400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойнайық та, ойлайық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың бойында көзбен мөлшерлей бөлу дағдыларын қалыптастыру, ептілікке, шыдамдылыққа, бөлшектердің жартысын тауып, бүтін пішін қалыптастыруға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балдырған» балабақшасы






Кіріктірілген оқу іс-әркет


Тақырыбы:«Ойнайық та, ойлайық»

«Құлыншақ»II-кіші топ





Тәрбиеші: Оңғарбаева.Г.А







2011-2012 жыл





Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Бөлінген геометриялық пішіндерден бүтін пішіндер құрастыру»

Мақсаты: Көзбен мөлшерлей бөлу дағдыларын қалыптастыру, ептілікке, шыдамдылыққа, бөлшектердің жартысын тауып, бүтін пішін қалыптастыруға баулу.

Билингвальді компонент: Пішін – фигура..


Іс-әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-оятушылық

Балалар саппен залға кіріп, шаттық шеңберге тұрады.


Тәрбиеші: Балалар, біз шеңберге тұрғанда, барлығымыз бір-біріміздің қуанышты жүзімізді, күлкімізді көреміз.

Кел балалар күлейік!

Күлкіменен жүрейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

- Балалар, бүгін көп қонақ келіпті, алдымен сәлемдесіп алайық.


Мақал-мәтел: «Қонақ келсе-құт келер!»

Балалар шаттық шеңбер құрды.


Бір-біріне жылы жүзбен қарап күлімсіреді.







Қонақтармен сәлемдесті.



Мақал-мәтел сөзін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің қандай айы?

Бүгін аптаның нешінші күні?


Бір бала топқа кіріп келді.


-Ия, сәлеметсіңбе?! Қандай шаруамен жүрсің, қайдан келдің? Атың кім?

-Медет!

Медет, өзін балабақша маңында тұратынын және осы маңда ойнап жүріп бір конвертті тауып алғанын айтты.

-Тәрбиеші: Ал, қане олай болса сен балалармен бірге ойнай ғой, мен бұл конвертте не жазылыпты, не бар екенін анықтайын.

-Балалар, мұнда суреті бар қағаздар және астында пішіндері салынған. Балалар, бұл пішіндер мен қағаздар бізге таныс, қане сендерге көрсетейін, ал сендер суретті атап, пішінді анықтап, түсін атаңдар.

1.Алма – дөңгелек, түсі – жасыл.2.Шырша-үшбұрыш.3.Шахмат тақтайшасы – төртбұрыш. Есік-тіктөртбұрыш. Түстерінде атап шығу. Жарайсыңдар балалар! Өткен білгенімізді еске түсіріп, геометриялық пішіндерді анықтап, түсін ажыраттық.


-Балалар, қазір бір ойын ойнайық. Бөлшектерден геометриялық пішіндер құрастыру. Қандай пішіндерді көріп тұрсыздар? Жарты! Қазір біз бұл жарты пішіндердің екінші жартысын табамыз. Міне, біз білетін пішіндер шықты. Ал, балалар, сендер шаршасаңдар бой сергітіп алайық!

Алға қарай жүрейік,

Артқа қарай жүрейік.

Оңға қарай бір қадам,

Солға қарай бір қадам.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Ойынымыздың 1-ші шарты: геометриялық пішіндердің орнын тап!

2-ші шарты: ортасынан бөлінген пішіндердің бөліктерінен геометриялық пішіндер құрастырайық!

Балалар сұраққа жауап берді.




Келген балаға балалар назар аударды.









Әкелген конвертке қарады.







Конверт ішінен шыққан суреттерді анықтап, пішіндерін тура атап, түсін ажыратты.











Ойын ойнауға қызығушылық танытты.


Балалар ойынды өз шартымен ойнап шықты.












Геометриялық пішіндердің орнын тапты.


Геометриялық бөлінген пішіндерді құрастырып, бүтін пішіндер құрады.

Рефлексивтік-түзету

Балалар өздері геометриялық пішіндердің орнын тапқандығын және түсін атап, бөлінген бөлшектерден геометриялық пішіндер құрастырып әңгімеледі. Мадақтаулар айтылып, марапаттаулар болды.


Осы сәтте баласын іздеп әжей келді. Ол өзінің баласын көріп қуанып қалды.

Медет өзінің балалармен бірге ойнап, үйренгенін айтып берді.

Әжей бізге, балаларға алғысын айтып, базардан алған алмаларын балаларға сыйға тартты. Балалар қуанып, рахмет айтып, әжей баласын ертіп, қош айтысты.



Балалар өздері құрастырған жұмыстары жайлы айтып берді.




Балалар келген әжеймен амандасты, және әжейдің сыйлығына алғыс айтып қуанды.


Күтілетін нәтижие:


Білу керек: Ортасынан бөлінген бөлшектерден геометриялық пішіндерді құрастыра білу.

Болу керек: Балалар бір-біріне жәрдем беруге, ептілікке және шыдамды болуға.

Үйрену керек: Геометриялық пішіндердің дұрыс орнын табу, көз мөлшермен бөлінген бөліктерден геометриялық пішіндерді құрастыруға үйрету.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
335
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі