Ойнайық та, ойлайық.
Тақырыбы: Ойнайық та,
ойлайық.
Мақсаты: Геометриялық пішіндер,
кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша балалардың
ой өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып
атай білуге, қанша? Қандай?- деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге
талап ету. Сол жақты, оң жақты, жоғары, төменді ажырата білу
ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Жыл мезгілін атап,
логикалық ойлау қабілетін дамыту. Зейінін ақыл ой белсенділігін,
тез ойлауға қабілетін ояту. Тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Әдіс
тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ
жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекіліктер: геометриялық
пішіндер,үйлестірмелі материалдар,
сандар,жемістер.
Сабақ
барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер
жасап тұрады.
Шаттық
шеңбері: Кел балалар
күлейік,
Күлкіменен
түлейік.
Күлкі көңіл
ашады,
Күліп өмір
сүрейік.
Балалар келген қонақтармен
амандасайық.
Балалар бүгін біз қызықты
математика Ойнайық та,
ойлайық еліне саяхат жасайық. Саяхат
жасамас бұрын мына сұрақтарға жауап
беріңдерші.
Қазір жылдың қай
мезгілі? Қыс
Бір жылда неше мезгіл
бар? Төрт. Қыс, көктем, жаз,
күз.
Күз мезгілі немен
ерекшеленеді? жапырақтың түсіп, күннің
салқындап бастауымен.
Бағдаршамда неше түс
бар? Үш түс бар, қызыл, сары,
жасыл.
Енді логикалық сұрақ қоямын,
ойланып жауап берейік.
Аулада үш балапан жүр, оған
бір балапан келіп қосылды барлығы қанша
балапан болды?
Дидактикалық
ойын.
Дидактикалық паннода
жетіспеген алма, алмұрт, сәбіз, балық,
жапырақтарды бір- бірінен ажыратып, өз
орнына санау арқылы орналастыруымыз қажет.
Сонымен қатар 3санына дейін заттарды
санату.
Ойлан
тап.
Шамаданға қажетті заттарды
атап салу, Қалаға қыдырып барарда нені қажет деп
аламыз? Cол заттарды шамаданға
орналастыру.
Күн бейнесін
бейнелеу.
Шарты: Шуағы жетіспеген күнге,
берілген сиқырлы 3қыстырғыштар арқылы күн бейнесін
бейнелеу.
Cергіту
сәті:
Бұлттар
төніп,
Ызғар
сеуіп,
Дымқыл тұман
басады.
Өңі
тайып,
Дала сұрғылт
тартады.
Түстерді ажыратып, санау
арқылы орнына орналастыру.
Тақтада сайқымазақ орналасқан
соған өз түстерін атап, оны санап орындарына қойып
көмектесу.
Топтық
жұмыс.
Шарты: Балалар екі топқа
бөлінеді. Екі топта өз алдына берілген ақ түсті қағазға,
түрлі-түсті берілген пішіндер арқылы үй құрастыру. Қажетті
пішіндерді алып, желім арқылы жабыстырып, үлкен үйді
құрастырамыз.Қандай пішін пайдаланғандарын атап, пішіннің түстерін
атап өтеді.
Қимылды
ойын.
Балалар саусақтарын қимылдату
арқылы үшке дейін санап, саусақтарын жақтықтырып, қолдарымен
санайды. Әр балаға берілген тапсырма бойынша саусақ арқылы санап,
санын ретімен орналастыру қажет. Қасында берілген көбелектерді
санап, саны бойынша сол санның қасына орналастырып қоюды үйрену
қажет.
Қорытынды:
Сабақ ұнады
ма?
Қандай тапсырмалар
орындадық?
Нелердің бейнесін
жасадық?
Неше санын қайталап
үйрендік?
Нені
құрастырдық?
Қандай пішіндерді
пайдаландық?
Жарайсыңдар балалар. Бүгін біз
қорытындылай келе, ойнайық та ойлайық деген кезекті тақырыбымызды
аяқтаймыз. Барлық бүлдіршіндер көп
нәрсені ойлап, санап, ажырата білуге үйренді деп ойлаймын. Қатысып,
белсенді бола білген балаларға өте жақсы деп айтқым келеді. Сау
болыңыздар Ботақан тобының
бүлдіршіндері.