Материалдар / ОЙНАЙЫҚ ТА, ОЙЛАЙЫҚ (ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОЙНАЙЫҚ ТА, ОЙЛАЙЫҚ (ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін(таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін атап білу. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2018
842
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОЙНАЙЫҚ ТА, ОЙЛАЙЫҚ (ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫ)

Математикадан сайыс сабақ.

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» (Ересектер тобы)

     Сабақтың мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін(таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін

атап білу. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.

Көрнекілік: он ханшасы, «он хандығына» шақыру билеті, , эмблемалар, жұлдызшалар, қиылған геометриялық

пішіндер, фланелеграф, слайд суреттері, видео.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер жасап тұрады.

Тәрбиеші:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге қонаққа көптеген апайлар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.

 

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Т/ші: Балалар бізді математика әлеміндегі «Он санының ханшасы», «Он хандығына» шақырып, мынандай шақыру билетін жіберіпті. Он ханшасы бізді қонаққа аптаның үшінші күніне шақырған , кәне кім айтады, аптаның үшінші күні қалай аталады? Дұрыс балалар, шақыруды қабылдаймыз ба? Олай болса мына сыйлықтарды жеті ханшайымына ала барайық. Ол үшін сыйлықтарды рет-ретімен қорапқа салайық. Енді балалар ұшаққа отырып, жеті ханшасының хандығына жолға шығайық. Балалар музыка әуенімен ұшақпен келеді. Міне, балалар жеті хандығына да келіп қалдық. Тәрбиеші балалардың назарын жеті ханшасының танымдық белгілеріне назар аударады.

Сәлеметсіз бе, жеті ханшасы! Біз сіздің шақыруыңызбен келдік. Мынау сізге ала келген сыйлығымыз.

Жеті ханшасы: Рахмет! Сәлеметсіз бе, балалар!Балалар сендер жетіге дейін тура және кері санай аласындар ма?  (Балалар санап береді)

Мен сендерге түрлі тапсырмалар дайындап қойдым. Сендер орындайсындар ма? Бірақ менің бір шартым бар, тапсырмаларды екі топқа бөлініп, жарысып орындауларың керек. Келісесіңдер ме?

Т/ші: Бәрекелді, олай болса тең екі топқа «Алғырлар» мен «Тапқырлар» болып бөлінейік. Қане әр топ өздерінің ұрандарын айтсын.

1. «Алғырлар»-тобы:

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Сабақты да жақсы оқып,

Мектепке де барамыз.

2. «Тапқырлар»-тобы:

Біз әдепті баламыз,

Оттай болып жанамыз.

Сұрақ қойса ойланып,

Дұрыс жауап табамыз.

Ханша: Менің тапсырмаларымды тез, әрі дұрыс орындасаңдар мен сендерге жұлдызша беремін.

1. Тапсырма: «Кім шапшаң?» МАД тобының балалары сұрақ қояды, видео арқылы.

а) Біз қай қалада тұрамыз?

б) Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

в) Жыл мезгілдерін ата?

г) Қазір жылдың қай мезгілі?

д) Кемпірқосақта неше түс бар?

ж) Бағдаршамда неше көз бар?

Қай топ сұраққа көп жауап берсе, сол топқа жұлдызша беріледі.

2. Тапсырма: Ойын: «Аңдарды құрастыр»  Геометриялық пішіндермен аңдар құрастыру. Қай топ тез, дұрыс құрастырса соған жұлдызша беріледі.

3. Тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау» (Слайдтан сурет көрсетіледі).

Балалар мынау не? Неге аққайың дейміз? (Өйткені оның діңі ақ, үстінде қара дақтары бар). Балалар аққайынның оң жақ, сол жағында, жоғары, төменінде не орналасқанын айтады.

4. тапсырма: Логикалық есептер шығару.

а) Қонжық екеу, табаны нешеу?       (8)

б)Үш қоянда қанша құлақ бар?   (6)

в) Ағашта төрт құс отыр,оған екі құс келіп қосылды.Ағашта қанша құс отыр?(6)

г) Бір шіңбер, бір шеңберді көтеріп тұр?  (8)

Жұлдызшалар беру, мадақтау.

Сергіту сәті:

Сырға-сырға сырғалар, құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік, сол қолымда білезік.

Саусақтарда сақина, санап көрші қанеки?

Бір-екі-үш, бір-екі-үш, демалайық жинап күш.

5. Тапсырма: Жаңылтпаштар айту.Әр топ кезекпен айтады.

а) Төсек үстінде төрт бөрік, төртеуі де көк бөрік.

б) Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар.

в) Үш қарындаш үш түрлі, үш қарындаш үш қырлы, үш қарындаш ұшқырлы.

г)  Көк тырна, көп тырна. Тыраулап көп тұрма. 6. Тапсырма: Дидактикалық ойын: «Қай сан жоқ?» Фланелеграфта жоқ сандарды тауып орнына қою.

 

7.Тапсырма:«Уақытты бағдарлау».Жұмбақтар шешу.Әр топ бір-біріне жасырады

а) Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз.

Әжемізге ереміз, бақшамызға келеміз. Бұл қай кезде болады?  (Таңертең)

б) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз,қыдырамыз. Бұл қай кезде болады?       ( Күндіз)

в) Күн батады қызарып,мамамызды күтеміз.Бұл қай кезде болады?  (Кеш)

г) Үйлерде шам жанады,дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем.Бұл қай кезде болады?    (Түн)

Ханша: Жарайсындар балалар! Енді қай топ жеңіске жеткенін жұлдызшаларды санап білеміз.Ал, қанеки санайық. Бәрекелді балалар,сендер бәрің ақылды, білімді екенсіндер. Балалар мен сендерге сыйлық беремін,оны балабақшаға барған соң көресіңдер. Сау болыңдар,балалар!

Балалар ханшамен қоштасып,ұшаққа отырып балабақшаға ұшып келеді.

Сабақты қорытындылап, мадақтау.

Он ханшайымының беріп жіберген геометриялық пішіндерден

«Бақа» мен «Күшік» құрастырады.Балалар құрастырып болған соң, қонақтарға жұмыстарын табыс етеді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!