жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ойнайық та, ойлайық
Математикадан сайыс сабақ.
Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» (Ересектер тобы)
Сабақтың мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін(таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін
атап білу. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекілік: Жеті ханшасы, «Жеті хандығына» шақыру билеті, жеті түрлі сыйлық, эмблемалар, жұлдызшалар, қиылған геометриялық
пішіндер, фланелеграф, слайд суреттері, ведио.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге қонаққа көптеген апайлар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.(Үш тілінде балалар амандасады)
1-бала:Еліме тынныштық тілеймін.
2-бала:Күніміз жарық болсын!
3-бала:Аспанымыз ашық болсын!
4-бала:Деніміз сау болсын!
5-бала:Бәріміз дос болып жүрейік!
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Т/ші: Балалар бізді математика әлеміндегі «Жеті санының ханшасы», шақырып, мынандай шақыру билетін жіберіпті. Жеті ханшасы бізді қонаққа аптаның үшінші күніне шақырған , кәне кім айтады, аптаның үшінші күні қалай аталады? Дұрыс балалар, шақыруды қабылдаймыз ба? Олай болса мына сыйлықтарды жеті ханшайымына ала барайық. Ол үшін сыйлықтарды рет-ретімен қорапқа салайық. Енді балалар ұшаққа отырып, жеті ханшасының хандығына жолға шығайық. Балалар музыка әуенімен ұшақпен келеді. Міне, балалар жеті хандығына да келіп қалдық. Тәрбиеші балалардың назарын жеті ханшасының танымдық белгілеріне назар аударады.
Сәлеметсіз бе, жеті ханшасы! Біз сіздің шақыруыңызбен келдік. Мынау сізге ала келген сыйлығымыз.
Жеті ханшасы: Рахмет! Сәлеметсіз бе, балалар!Балалар сендер жетіге дейін тура және кері санай аласындар ма? (Балалар санап береді)
Мен сендерге түрлі тапсырмалар дайындап қойдым. Сендер орындайсындар ма? Бірақ менің бір шартым бар, тапсырмаларды екі топқа бөлініп, жарысып орындауларың керек. Келісесіңдер ме?
Т/ші: Бәрекелді, олай болса тең екі топқа «Алғырлар» мен «Тапқырлар» болып бөлінейік. Қане әр топ өздерінің ұрандарын айтсын.
1. «Алғырлар»-тобы:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Сабақты да жақсы оқып,
Мектепке де барамыз.
2. «Тапқырлар»-тобы:
Біз әдепті баламыз,
Оттай болып жанамыз.
Сұрақ қойса ойланып,
Дұрыс жауап табамыз.
Ханша: Менің тапсырмаларымды тез, әрі дұрыс орындасаңдар мен сендерге жұлдызша беремін.
«Миға шабуыл»./ Жылдам жауап беру/
. Біз
қай аулда тұрамыз?
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- 1жылда неше ай бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бір аптада неше күн бар?
- Апта күндерін атап айт.
- Бүгін аптаның нешінші күні?
- Балабақшаға аптасына неше күн келеміз?
- Қай күндері келеміз балабақшаға?
- Қай күндері демаламыз?
- Жақсы жарайсыңдар.
Қай топ сұраққа көп жауап берсе, сол топқа жұлдызша беріледі.
2. Тапсырма:»Колумбово яйцо» Ойын: «Аңдарды құрастыр» Геометриялық пішіндермен аңдар құрастыру. Қай топ көп, дұрыс құрастырса соған жұлдызша беріледі.
3. Тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау» (Слайдтан сурет көрсетіледі).
Балалар мынау не? Неге аққайың дейміз? (Өйткені оның діңі ақ, үстінде қара дақтары бар). Балалар аққайынның оң жақ, сол жағында, жоғары, төменінде не орналасқанын айтады.
4. тапсырма: Логикалық есептер шығару.
а) Қонжық екеу, табаны нешеу? (8)
б)Үш қоянда қанша құлақ бар? (6)
в) Ағашта төрт құс отыр,оған екі құс келіп қосылды.Ағашта қанша құс отыр?(6)
г) Бір шіңбер, бір шеңберді көтеріп тұр? (8)
Жұлдызшалар беру, мадақтау.
Сергіту сәті:Слайд-арқылы /Көңілді күн/
5. Тапсырма: Жаңылтпаштар айту.Әр топ кезекпен айтады.
а) Төсек үстінде төрт бөрік, төртеуі де көк бөрік.
б) Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар.
в) Үш қарындаш үш түрлі, үш қарындаш үш қырлы, үш қарындаш ұшқырлы.
г) Көк тырна, көп тырна. Тыраулап көп тұрма.
6. Тапсырма: Дидактикалық ойын: «Қай сан жоқ?» Фланелеграфта жоқ сандарды тауып орнына қою.
7.Тапсырма:«Уақытты бағдарлау».Жұмбақтар шешу.Әр топ бір-біріне жасырады
а) Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз.
Әжемізге ереміз, бақшамызға келеміз. Бұл қай кезде болады? (Таңертең)
б) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз,қыдырамыз. Бұл қай кезде болады? ( Күндіз)
в) Күн батады қызарып,мамамызды күтеміз.Бұл қай кезде болады? (Кеш)
г) Үйлерде шам жанады,дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем.Бұл қай кезде болады? (Түн)
Ханша: Жарайсындар балалар! Енді қай топ жеңіске жеткенін жұлдызшаларды санап білеміз. Ал, қанеки санайық. Бәрекелді балалар,сендер бәрің ақылды, білімді екенсіндер. Балалар мен сендерге сыйлық беремін,оны балабақшаға барған соң көресіңдер. Сау б олыңдар,балалар!
Жеті ханшайымының беріп жіберген геометриялық пішіндер
Балалар ханшамен қоштасып,ұшаққа отырып балабақшаға ұшып келеді.
Ендеше бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін «Тақия тастау»ойыны ойнайық.Тақияны кімнің басына кигіземін сол бала менің сұрақтарыма жауап береді.
-Бүгін сабақ үнады ма?
-Не үнады?
--Бүгін біз не істедік?
Тапсырма. «Сан санау».
Поездағы аңдарды санау.
1 - ші, 2 - ші, алдыңда, артында...
Үлкен - кішкентай
Биік - аласа.
- Жақсы жарайсыңдар!
2. Тапсырма. «Шатасқан сандар»
а) Қатты жел соққан кезде сандар орындарын шатастырып алыпты оларды
1 - ден 10 - га дейін дұрыс орналастырайық.
б) 1 - ден 10 - ға дейін яғни сандарды тура және кері санау.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
в) 3 - тен бастап сана,
г) 6 - дан ары қарай сана
3. Тапсырма. Ойын: «Көрші санды ата».
4 санның көршісін тап
6 санның көршісін тап
9 санның көршісі.
4. Тапсырма «Қай сан жоқ?»
Нүктелердің орнына жоқ санды орналастыру.
5.
Тапсырма. «Суреттегі заттарды санмен белгіле».
Суреттегі заттарды санап, санына қарай қажетті санды көрсету.
Слайд арқылы 5 - 6 сурет қолдану.
6. Тапсырма. Ойын: «Ойна да ойла». Логикалық сұрақтар.
1. Қонжық екеу, табаны нешеу?
2. Үш қоянда неше құлақ бар?
3. Аланда емен ағашы өсіп тұр. Еменде барлығы неше алма өсіп
тұр?
4. Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жүгіруге қоян,
түлкі, балық қатысты. Осы жарыста балық нешінші болып келді деп
ойлайсыңдар?
5. Шеңбердің бұрышы бар ма?
6. Иттің құйрығы нешеу?
7. Ай көп, жұлдыз көп пе?
8. Гүлдің неше сабағы бар?
9. Не ауыр піл ме, қоян ба?
10Жағаға дейін қаз тез жүзе ме, әлде әтеш пе?
11. Жол кең болса, ал тротуар ше?
12. Аю үлкен, ал тиын...
13. Алма тәтті, лимон...
14. Адамда неше бас бар?
15. Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
7. Тапсырма.
Суретте қандай геометриялық пішіндер орналасқан?
Санағыш таяқшамен жұмыс:
Таяқшалардан геометриялық пішіндер құрандар.
Үш бұрышы, үш қабырғасы бар...
Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бірдей...
Төрт бұрышы бар, екі қабырғасы ұзын, екі қабырғасы қысқа...
Бес таяқшадан бірдей екі үшбұрыш құрастыр.
8. Тапсырма «Уақытты бағдарлау».
Жұмбақтар шешу.
а) Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз. Анамызға ереміз,
бақшамызға келеміз. Бұл қай кезде болады?
б) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз, серуенге шығамыз,
қыдырамыз. Қай кезде?
в) Күн батады қызарып, мамамызды күтеміз. Бұл қай кезде болады?
г) Үйлерде шам жанады, дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем. Бұл
қай кезде болады?
- Сонымен бір тәулікте нешеге бөлінеді?
9. Тапсырма:
«Кеңістікті бағдарлау».
Алдарында жатқан ақ қағаздың
жоғарғы оң жағына – үшбұрыш,
төменгі сол жаққа - төртбұрыш,
жоғарғы сол жаққа - дөңгелекті,
төменгі оң жаққа - шаршыны, ортасына - сопақшаны
орналастырыңдар.
10. Тапсырма.
Математикалық мақал - мәтелдер:
1. Бір досың болғанша,
Жүз досың болсын.
2. Бір тал кессең, он тал ек.
3. Сегіз қырлы, бір сырлы.
4. Бес саусақ бірдей емес.
1-топқа: 1-есеп.
Бір алманы төртке бөлдім,
Бір бөлігін жеп те көрдім.
Қалған үлкен үш бөлігін,
Қасымдағы үш досыма бердім.
Қолымда нешеуі қалды?(0).
2-есеп.табақта бес алма,
Қолымда екі алма.
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма?(7).
2-топқа:1-есеп.
Бір-бірімен жпрысқан,
Екі аю,бір арыстан,
Екі қоян,үш түлкі,
Бәрі неше ойлан сен?!(8).
2-есеп.Бір бұтақта бес торғай отыр еді.Екеуі ұшып кетті.Бұтақта неше торғай қалды?(3).
Жұмбақ сайысын бастайық,
Ойланайық,саспайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешіп оны тастайық.
Жұмбақтар:1-топқа.Көктен түсіп көбейді,
Ұқсайды өзі шекерге.
Бірақ ешкім жемейді,
Жерде жатыр тапталып(Қар).
Түнде әйнекке қонады,
Әсем ою салады.(Аяз).
2-топқа:Жалт-жұлт етеді,
Ұстасаң еріп кетеді.(Қар).
Суға батпайды,отқа жанбайды.(Мұз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген