400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойнайық та ойлайық» жарыс сабақ 7-9 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың максаты: Бала ойын баласы.Балалар көбіне ойын ойнағанды жақсы көреді.Ойнап жүріп те коп нарсе үйренеді.Ойын ойнай отырып ойланады, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алады.Сол себепті окушылардың физика пәні курсы бойынша алған білімдерін жан-жақты тексеру, пысықтау,бекіту,жүйелеу, өзбетінше тұжырымдау дағдысын халықтық педагогиканы қолдана отырып қалыптастыру,.өмірден,табиғаттан,техникадан,күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып,оқушылардың ойын , зандылықтарды салыстыра отырып, ажыратуға, формулаларын еске сақтау дағдысын дамыту,әр оқушыны өз пікірін тиянақты, сауатты жеткізуге жаттықтыру, оқушылардың білімге , физика пәніне ғылымға деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру,ұжыммен жұмыс істеуге,еңбекке баулу,қасындағы жолдасының,сыныптасының,қарсылас топтың пікірін тыңдай білуге құрметтей білуге,өз бетімен ізденуге дағдыландыруды ойын-жарыс түрінде өткізсе,балалар жалықпайды..
Материалдың қысқаша нұсқасы



Урунбасарова А.К

Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, № 17 орта мектеп жоғары санатты физика пәні мұғалімі

«Ойнайық та ойлайық» жарыс сабақ 7-9 сынып.

Сабақтың максаты:

Бала ойын баласы.Балалар көбіне ойын ойнағанды жақсы көреді.Ойнап жүріп те коп нарсе үйренеді.Ойын ойнай отырып ойланады, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алады.Сол себепті окушылардың физика пәні курсы бойынша алған білімдерін жан-жақты тексеру, пысықтау,бекіту,жүйелеу, өзбетінше тұжырымдау дағдысын халықтық педагогиканы қолдана отырып қалыптастыру,.өмірден,табиғаттан,техникадан,күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып,оқушылардың ойын , зандылықтарды салыстыра отырып, ажыратуға, формулаларын еске сақтау дағдысын дамыту,әр оқушыны өз пікірін тиянақты, сауатты жеткізуге жаттықтыру, оқушылардың білімге , физика пәніне ғылымға деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру,ұжыммен жұмыс істеуге,еңбекке баулу,қасындағы жолдасының,сыныптасының,қарсылас топтың пікірін тыңдай білуге құрметтей білуге,өз бетімен ізденуге дағдыландыруды ойын-жарыс түрінде өткізсе,балалар жалықпайды..

Құрал-жабдықтар, көрнектіліктер: Физиканы Әр тарауына арналган плакаттар, қабырға газеттер,оқушылардың шығармашылық жұмыстары бойынша көрме , физика пәні жайында,ұлы физиктер жайында қызықты кітаптар көрмесі, физикалық құралдар көрмесі,оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі т.б.

Сабақ түрі; қайталау, саяхат сабақ

фиизикалық пантомимо»

Бұл турда екі командағада төрт пантомимодан көрсетіледі. Командалар қимылдар арқылы қандай физикалық шама немесе физикалық құбылыс көрсетілгенін табулары керек?

1.

Оншақты оқушы ортаға шығып ,әр қайсысы әр жақа тоқтаусыз ретсіз қозғала береді .

Сұрақ : Бұл қыймыл- көрініс арқылы қандай физикалық құбылысты көрдіңіздер?

Жауап : (Броуындық қозғалыс. Молекулалардың бейберекет қозғалысы .)

2.

Ортаға 6 оқушы шығады .Екі қыз бала, екі ұл бала бір қыз және бір ұл бала болып, 3 жұп түзеді . Содан соң екі қыз және екі ұл баланың жұптары бір-бірінен алыстайды,ал бір қыз және бір ұл баладан құралған жұп бір –біріне жақындайды .

Сұрақ: Бұл қыймыл көрініс арқылы қандай физикалық құбылыстарды көруге болады?

Жауап : (Зарядтардың бірін –бірін тарту және тебу құблыстары )

3.

Екі оқушы ортаға шығып қолдарын айқастырып ұстайды ,үшінші оқушы қолдарына отырады.оқушыны арылы- берілі бірнеше рет тербейді.

Сұрақ: Бұл қыймыл-көрініс арқылы не айтуға болады. ?

Жауап : (Тербеліс)

4.

Ортаға 10 шақты бала шығады ,қолдарында ақ түсті үрленген шарлары бар.Алғашында 10 оқушының 10-да отырған жерлерінде қолдарына ұстап тұрған шарларды еденге тигізіп ұстап тұрады. Содан соң оқушылар шарлармен бірге бірінен соң бірі жоғары қарай баяау көтеріледі де, шарлардың жоғарыда бірінен соң бірі жарылады ,жарылған дыбыс есітіледі.

Сұрақ: Бұл қыймыл-көрініс арқылы қандай физикалық процесс көрсетілді?

Жауап : (Қайнау)

5.

5-6 оқушы ортаға шығады .Оның біреуі созылады,екіншісі иіледі,үшінші және төртіншісі бұралады т.с.с.

Сұрақ :Бұл қимылдар арқылы қандай физикалық құбылысты көруге болады.?

Жауап : (Деформация созылу ,иілу, бұралу).

6.

Бір оқушы сары қағаздан жасалған дөңгелекті көрсетіп өтеді,артынан екінші оқушы күміс түсті қағаздан жасалған дөңгелекті көрсетеді.

Сұрақ: Бұл қимыл-көрініс арқылы қандай физикалық құбылысты көрдіңіздер?

Жауап : (Күн мен Ай-табиғи жарық көздері .Алтын теңге кетеді,күміс тенге келеді)

7.

Оншақты оқушылар ортаға шығадыОртасынан біреуі шығып, бірінің қолын екіншісінің қолын ұстатады , екіншісінің қолын үшіншісіне ұстатады солай дөнгеленіп шеңбер тұйықталады.

Сұрақ: Бұл қыймыл-көрініс арқылы не деуге болады? Жауап : (Өткізгіштерді жалғау).

8.

Ортаға екі оқушы шығады .Бірінші оқушы қаламсапты екінші оқушыға береді. Екінші оқушы қаламсапты ұстайды қолынан түсіп кетеді ,кітапты ұстатады ол да қолынан түсіп кетеді ,борды ұстатады ол да қолынан түсіп кетеді .

Сұрақ: Бұл қыймыл- көрініс арқылы не деуге болады?

Жауап : (Үйкеліс күшінсіз ешнәрсені ұстай алмайтындығымызды

т.с.с.с....).

« Физикалық ералаш»

30 қабырғалы ,517 мускулдан,алдынғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар ,жүгіргенде жылдамдығы 50км/сағ, 60 метр қашықтықтан көре алатын,адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады? жауабы:(Мысық)

  1. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойс,кесе ішінде не қалады? жауабы: (Ауа)

  2. Орнынан қозғалмай не өтіп барады? жауабы: (Уақыт)

  3. Қандай ыдысқа су құйылмайды ? жауабы: (су толы ыдысқа )

  4. Елеуішпен су әкелуге болады ма?. жауабы: (Болады : қар ,мұз күйінде)

  5. Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді? жауабы: (Құс жолымен )

  6. Теңізде қандай тастар болмайды? жауабы: (Құрғақ тастар )

  7. Кім барлық тілде сөйлейді ? жауабы: (Жаңғырық)

  8. Көзіңмен көресің ,бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? жауабы: (Сағым)

  9. Күннің көзі жылына неше рет шығады ? жауабы: ( )

  10. Алманың бір жартысы неге ұқсайды? жауабы: (екінші жартысына )

  11. Бөлменің ішінде адам бассыз бола алады ма? жауабы: (ия, басын терезеден шығарып тұрғанда)

«Бұл фокус емес ,бұл физика »

Оқушылар бірнеше тәжрибелер көрсетеді де,соңынан тәжрибелерді түсіндіреді.

1. Неліктен су төгілмейді ? деп аталады.

Тәжрибені көрсету үшін керекті заттар:Стакан, су,қағаз. 1.Стаканға су құйып ,бетін бір парақ ақ қағазбен жабамыз. 2.қағазды қолмен басып тұрып бірден стаканды төңкереміз. 3.Егер енді қолды қағаздан жай тартып алсақ стакандағы су төгілмейді 4 қағаз стақан бетіне кептеліп қалған тәрізді болады.Неліктен су төгілмейді? Жауабын түсіндір.

2. Бутылкаға жұмыртқаны салу ? деп аталады.

Тәжрибені көрсету үшін керекті заттар:Іші бос мөлдір шыны бөтелке, пісіріліп аршылған екі жұмыртқа, мақта,сірінке, кішкене спирт немесе бірнеше тамшы одеколон.

1.Іші бос мөлдір шыны бөтелкені алып оның аузына пісіріліп аршылған жұмыртқаны қоямыз,ештене байқалмайды.

2.Ұзын таяқша алып оның басына құрғақ мақтаны ораймыз

3.Мақтаны кішкене спиртке малтып аламыз немесе мақтаға бірнеше тамшы одеколон тамызамыз

4.Мақтаны сірінкенің көмегімен тұтатамыз да бөтелке ішіне енгіземіз

5.Ағашты бөтелкеден шығарып аламыз

6.Бөтелкенің аузына пісіріліп аршылған жұмыртқаны қоямыз.Бөтелкенің ішіне жұмыртқаның еніп кеткенін байқаймыз.Бұл қалай болды жауабын түсіндір.

3. Не байқадыңдар? деп аталады .

Тәжрибені көрсету үшін керекті заттар:

Екі мөлдір шыны ыдыс стакан немесе 0,5 литрлік банкі ,екі картошка,тұзды су, таза су.

1.Бір ыдысқа таза су,екіншісіне тұзды су құйыңдар.

2.Екі ыдысқа да бір- бір картошка салыңдар.

3.Енді ыдысқа қараңдар не байқадыңдар? Жауабын түсіндір.

4. Тенгені судан құрғақ алу? деп аталады .

Тәжрибені көрсету үшін керекті заттар:

Жалпақ тарелке,су,монета-тенге,сірінке,свеча,мөлдір іші бос стакан немесе бос банкі болса да болады.

1.Тарелкеге азғана су құяды

2.Суы бар тарелкеге монетаны саламыз

3.Енді монетаны судан құрғақ күйінде алуымыз керек.Қалай аламыз? Жауабын түсіндір.

5. Не байқадыңдар? деп аталады .

Тәжрибені көрсету үшін керекті заттар:

Екі мөлдір шыны бөтелке немесе шыны мөлдір стакан, таза су, 10 қасық ас тұзы, қасық, екі піспеген жұмыртқа.

1.Бір стаканға таза су қүямыз да,стакан ішіндегі суға ептеп жайғана қасықпен

Піспеген жұмыртқаны сындырып алмай саламыз.

2. Екінші стаканға 10 қасық ас тұзын салып ерігенше араластырамыз, содан соң стакан ішіндегі суға ептеп жайғана қасықпен

Піспеген жұмыртқаны сындырып алмай саламыз.Не байқалды? Жауабын түсіндір.

6. Диффузия деп аталады.

Тәжрибен көрсету үшін керекті заттар: Таза су, 2 мөлдір шыны бөтелке,3 бөтелкеге тура келетін қақпақ ,2 түрлі бояу-краска.

1.Екі іші бос мөлдір шыны бөтелкені таза сумен толтырамыз да көрермендерге көрсетеміз

2.Үш қақпақтың біріуінің іші боялмаған,ал қалған екі қақпақтың ішкі жағын алдын-ала әртүрлі бояу –краскамен боялып қойямыз.Көрермендерге іші боялмаған қақпақты көрсетеміз ,сонан соң қалған екі қақпақпен суы бар бөтелке бетерін жабамыз.

3.Бөтелкелерді шайқап –шайқап жібереміз ,бөтелке ішіндегі су әртүрлі түске боялады.Бұл қалай болды?. Жауабын түсіндір.

Физикалық жұмбақ –есеп әлемінде» 

Екі командаға бірдей физикалық жұмбақ есептер оқылады, әр команда жарыса жауап береді.Бір жұмбаққа бір ұпайдан беріледі.

Физиқалық жұмбақ жасырылады, осы жұмбақтың шешімін тауып, сол сөзге қатысты физикалық мағына айту (1-2 сөзбен түсіндіру керек).

1.Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсең егер де.

Басқа күйге ауысса, Жұмыс істейді әрқашан.

Шешуі: Энергия


2.Бойындағы зарядты , Ұзақ уақыт сақтайды.

Реленің күшімен Бүлдірместен баптайды.

Шешуі: Аккумулятор


3. Жылт – жылт етеді, жылғалардан өтеді.
Шешуі: Су - заттың сұйық күйі

4.Тіршіліктің қамы үшін,

Жоқшылықты тежейді. Егер іскер жан үшін ,Жоқшылықты тежейді.

Шешуі: Жұмыс

5.Пайдаланған мені мені жұрт, Отын және жарыққа.

Қызмет етем әрқашан, Түсіне білген халыққа.

Шешуі: Электр тогы.

6. Алтын тенге кетеді,
Күміс теңге келеді.
Шешуі: Күн мен ай – табиғи жарық


7.  Хабар алған алыстан,

Екі  өріс  табысқан Шешуі :(Электромагниттік өріс)


8.      Жәй көзге көрінбейді,

Қозғалуға ерінбейді? Шешуі: (Молекула)

9.Диэлектрикпен бөлінген,

Екі өткізгіштен тұрады. Зарядтарды қойылтып, Құралдарға бұрады. Шешуі : (Конденсатор)

10.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. Шешуі : (Жол)

11.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? Шешуі : (Уақыт)

12.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? Шешуі : (Жылдамдық

13.Асып кетсе кернеуді, Төмендетіп береді. Кеміп кетсе кернеуді, Жетерліктей береді. Мұны ойлап тауып еді , Яблочков пен Усагин, Тұтынуға қажетті, Тауып берем кернеуді.

Шешуі : (Трансформатор) 14.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. Шешуі : (Үдеу)

15.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. Шешуі : (Күш)

16.Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан барлығы бірақ қорқады. Шешуі : (Қысым)

17

Көкке қараған , жұлдыз санаған . Шешуі : (Телескоп)
18.
Бірдей көлемдегі масса, кейде көп,
Аз болса да кейде дөп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек. Шешуі  (Тығыздық)

19.
Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды. Шешуі  (Масса)

20.Туыстарын шетінен өбеді де бетінен. Бала-шаға ұсағын, Бауырына қысады. Шешуі  (Магнит)

21.Тогы баржерде,біреу бар.

Өлшемі вольт,киловольт

Ұмытып кетпе, тағы бар, Гектовольт және меговольт, Шешуі: Кернеу

22.Аса қажет өмірге,халық үшін,

Пайдаланам күн сайын жарық үшін.

Шешуі : (Электр шамдары.)

23.Бары -жоғын оның білмейсің, Бірақ онсыз өмір сүрмейсің.

Шешуі : (Ауа.)


24.Бір бұл-бұл отырады ән салып. Жүруге аяғы жоқ,емес жанды. Өнері қандай асқан деп ойладым .Бір демде жер түбінен хабар алды.

Шешуі :Радио.)

25.Аспанда алай-дүлей болып келіп, Шатыр-шұтыр етеді. Жүз өзенді бойлап, жүз аулаға жетеді.

Шешуі: (Су-заттың сұйық күйі.







Тіл- өнер

Берілген сұрақтың дұрыс жауабын тауып, оны орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Дұрыс  жауапқа қазақ тілінде -10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай беріледі.

     Сұрақтар.

1.     Сұйықтың  ең басты қасиеті : сұйық пішінін өзгертеді, ал нені өзгертпейді ? жауабы: (көлем, обьем, voIume)

2.Қандай  физикалық шама Паскальмен  өлшенеді ? жауабы: (қысым, давление, pressure)

3.     Дененің  қызулық дәрежесін сипаттайтын шама? жауабы: (температура, температура, temperatura )

4.     Неде су буының болуын «ылғалдық» деп атаймыз? жауабы: (ауа, воздух, air)

5.     Қандай  денелер кристалдық күйде болады? жауабы: (қатты, твердый, )

6. Жұрттың  бәрі соны сүйеді,

Бірақ  қарағысы  келмейді. жауабы: (күн, солнце, sun)

«Физикалық мағанасы бар мақалдар айту»

Екі командаға физикалық мағанасы бар 10 мақалдан айту тапсырылады, оқушылар жарыса жауап береді. Бір мақалға бес ұпайдан беріледі
1.Қалауын тапса,қар да ерйді. 
2.Қазан отпен,адам қозғалыспен қызады.
3.Отқа салсаң, темірде балқиды .
4.Ескі мұз ерігіш, жаңа дос жерігіш келеді.
5.Отты үрлеген жағады, 
Шындықты іздеген табады. 
6.Азықсыз адам алысқа бармайды.
7.Жел болмаса шөптің басы қимылдамайды .
8.Аузы күйген үрлеп ішеді .
9.Дән себілмей астық өнбес, дария буланбай шық түспес .
10.Күн шыққан соң, суарған суды күн жұтады, 
Күн батқан соң суарған суды жер жұтады .

11. Саусақ бірікпей –ине ілікпейді. 
12.  Қыс соңынан жаз келер.
13. Қарыстан сүйем жақын. 14. Гауһарды мысқалдап өлшейді .
15 .Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді .
16 . Аттыға жаяу жолдас бола алмас .
17. Шапқан озар, жатқан қалар .
18. Қимылдаған қыр асар. 
19. Күші көп бірді жығады,білімді мыңды жығады. 
20. Айдағаны бес ешкі, 
Ысқырығы жер жарады.

21.Білім қайда болса,

Биіктік сонда « Қалай аталады  »
Екі командаға физикдан 10 сұрақ қойылады, әр команда жарыса жауап береді. Бір сұраққа бір ұпайдан беріледі.

1.Дененің траектория бойымен жүріп өткен арақашықтығы қалай аталады? жауабы: (Жол) 
2.Заттың көлемін сақтап, пішінін өзгертетін күйі қалай аталады? жауабы: (Сұйық) 
3.Бірнеше атомдардың өзара бірігуі қалай аталады? жауабы: (Молекула) 
4.Бір зат молекулаларының екінші заттың молекулаларымен өздігінен араласуы қалай аталады? жауабы: (Диффузия) 
5.Заттың бөлінбейтін өте кішкентай бөлшегі қалай аталады?. жауабы: (Атом) 
6.Әлемде не бар болса, соның бәрі қалай аталады. жауабы: (материя) 
7. Ақ түстің жеті түрлі түске жіктелуі қалай аталады? Жауабы : ( Кемпірқосақ) 
8.Молекулалары белгілі тәртіппен орналасқан зат күйі қалай аталады? жауабы: (Қатты) 
9.Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүретін қозғалыс  қалай аталады? жауабы: (Бірқалыпты қозғалыс.)

10.Бойымен жарық таралатын сызық қалай аталады?

жауабы: (Сәуле.)

Сабақты мына өлен жолдарымен  аяқтағымыз келіп отыр:

Физика қызықты  талайға ,қалайда

Саяхат жасалды  физика  сарайына

«Құпия  сандық» ашылды,

Ішінен білімнің шуағы шашылды

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер.

Сонымен бүгінгі Ойнайық та ойлайық » атты жарыс сабағымызды аяқтаймыз .

Бүгінгі сабаққа қатысқан екі топтың жалпы жыйған ұпайларын хабарлау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
802
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі