеріне бағына білуге үйрету;

Көрнекілік: слайд, шарлар, суреттер

Құрметті  ұстаздар, бүлдіршіндер. Бүгінгі    шағын топ бүлдіршіндерінің «Ойнайық  та, ойлайық!» атты  сайысынатыс  қош  келдіңіздер.Сайысқа 3топ бүлдіршіндері қатысады.


І топ - «Сұңқар»тобы

ІІ топ - «Байтерек»тобы

ІІІ топ - «Қыран» тобы

Сайыскерлер, бүгінгі  алғашқы  қадамдарыңызға  гүл  бітсін! Осы  сайыста  өз  білімдеріңізбен   биік  шыңға  жетулеріңізге  тілектеспін.

Бүгінгі ойынымыздың шартымен таныс болайық.

Сайыс  шарттары:

  1. Көп ойла, тез ойла !

  2. Не қайда жасырынған?

  3. Кім жылдам?

  4. Бұл қай мезгіл?

  5. Артық затты тап?

  6. Өз үйіңді тап!

  7. Ертегілер кейіпкерлері қонақта

  8. Дәмін татып, анықта

Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.Директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары: Ж. А. Есенаманова

2.

Әр топ өз ұрандарын айтады. 

1-кезең.  Көп ойла, тез ойла !

Бұл  белесте  сұрақтар қойылады.  Ойланып жауабын  айтады.

2 –кезең «Не қайда жасырынған?»

Ойынның шарты: балалар құмыраның ішіне тығылған , құмыраның артына тығылған аңдарды табады. Суретте аңдардың құлағы мен құйрығы көрсетілген.

Біздің күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдық та қажет.

Келесі сайыс түрі - « Кім жылдам ?»

3 - кезең. Кім жылдам?

Бұл  бөлімде  сайыскерлеріміз  қиылған суреттерді құрастырып,   құрастырылған аңдар бойынша тақпақтар айтады.

4 - кезең. Бұл қай мезгіл ?

Бұл бөлімде сайыскерлерге жұмбақ жасырылады. Жұмбақты шешіп, жасырынған жыл мезгілі бойынша білетін тақпақтарын айтады.

- Балалар кім айтады бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- 4 жыл мезгілі бар.
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса мен қазір сендерге жұмбақ өлең айтамын, сендер қай мезгіл екенін табыңдар?
1. Күн ұзарып,
Қар еріп,

Су сайларға толады. (көктем)

2. Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран борап соғады.
(қыс)
3. Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады.
(күз)

  1. 4. Күндер ысып,
    Шөп пісіп,
    Ел пішенін орады.
    (жаз)

    5 - кезең. Артық затты тап?

Бұл ойында балалар суреттегі артық заттарды табады.

6- кезең. «Өз үйіңді тап!»

Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті шарлар.
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-түсті шарлар тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар шарларының түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.

7- кезең. Ертегілер кейіпкерлері қонақта

8- кезең «Дәмін татып, анықта» (топ басшысы сайысы)

Бұл ойында топ басшылары ортаға шақырылып, көздері байланады. Себеттен жеміс алып, дәмін татып, атын атайды. Оны тез тауысып қою керек.

Енді сөзді әділ қазылар алқасына берейік.

Сайыскерлерді  марапаттау.

Осымен  бүгінгі  сайысымыз  аяқталды.  Келгендеріңізге көп-көп рахмет.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
379
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі