Тақырыбы: Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама
(ойын – жаттығу)
Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер туралы түсінік беру. Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту. Өзінің тәжірибесі туралы ойлану.
Нәтижесі: Мұғалімдер түрлі қолжетімді ресурстар арқылы тиімді әдіс-тәсілдермен таныса отырып, тәжірибелерінде қолданады.
Дескриптор: Жаңартылған білім беру мазмұнындағы әдіс-тәсілді меңгереді; Меңгерілген әдіс-тәсілді қай пәнге, қай кезеңде іске асыру тиімділігін анықтайды;
Тапсырмалар сипаты
(Жағымды психологиялық атмосфера құру)
«Өзі туралы кластер»
Қатысушы өз атын парақ ортасындағы дөңгелекке өз атын жазады. Одан таратылған шеңберлерге өмірдегі өзінің 5 рөлін жазады. Мысалы, бала, әке, дос, бауыр, оқытушы. Әр рөлден туындайтын шеңберлерге осы рөлдегі ахуалын сипаттайтын сын есімдерді жазады.
(Топқа бөлу)
Психологиялық тест «Менің қасиеттерім қандай?»
Қасқыр, ит, мысық, тышқан
1-жолға ең ұнайтынын, 2-3 жолдарға азырақ ұнайтындарын, 4- жолға ұнамайтынын тігінен жазу. Қасына несімен ұнайтынын жазады.
(Бірдей нұсқада жауап жазған мұғалімдерді топтастыру, жауабын оқу)
Психологиялық тестің жауабы:
-
Жоғары жолға жазған қасиет – өзімізге жетіспейтін қасиет, біз оны жетілдіруіміз қажет.
-
Екінші жолға жазған қасиет – өзімізде бар деп есептейтін қасиетіміз, біз өзімізді осылай түсінеміз.
-
Үшінші жолға жазған қасиет – басқа адамдардың бізді қабылдайтынын білдіреді, біз жұртқа солай көрінеміз.
-
Төртінші жолға жазған қасиет – біздің неден қашқақтайтынымызды көрсетеді, біз тұла бойымызды осы қасиеттен арылтуға ұмтыламыз.
Ойын – жаттығу
Батырдың жол таңдауы
Батыр өзіне жар іздейді. 3 жыл іздеп, арып-ашып, үш жолдың торабына келіпті. Ол жердегі таста мынадай сөз жазылыпты: «Солға жүрсең – астыңдағы атыңды жоғалтасың. Оңға жүрсең – өзіңді жоғалтасың. Тура жолмен жүрсең ештеңе де таппайсың.
Сіздер батырдың орнында қандай жолды таңдар едіңіз?
(стикерлерге өз жауабын жазу)
Сол жолды таңдағандар – прагматиктер. Олар өз мақсаттарына аз шығынмен жеткенді қалайтын сақ адамдар, ерлік жасай алмайтындар.
Оң жолды таңдағандар – жаңалықты, жаңғыртуды іздегендер, нағыз батырлар.
Тура жүргендер – өмірде нақты ұстанымы бар, мақсатына тура жолмен жететіндер.
Қорытынды
Сөйлемді айту (іс-қимылмен берілген өлеңді көрсету, жүргізуші оқып тұрады.
Дауысты дыбыс – шапалақ
Дауыссыз дыбыс – үстелді ұру
Тыныс белгісі – отырып –тұру
Мен жастарға сенемін М. Жұмабаев
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай қайратты
–
Қырандай күштi
қанатты.
Мен жастарға
сенемiн!
Көздерiнде от
ойнар,
Сөздерiнде жалын
бар,
Жаннан қымбат оларға
ар,
Мен жастарға
сенемiн!
Жас қырандар –
балапан,
Жайып қанат
ұмтылған.
Көздегенi көк
аспан.
Мен жастарға
сенемiн!
Жұмсақ мiнез
жiбектер.
Сүттей таза
жүректер.
Қасиеттi тiлектер
–
Мен жастарға
сенемiн!
Құрметті ұстаздар, әріптестер
мынау жасампаз ғасырда, рухани жаңғыру дәуірінде мектеп партасында
отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал
ететін батырда – білікті ұстаздар. Жаңалыққа бастаған жаңа
бағдарламаны біздің батырда, намысшыл ізгі мұғалімдеріміз алдарына
мақсат етіп қойып балаларға сапалы білім беруді алға қойды.
Жұмыстарыңызға жетістік, табыс тілеймін назар салып
тыңдағандарыңызға рахмет.
№ 148 қазақ орта мектебі
Жаңалыққа бастаған – жаңа бағдарлама
(Ойын-жаттығу)
2019 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ойын - жаттығу. Жаңалыққа бастаған - жаңа бағдарлама
Ойын - жаттығу. Жаңалыққа бастаған - жаңа бағдарлама
Тақырыбы: Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама
(ойын – жаттығу)
Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер туралы түсінік беру. Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту. Өзінің тәжірибесі туралы ойлану.
Нәтижесі: Мұғалімдер түрлі қолжетімді ресурстар арқылы тиімді әдіс-тәсілдермен таныса отырып, тәжірибелерінде қолданады.
Дескриптор: Жаңартылған білім беру мазмұнындағы әдіс-тәсілді меңгереді; Меңгерілген әдіс-тәсілді қай пәнге, қай кезеңде іске асыру тиімділігін анықтайды;
Тапсырмалар сипаты
(Жағымды психологиялық атмосфера құру)
«Өзі туралы кластер»
Қатысушы өз атын парақ ортасындағы дөңгелекке өз атын жазады. Одан таратылған шеңберлерге өмірдегі өзінің 5 рөлін жазады. Мысалы, бала, әке, дос, бауыр, оқытушы. Әр рөлден туындайтын шеңберлерге осы рөлдегі ахуалын сипаттайтын сын есімдерді жазады.
(Топқа бөлу)
Психологиялық тест «Менің қасиеттерім қандай?»
Қасқыр, ит, мысық, тышқан
1-жолға ең ұнайтынын, 2-3 жолдарға азырақ ұнайтындарын, 4- жолға ұнамайтынын тігінен жазу. Қасына несімен ұнайтынын жазады.
(Бірдей нұсқада жауап жазған мұғалімдерді топтастыру, жауабын оқу)
Психологиялық тестің жауабы:
-
Жоғары жолға жазған қасиет – өзімізге жетіспейтін қасиет, біз оны жетілдіруіміз қажет.
-
Екінші жолға жазған қасиет – өзімізде бар деп есептейтін қасиетіміз, біз өзімізді осылай түсінеміз.
-
Үшінші жолға жазған қасиет – басқа адамдардың бізді қабылдайтынын білдіреді, біз жұртқа солай көрінеміз.
-
Төртінші жолға жазған қасиет – біздің неден қашқақтайтынымызды көрсетеді, біз тұла бойымызды осы қасиеттен арылтуға ұмтыламыз.
Ойын – жаттығу
Батырдың жол таңдауы
Батыр өзіне жар іздейді. 3 жыл іздеп, арып-ашып, үш жолдың торабына келіпті. Ол жердегі таста мынадай сөз жазылыпты: «Солға жүрсең – астыңдағы атыңды жоғалтасың. Оңға жүрсең – өзіңді жоғалтасың. Тура жолмен жүрсең ештеңе де таппайсың.
Сіздер батырдың орнында қандай жолды таңдар едіңіз?
(стикерлерге өз жауабын жазу)
Сол жолды таңдағандар – прагматиктер. Олар өз мақсаттарына аз шығынмен жеткенді қалайтын сақ адамдар, ерлік жасай алмайтындар.
Оң жолды таңдағандар – жаңалықты, жаңғыртуды іздегендер, нағыз батырлар.
Тура жүргендер – өмірде нақты ұстанымы бар, мақсатына тура жолмен жететіндер.
Қорытынды
Сөйлемді айту (іс-қимылмен берілген өлеңді көрсету, жүргізуші оқып тұрады.
Дауысты дыбыс – шапалақ
Дауыссыз дыбыс – үстелді ұру
Тыныс белгісі – отырып –тұру
Мен жастарға сенемін М. Жұмабаев
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай қайратты
–
Қырандай күштi
қанатты.
Мен жастарға
сенемiн!
Көздерiнде от
ойнар,
Сөздерiнде жалын
бар,
Жаннан қымбат оларға
ар,
Мен жастарға
сенемiн!
Жас қырандар –
балапан,
Жайып қанат
ұмтылған.
Көздегенi көк
аспан.
Мен жастарға
сенемiн!
Жұмсақ мiнез
жiбектер.
Сүттей таза
жүректер.
Қасиеттi тiлектер
–
Мен жастарға
сенемiн!
Құрметті ұстаздар, әріптестер
мынау жасампаз ғасырда, рухани жаңғыру дәуірінде мектеп партасында
отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал
ететін батырда – білікті ұстаздар. Жаңалыққа бастаған жаңа
бағдарламаны біздің батырда, намысшыл ізгі мұғалімдеріміз алдарына
мақсат етіп қойып балаларға сапалы білім беруді алға қойды.
Жұмыстарыңызға жетістік, табыс тілеймін назар салып
тыңдағандарыңызға рахмет.
№ 148 қазақ орта мектебі
Жаңалыққа бастаған – жаңа бағдарлама
(Ойын-жаттығу)
2019 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз













