Материалдар / Ойнайық та, ойлайық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойнайық та, ойлайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша балалардың ой өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешенші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету.Сол жақты, оң жақты , жоғарыда, дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2023
360
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құзіреттілік: «Танымдық және зияткерлік дағдылары»

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: "Ойлайық та, Ойнайық"

Мақсаты: Геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша балалардың ой өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешенші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету.Сол жақты, оң жақты , жоғарыда, дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертен, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсе Апта күндерін атап білу, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Зейінін ақыл ой белсенділігін, тез ойлауға, жылдам есептеуге құлшылығын ояту. Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс -тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.

Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, үйлестірлмелі материалдар, сандар, жемістер, шар (сары, жасыл, қызыл, көк)

Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер жасап тұрады.

Қайырлы таң ұстазым

Қайырлы таң достарым

Шеңберге біз тұрайық

Жылулықты сыйлайық



Доброе утро, учитель

Доброе утро, друзья

Посмотрите друг на друга

Пожелайте добра




Good morning, good morning

Good morning to you

Good morning, good morning

We a glad to see you.

Балалар келген қонақтармен амандасайық . Сәлеметсіздерма , Здравствуйте, Good morning.

Балалар бүгін біз қызықты математика еліне "Ойлайық та,ойнайық" еліне саяхат жасайық. Саяхат жасамас бұрын маған мына сұрақтарға жауап беріндерші.

-Бір жылда неше мезгіл бар? ( 4мезгіл)

-Қәзір жылдың қай мезгілі?(қыс)

-Қыс мезгілі немен ерекшеленеді? (қарымен, аязымен,айналанын бәрі аппаққа айналады.

-Қыс мезгілінде неше ай бар? атап өтіндерші ( 3ай, желтоқсан, қаңтар, ақпан)

-Кемпірқосақта неше түс бар? ( 7түс)

-Бағдаршамда неше түс бар? (қызыл, жасыл, сары) өте жақсы.

Енді логикалық сұрақтар қоямын, мұқият тындап, зер салып, дұрыс жауап беруге тырысайық.

-Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім, менде неше доп қалды?(1 доп)

-Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше

сағат ойлады? Жауабы: екі сағат

-Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай

лақтыру керек? Жауабы: жоғары

-Ағашта 5 құс отыр, оның 2 ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?( 3құс)

Қызықтыру сәті : Қоңырау соғылады (видеоқонырау)

Балалар бізге бейнеқоңырау шалып жатыр. кім екен көрейекші.

бейнеқоңыраудан Білім ханшайымы шығады.

Білім ханшамыйымы: Сәлеметсіздерме Балалар. Мен сендерге білім патшалығы " Ойлайық та , ойнайық" елінен қоңырау шалып тұрмын, мен білім ханшайымымын. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сендерді ақылды ,мейірімді, еңбекқор, өте білімді екендерінді естідім. Менің сендерге арнаған сыйлығым бар. Сыйлығымды алу үшін көп еңбектенулерін керек. Мен сендерді әртүрлі тапсырмаларымен сынағым келеді, сендерге дайындаған тапсырмаларым бар. Сендер орындайсындарма? Бірақ менің бір шартым бар, тапсырламаларды 3 топқа бөліп орындау керек. Келісесіндерме?

Тәрбиеші: Бәрекелді, олай болса тең үш топқа "Алғырлар" мен "Тапқырлар", "Дарындылар" болып бөлінейік. Қәне әр топтың топ басшылары шығып топтарын таңыстырып өтсін , өздерінің ұрандарын айтсын.

Аяжан : Біздің тобымыз- "Алғырлар тобы"

Біздің ұранымыз:

Біз ақлыды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Сабақты да жақсы оқып

Мектепке де барамыз

Әлібек : Біздің тобымыз -"Тапқырлар тобы "

Біздің ұранымыз: Біз әдепті баламыз

Оттай болып жанамыз

Сұрақ қойса ойланып

Дұрыс жауап табамыз

Қанатбек Айша : Біздің ұранымыз -"Дарылындылар тобы"

Біздің ұранымыз: Біз дарынды баламыз

Ақылды біз боламыз

Есептерді жылдам

Шешімін біз табамыз.

Білім ханшайымы: Өте жақсы. Менің тапсырмаларымды тез, әрі дұрыс орындадыңдар

Тәрбиеші : Әр тапсырмаға мен сендерге мынадай смайликтерді өз қоржындарына саламын.

1 тапсырма: Есептеу.

шарты: Мен қосыңдылармен азайтыңды амалдарды көрсетемін ал сендер қолдарындағы заттармен есепті құрастыруларын керек орын орына қою.

2 тапсырма:Уақыт бағдарлау.

Жұмбақтар шешу.Әр топ бір - біріне жасырады.

1)Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз, балабақ шамызға келеміз. бұл қай кезде болады?(таңертен)

2) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз, қыдырамыз бұл қай кезде болады?.(күндіз)

3) Күн батады қызарып, анамызды күтеміз.Бұл қай кезде болады ?(кеш)

Ханшайым: Ал енді мен сендерге жасырайын.

4) Уйлерде шам қызарып, демалады әлем деп әлдилеп ақ әжем ертегі оқиды. Бұл қай кезде болады (түн)

Тәрбиеші: Апта күндеріне байланысты жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдап жылдам жасыруға тырысайық.

1. 1 аптада 7 күн болса сол күнді мен бастаймын. Бұл қай апта күні?(дүйсенбі)

2. Сейсенбі,сәрсенбі күнде өтті, менде келдім.Бұл қай апта күні?(бейсенбі)

3. Жұма мен сенбіде өтті. Барлық жұрт демалады бұл күні. Бұл қай апта күні?

( жексенбі)

Сергіту сәтті : " Көңілді күн "

Білім ханшайымы: Өте жақсы көңілім бір көтерінкі болып қалды. Әрі қарай жалғастырамыз ба ?

3 тапсырма: Кеңістікті бағдарлау

Гулмирам Кажмухановна сізде үш суюжетті сурет берілген , әр топқа таратып беруіңізді сұраймын. Суюжетті суретке қарап кеңестікті бағдарлап, суретке өз ойларын жеткізу керек. 

4 тапсырма: Қандай геометриялық пішіндер білесіндер? геометриялық пішіндерге қандай зат ұқсайды? атап шығу.

1топқа төртбұрыш 2 топқа үшбұры 3 топқа Дөңгелек

Тәрбиеші: Балалар бір бірімізге логикалық сұрақтар қойып бір серігіп қалайық. Сұрақ қойамызба?

-Менің атым Мирас Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?

Жауабы: Мирас

-Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

Жауабы: 4 мысық

-Жүгіру жарысынан Имран, Ерік, Ерәлі үш орынды алды, егер: Ерік екінші орын алмаса, ал Ерәлі –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?

Жауабы: 1-Имран, 2-Ерік, 3-Ерәлі

1-5 сандар: кері және тура санау. 3 тілде.

5 тапсырма:

1 топқа Суреттегі заттардың ең биігін, ең аласасын және ең аз шарды тауып.

Оны боя.  

2топқа

Құстарды қанша екенін суреттің астына сәйкестендіріп сандар жапыстыру.

 2   5   3 4

3 топқа

Артық затты сыз.

 

Білім ханшайымы: Өте жақсы . Енді қортыңдылап үш топтың смайликтерін санауды ұсынамын.

Барлықтарына көңілім толып жақсы әсер алдым. Сендер шыныменде өте ақылды парасатты,мейірімді, есептерді тез шығарып , зейінді балалар екенсіңдер. Сендерді сыйлықсыз қалдырмаймын бұл көңілді сабақ болған соң сендерге өз патшалығымнан сендерге сыйлықты жібердім әп сәтте әкелуі мүмкін. Сендермен бірге күнім жақсы өтті . Қош сау болындар.

Тәрбиеші : Балалар сендерге бүгінгі біздің қызықты оқу қызметіміз сендерге ұнады ма? бізге кім бинеқонырау шалды . Бір шолу жасайық. Қандай қызықты білім ханшайымның тапсырмалары естерінде қалды.

Өте жақсы. Келген қонақтармен қоштасайық үш тілде.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!