Тақырыбы: «Ойнайық та,
ойлайық» квест-ойын
Білім беру
саласы: таным,
қатынас
ҰОҚ: математика негіздері, көркем
әдебиет
Мақсаты: өткен оқу қызметін еске түсіріп, сандар
қатарын, геометриялық пішіндерді тануды, кеңістікті бағдарлай білу
қабілетін бекітті. Баланы
жан-жақтылыққа, шапшаңдылыққа,
шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге
тәрбиеледі.
Көрнекіліктер:
сәлемдеме, карта, әр бала санына 1-ден 10-ға
дейінгі сандар жиынтығы, әр бала санына кеңістікті бағдарлауға
арналған суреттер, сандық, кілт, ертегі суреттері жапсырылған
текшелер.
Оқу қызметінің
барысы
Балалар бүгін мен балабақшаға
келсем есіктің алдыма мынадай сәлемдеме
қойып кетіпті. сендер бұның
ішінде не бар екенін көргілерің келеді ма?
-Ия, көргіміз
келеді.
-Ой балалар сәлемдеменің
ішінде сандықша екен. Бірақ сандықша алшылмайды, кілті жоқ екен.
Енді не істесек екен. Балалар ішінде хат бар екен. Хатта не
жазылғанын білгілерің келеді ма?
-Ия.
«Салеметсіңдер ме, «Қарлығаш»
тобының балалары. Мен сендерге білім елінен хат жолдап отырмын.
Сендердің қазір сандықты ашқыларың келгенін, бірақта оның кілтін
таба алмай отырғандарыңды білемін. Егерде кілтті тапқыларың келсе,
сендер бірнеше сынақтан өтулерің керек. Ал сендерге
сәттілік!»
Сәлеммен сендердің
достарың!
-Балалар, бізге жолға шығу
үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
-Әрине, бізге карта қажет. Ал
картаны бізге білім еліндегі досымыз беріп
жіберіпті.
Балалар, картадағы мына тұрған
ненің суреті деп ойлайсыңдар?
-Орманның.
-Ендеше балабақшадан шығып
орманға қарай тіке жүрейік.
1. «Кеңістікте бағдарлай
білу»
-Балалар үстелдің үстінде
тапсырмалар жатыр. Оны орындау үшін мені мұқият
тыңдаңдар.
-күнді қағаздың жоғары оң
жағына орналастыр;
-шыршаны қағаздың төмегі сол
жағына орналастыр;
- ағашты қағаздың төменгі оң
жағына орналастыр;
-құсты қағаздың жоғары сол
жағына орналастыр;
-ал гүлді қағаздың дәл
ортасына қойыңдар.
Жарайсыңдар, балалар! Біз
тапсырманы жақсы орындадық. Тапсырманы жақсы орындағанымыз үшін
білім еліндегі біздің досымыз тығып қойған тұспалды іздейік. Әрі
қарай жолымызды жалғастырайық.
-Балалар енді картамыздағы
екінші сынақ не екенін қарайық.
2 «Терең өзеннің үстіндегі
көпірден өтуіміз керек»
- Сендер қалай ойлайсыңдар
көпір неден жасалған?
-Көпір текшелерден
жасалған.
- Көпірге не болды, оны қалай
дұрыстауға болады.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар суреттер
берілген текшелерден құралған екен. Егерде сендер суретті дұрыс
құрастырып, ертегілердің аттарын атауларың
керек. «Ақсақ құлан», «Түлкі мен
тырна», «Мақта қыз бен мысық», «Алтын балық»
т.б.(балалар тапсырмаларды
орындайды)
Жарайсыңдар, балалар! Біз
екінші сынақтан да өттік. Білім еліндегі досымыздың екінші тұспалын
да алдық.
Балалар біздің саяхатымыз ұзақ
болғандықтан, көзімізге жаттығу жасап
алайық.
3. Көзге арналған
жаттығу
-Енді әрі қарай жолымызды
жалғастырайық. Ой, балалар білім еліндегі досымыз бұл жерге де бір
тұспалды қалдырып кетіпті.
-Балалар енді картамыздағы
үшінші сынақ не екенін қарайық.
4. «Батпақтан
өту»
Балалар бұл жерді біздің
досымыз сыйқырлап тастаған. Мына жердегі кедергілерден секіріп
өтіп, қанша кедергі екенін санасаңдар ғана арғы бетке өтеді
екенбіз.
-балалар үстелдің үстінде
сандар жатыр, сол сандарды 1-ден 10-ға дейін дұрыс
орналастырыңдар.
(балалар тура және кері 1-ден
10-ға дейін санайды)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Біз
үшінші сынақты да орындадық. Міне біздің қолымызда төртінші тұспал
бар.
-Балалар жолымызды әрі қарай
жалғастырамыз ба?
-Ия,
жалғастырамыз.
-Біздің келесі сынағымыз
басқатырғыш алқабы деп аталады екен.
5. «Басқатырғыш
алқабы»
Балалар сендердің алдарыңда
қағаз жатыр. Енді осы қағаздағы машинаның жүру жолын
табайық.
2 тор көз оңға қарай, 2 тор
көз төменге қарай, 2 тор көз оңға қарай, 3 тор көз төменге, 2 тор
көз солға қарай, 1 тор көз жоғарыға, 2 тор көз солға қарай
жүреміз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Біз бұл
сынақтан да өттік. Міне білім еліндегі досымыздың сарайына да келіп
жеттік. Балалар жаңа сынақтарды орындап, алған суреттерімізді
қосайық. Қараңдаршы ненің суреті шықты.
-Аквариумның
суреті.
-Ендеше айтыңдаршы сандықтың
кілті қай жерде тұр екен?
Жарайсыңдар, балалар, кілтті
таптық енді сандығымызды ашайық. Ішінде қандай қазына жатқанын
көрейік.
-Балалар, сендер өздеріңе артылған міндет пен
жауапкершілікті алғырлықпен орындап, өздеріңнің дарынды, интеллекті
жоғары балалар екендіктеріңді дәлелдедіңдер. Сендерге бүгінгі
көрсеткен еңбектерің үшін үлкен алғыс білдіремін. Осымен бүгінгі
біздің оқу қызметіміз өз кезегіне де келіп жетті, бүгінгі
интеллектуалды ойынымызды жабық деп
жариялаймыз. Келесі КВЕСТ
ойынында кездескенше.