жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ойнайық та,ойлайық!
Сабақтың тақырыбы : « Ойнайық та,ойлайық»
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Көрнекілік: Слайд ,интербелсенді тақта,қима қағаздар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
-
Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 2
сынып арасында өтетін «Ойнайық та,
ойлайық» атты сайыс сағатына қош
келдіңіздер!
Әділқазылар алқасын
сайлап алу.
ІІ. Негізгі бөлім
І-кезең
«
Таныстыру»
ІІ-кезең
«Ширату»
ІІІ-кезең « Құрамақ»
ІV-кезең Жеті жұрттың тілін біл
V-кезең «Сәйкестендіру»
VІ-кезең Кім көп біледі?
VІІ-кезең“Топ басшы”
VІІІ-кезең «Сөз жұмбақ»
ІХ-кезең «Математикалық эстафета»
Х-кезең “Ребустар”
ХІ-кезең "Түсіп қалған әріп?"
ХІІ-кезең Криптограмма
ХІІІ-кезең Сөйлемдерді дұрыс құрастыру
ІІІ-Бөлім:
І-кезең « Таныстыру» Әр топ өзінің ұранын айтады.
Білгірлер : Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін
Алғырлар:Алғыр тобы алға,
Биіктерге самға
Достығымыз барда
Жүреміз тек алда
Тапқырлар:Білікті бірді жығады,
Білімді
мыңды жығады
ІІ-кезең «Ширату»
Білгірлер:
балға, балта,
Алғырлар:қалам,
қарандаш,
Тапқырлар:кесе,қасық,
– сөздеріндегі әріптерді пайдаланып
сөздер құрау.
ІІІ-кезең « Құрамақ»
Бұл кезеңде балаларға үй берем, сол үйді құрап, жабыстырып санның құрамын табады.
Айыра
біл жақсы менен жаманды
Айыра біл,
қарындаш пен қаламды.
Айыра біл,
соқпағын да өмірдің,
Айыра біл
тапсырмаңды алдағы – деп кезекті
ІV-кезең
Жеті жұрттың тілін біл
Жұмбақ
жасыру
1-топ:
1. Қыс бойына
жатады
Тәтті ұйқыға батады
(аю-медведь)
2.
Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген
жері айқайда шу (түлкі- лиса)
2-топ:
3. Ұйқысынан тұрғанда
Айақтарын соғады
Тықыр
шықса тышқаннан
Делебесі
қозады( мысық- кошка)
4. Сылдырдан қорқады
Шошынып жортады (қоян- заяц)
3-топ:
5.
Адамға серік
Күзетке берік (ит-сабака)
6. Бетін адам ашады
Білім
нұрын шашады (кітап-книга)
V-кезең «Сәйкестендіру»
-
Балықтар
Құстар
Сүтқоректілер
Қосмекенділер
Бунақденелілер
Бауырымен жорғалаушылар
VІ-кезең Кім көп біледі?
«Мен
қандай сан ойладым?»
1-топ «Білгірлер»
?+2-5=10
2-топ
«Алғырлар»
?-2+1=7
3-топ «Тапқырлар»
?+3-5=5
VІІ-кезең “Топ басшы”сайысы
І-Топ
1. Республикамыздың басты қаласы
2. Кітапты неден жасайды?
3. Білім күні қай күн?
4. Анаңның аты кім (...)
5. 1 метрде қанша сантиметр бар?
6. Қазақтың ұлттық аспабы
ІІ-топ
1. Сыныбыңда қанша оқушы бар?
2. Аспан сөзінде неше әріп бар?
3. Бір өркешті түйе
4. Қазір қай ай?.
5. Жасың нешеде
6.Мемлекеттік рәміздер
ІІІ-топ
1.Жылдың төрт мезгілінде қанша ай бар?
2.Оқу жылы қашан аяқталады?
3.Киелі құс
4. «Көз қорқақ – қол ...»
5.Жеңіс күні
6.Туған күнің
VІІІ-кезең «Сөз жұмбақ» сайысы
1-топ:
...отбасынан басталады.
Әкеңнің әкесі-... .
Сен әкеңе кім боласың?
Мейірімді жан-... .
Ағайынды адамдар бір-біріне ... .
Ұлдан кіші қыз бала-... .
2-топ:
1.Оқыған сайын өседі,
Ғаламның сырын шешеді.
2.Құштар болып оқу менен білімге,
Біз барамыз қырқүйектің бірінде.
3.Елдері мен қаласы,
Ойпаты мен даласы
Теп-тегіс тақтай-ды,
Өзені де ақпайды.
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл-не? Өзің тауып ал.
4.Бір сандық бар қасында,
Іші толған ақылға.
Болғың келсе білімді,
Оған қарай жақында.
5.Келіп тұрар әр күн сайын жаңарып,
Жазылыпты онда түрлі жаңалық.
6.Адасқанда алсаң қолыңа,
Бағыт берер жолыңа.
3-топ:
1.Оқу-білім ...
2.Қына тасқа бітеді,
Білім ... бітеді.
3. ... өнер білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай.
4. ... –тозбайтын тон,
Білім-таусылмайтын кен.
5.Оқу инемен құдық ...
ІХ-кезең «Математикалық эстафета»
13-9= 4 11-3= 8 11-5=6
6+8= 14 14-7= 7 17-8=9
12-8= 4 5+9= 14 5+7=12
16-7= 9 9+8= 17 9+4=13
8+3= 11 17-9= 8 16-7=9
1
– топ
(57 - 7)+40 =90
(20+60)- 10 =70
(60+9)- 40
=29
2 – топ
20+(45 - 5) =60
60 -(39 - 9)
=30
70+(16 - 6) =80
3 - топ
35 -(28 - 8) =15
44+(30
- 10) =64
80 -(67 - 7) =20
Х-кезең “Ребустар” сайысы
1-топ:
2-топ:
3-топ:
ХІ-кезең "Түсіп қалған әріп?"
Т... лкі, А... на, Қ... й, к... кек, ин.., т... й, та... ақ, қ... ян, т... с.
ХІІ-кезең «Криптограмма» шешу:
Н
П А СА------Қ З А------ ЫСЫБД ------ТРӨТ -------РАҚА
-------ЛЫАУ
5 3 4 2 1 -----1 3 2 -------4 5 2 3 1 ------1
324 ------3 2 1 4 ------4 3 14
ХІІІ-кезең « Сөйлемдерді дұрыс құрастыру»
1
топ:
Мал, жайылды, өріске.
Бұтақта, отыр,
құс.
2
топ
:Сабақ, оқыды, Асқар.
Жинадым, мен,
үйді.
3 топ: қалаға, бардым, Мен.
ертегі, айтты, Апам
Қорытынды.
Міне
бүгінгі күнгі сайыс сабағымыз өз
мәресіне жетті сөз кезегін әділ қазылар
алқасына берелік.
Әділ қазылар алқасы
сөз алып, жиналған ұпайлар санын атап,
жеңімпаздарды анықтайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген