400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойнайықта, ойлайық. Ата-анамен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік ертеңгілік "Қош бол, саялы -Айгөлек!"
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош бол, саялы-Айгөлек!» мерекелік ертеңгілік.

Жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

« Айгөлек» шағын орталық түлектерін

.(Түлектер ортаға шығады музыка әуенімен)Таныстыру: Атына заты сай қыздарымыз, 

Еркесі де серкесі де Ерасыл, Аманжан ,Мағжан


Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Әсем бимен түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады - балардың білімдерін өнерлерін тамашалаңыздар

Ару қызымыз Айзеренің орындауында: «Ертегілер елі» атты әнді қабыл алыңыздар.

1.Балалардың тақпақтары :

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.


Бұл – екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз – осы үйдің гүліміз,

Біз – осы үйдің сәніміз.


Бұл – құшағы тым ыстық

Мектебіміз бастапқы!

Бұнда жақын туыстық,

Бұнда тұңғыш дос таптық!


Бұл – екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз – осы үйдің гүліміз,

Біз – осы үйдің сәніміз.


Ән: «Тұлпарым» Аманжан



Біз өмірдің гүліміз,

Аналардың жырымыз.

МәПелетер әрдайым,

Ана деген піріміз.


Бар өнермен жаулаған

Барша жанның жанарын.

«Айгөлек-А» тобының,

Ұлдары мен қыздары.

Жалықпаймыз әнменнен,

Шаршамаймыз бименен,

Біз балалар бақытты,

Қуантатын бәрінде.

Балабақша үйіміз –

Ағалардан сыйымыз.

Серуендеп шығамыз,

Таза ауаға жиі біз.

Ауласында ойнаймыз,

Ойнап қана қоймаймыз

Жаңа қоныс – жаңа үйді,

Әнге бөлеп тойлаймыз.





Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Әжең – асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның.

Ағаң – қамқор асқарың,

Інің – мөлдір аспаның.

Анасының еркесі

Әкесінің еркесі

Қарсалайық біздерде

Айарудай еркені.

Ән: «Ерке қыз»


Ақ кимешек киген,

Ақ бетімнен сүйген.

Әжем менің қандай?

Әжем менің балдай.


Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем.

Хор: «Балапан» әні


Балалар хормен:

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Алда үлкен белес бар

Сүрінбей өтіп барамыз


Жүргізуші: Әрбір ұрпақ болашағының алтын діңгегі. ендеше ұрпақты өмірге әкеліп адал ниет ақ батасымен өсірген ата - ана емес пе? Сондықтан баланың осы қуанышын бөлісіп отырған ата - аналарды

«Тілек тілеу» гүліне шығуларын сұраймыз

Шарты: гүл күлтешелерінде балаларға арналған тілектер бар. Сол тілекті ата-аналары оқиды..

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын


Жүргізуші: Осындай балғын бөбектерімізге арналған тілектерден қуанышты көңіл-күймен сері- жігіттеріміз Ерасыл мен Аманжанның «Жұмыр қылыш» биің қарсалыңыздар.

Сөз кезегі: Тәрбие ісінің меңгерушісі беріледі


Жүргізуші:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.


Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.


Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!- деп

Ән: "Әрқашан күн сөнбесін" әнін тамашалаңыздар!
















 

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.03.2019
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі