400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойнайықта, ойлайық. Ата-анамен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған ата анамен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналармен жұмыс

Тақырыбы: «Ойлайық та ойнайық!»

Мақсаты: Ата-аналарға дидактикалық ойындардың балалар үшін маңызы бар екенің түсіндіру. Ата-аналармен балалардың бірге жұмыс жасауды дамыту. Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатнастың одан әрі дамуына үлес қосу.

Өту барысы:

-Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Ойлайық та ойнайық!» атты ой-қабілетін дамытушы ойын-сауыққа қош келдіңіздер. Дидактикалық материалдармен жұмыс жасай білуді үйренеміз.

Жылы лебіз- ата-аналар балаларына жылы лебіздерін білдіреді. Біз бір-бірімізге жылу сыйлап болсақ енді ,ойын-сауықты бастайық!

Тәрбиеші:

-Қазір мен сіздерге түрлі дидактикалық ойындар таратамын. Сіздер сол дидактикалық ойындарды балаңызбен бірге шешіп, орындайсыздар.

«Сыйқырлы пішіндер» - ата-аналар балаларымен пішіндерді матрешкаға тиісті пішінің қою арқылы құрастырады.

«Сәйкестендіру»- ата-аналар балаларымен жануарларыдң,заттардың дене бөліктерін тауып, сәйкестендіреді.

-Жарайсыздар! Сіздер пішіндерді жақсы құрастырып,сәйкестендіре білдіңіздер.

-Сіздер дидактикалық ойындарды балаңызбен ойнау барысында қандай нәтижеге жеттіңіздер? Өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

«Ертегі әлемінде» саяхат. Балаларды шығарып, «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерінің түрлі бетперделерін таңдап киеді. Балалар ата-аналарына қойылым қойып береді. Ата-аналар тыңдап, тамашалайды.

Ата-аналармен ойын:

«Не болып еді?» -Ортада балалар кейіпкерлердің бас киімін киіп айнала тұрады. Ата-аналар көздерін жұмады. Сол кезде тәрбиеші балалардың бас киімін ауыстырып кигізеді. Ата-аналар көздерін ашып, балалардың қандай жануарда болғанын дәл табуы керек.

-Балалар біздің аналарымыз дәл таптыма? (Балалар өз жауаптарын айтады.)

-Жарайсыздар ата-аналар! Сіздерге көп-көп рахмет! Бүгінгі біздің қызықты ойындарымызды бірге ойнап, атсалысқандарыңызға көп рахмет.

-Енді балаларыңыздың естелік суреттерін көруге көрмеге шақырамыз. Балалардың сабақ және еркін ойын-сауықтырулар кезіндегі суреттері ілінген бұрышта ата-аналар тамашалайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.03.2019
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі