жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы»
«Заман талабы: білім берудегі инновациялар және тәжірибе» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық XVII педагогикалық оқуларына қатысуға сұраныс
|
1.Автордың толық аты-жөні, тегі (жеке куәлік бойынша) |
Бериккалиева Шолпан Курмашевна |
|
2.Жұмыс орны |
МКҚК «Балапан» бөбекжайы |
|
3.Қызметі |
Тәрбиеші |
|
4.Ғылыми дәрежесі, лауазымы |
жоқ |
|
5.Жұмыс бағыты |
Білім берудегі құзыреттілік |
|
6.Мақаланың атауы |
«Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы» |
|
7.Байланыс телефондары (ж/т; ұ/т) |
24-0-32 8 7782148363 |
|
Электрондық почтасы Е-mail: |
ds.balapan@mail.ru |
Өтініш қағаз
Баяндаманың аты: Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы
Баяндаманың авторы: Бериккалиева Шолпан Курмашевна
Жұмыс орны: Атырау облысы Индер ауданы
«Балапан» мектепке дейінгі бөбекжайы
-қызметі: тәрбиеші
-наградалары: жоқ
Мекен –жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы
Телефоны:
- жұмыс: 24-0-32
- үй: 24-7-20
Аңдау хат
Бұл баяндамада мектеп жасына дейінгі балалардың тұлға болып қалыптасуы үшін ойын арқылы жетістікке жетуге болатыны баяндалған.
Бүлдіршіндерге білім бере отырып қосымша ойын түрлерін ойнату жәнеде пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Ойын үстінде баланың қабілеттерін байқау.
Әріптес туралы пікір
Бериккалиева Шолпан Курмашевна – тәрбиеші .Бүгінгі педагогикалық оқуға «Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы» тақырыбымен қатысқалы отыр.
Бериккалиева Шолпан –балалардың дамуында ойын түрлерінің үлкен маңызға ие екенін зерттеп көрсеткен.Ойын арқылы баланың сөйлеу дағдысын дамытып,дене қимылдарын жасай отырып дене бітімдерін дұрыс қалыптастыруға дағдыландырған.
Өз сабақтарында ойын элементтерін пайдаланып оқу қызметін қызықты әрі әсерлі етіп өткізеді.
«Балапан» мектепке дейінгі
бөбекжай әдіскері: А.Б.Жумагалиева
Қай заманда болсын адамзаттың басты міндеттерінің бірі-ақылды, саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу керек екені көпке мәлім.
Ұлы ғалым- философ Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»-деген екен. Олай болса балабақша- бүлдіршіндерді ата дәстүрін сақтайтын, инабатты да ибалы, үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын.Сондықтан оның мәні ерекше.
Ойын- мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы.Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына айналасындағы дүниетану түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жеңіл, әрі тез тіл табысуына көмектеседі.Ойын үстінде баланың қуанышы мен реніші көрінеді.Ойын- баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады.
«Ой-ойыннан басталады» дегендей баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін балабақша тәрбиешілерінің қолданатын басты тәсілі-ойын.
Бала тәрбиесі қиын да жауапты міндет.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,оқшау тұрған емес.Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдармен тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады.Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап,жандандыратыны сөзсіз.Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі-ойын әрекеті.Ойын- әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты.Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым- қатынас жасауға ұмтылады, соның арқасында жасау құралы , күш қуаты тілді біртіндеп меңгертеді.Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі.
Дана халқының бір жылыңды ойласаң-арпа ек,он жылыңды ойласаң-тал ек,бүкіл ғұмырыңды ойласаң бала тәрбиелемейсің бе? Олай болса, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздардың соның ішінде балабақша мен мектепалды дайындық сыныптары тәрбиешілердің үлесі мол және оларға жүктелер жауапкершілік үлкен.
Егеменді еліміздің тәуелсіз мемлекет мәртебесін алғаннан кейінгі негізгі мақсаттардың бірі -өз жеткіншегін жан-жақты дамыған, парасатты,тәрбиелі адам етіп өсіріп әрбіріне тиісті білім беру деп ойлаймын.
Бүгінгі күн талабына сай білім беру мазмұны қатты қаралып, жаңару үстінде.Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елге қосылуы бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.Осы ұрпақты бүгінгі қоғам талабына сай ой-өрісі жаңашыл,шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, ізденімпаз еңбекқор, терең білімпаз, өзі психолог, шеберліктің шыңына шыққан ұстаз тәрбие беру керек.
Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауы халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған нақты бағдарлама. Өткен жылдардағы Елбасымыздың Жолдауы ел ішінде үлкен қолдау тапса, былтырғы әлемдегі ең озық 50 мемлекеттің қатарына қосылу міндеті алға қойылған болатын. Білім саласында болатын өзгерістер барша ұстаздарды қуантты. Соның ішінде бұрын жабылған балабақшалардың саны көбейіп,балабақша жоқ ауылдық жерлерде балабақшаның ашылуы тәрбиеші-ұстаздарды, ата-аналарды қатты қуантты.Жасыратыны жоқ жекелеген ауылдарды балабақша болмағандықтан, балалар үйде қамалып отырады.Енді, міне балабақшаның әр тобында жастарына сай балалар тәрбиеленіп, мектепке дейінгі топтар ашылып, мектепке көптеген дайындықпен барады. Бұл балаға да ата-анаға да зор қуаныш.
Бұл әрине, Елбасымыздың бөбектерге деген үлкен қамқорлығы деп түсінемін.Балаға негізінен үш ортадан тәрбие әсер береді, бұл негізгі фактор.Біріншісі ата-ана, екіншісі ұстаз,мектеп, ал үшіншісі-дос,құрбысы.
Балаға тәрбие беру кілті ең алдымен ата-ананың қолында.Ұлы педагог А:С.Макаренко: «Баланы жас кезінде,әсіресе бес жасқа дейін тәрбиелей білу керек.Оның келешекте қандай Адам болуы, ең алдымен бес жасқа дейін дұрыс тәрбие бере алмасаңыз,кейін оны тәрбиелеуге тура келеді.Ал қайта тәрбиелеу өте қиын іс»,-деген болатын.
Ата-ана мен мұғалім,тәрбиеші бірлесіп жұмыс жасағанда ғана бала бойына ізгі қасиеттерді толығынан сіңіруге болады.Соның ішінде қазіргі таңда балабақша тәрбиешілерінің алдында үлкен міндет тұр.Яғни,жас ерекшелігіне байланысты баланың сөздік қорын дамытып,дүние танымын кеңейтіп, танып білуге дағдыландырып, мектеп алды даярлық тобына қабылдату.
Бүгінгі шығармашылық жұмысымның бағыты, сәбилер тобымен жұмыс жүргізе отырып,балалардың ойын әрекетін дамыту.Дүние шыр етіп жаңа келген сәбидің,ертеңгі үлкен азаматтың жеке басының кемелденіп жетілуі,белсеңді өмірлік көзқарасы ойын әрекеті үстінде өтеді. Ол сәбилік шақтан басталады. Ойында баланың творчестволық барша мүмкіндіктерді, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік-қайраты, ықпалы білінеді.Бұл сана сезім ойлау процесімен тығыз байланысты.
Әрекет деп отырғанымыз адамдардың практикалық ісі. Оның әлуметтік сипаты бар. Адам әрекеттенер алдында үнемі мақсат-міндет қояды.Оны орындау жолында еңбек етеді,белгілі күш жұмсайды.Әрекет үшке бөлінеді:ойын,оқу,еңбек.Осының әрқайсысы-адам өмірінің әр кезеңіне тән.Мектепке дейінгілерге ойын, мектеп оқушылырына –оқу,ал ересектерге еңбек үлесі тиеді.Бұл әрекеттер тұтас организм іспетті бір-бірімен тығыз байланысты,мазмұны жағынан бірін-бірін толықтырады.Бала ойын арқылы өз қажетін өтейді,ересектерге еліктейді,олардың іс-әрекеттерін,қарым-қатынастарын үйренеді,әлеуметтік рольдерді орындайды .Зейін, қиял сияқты психикалық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды.Сана сезімі, еркін өзін-өзі бақылау,сабырлы байсалды ұстау қасиеттері жетіледі.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да,бала да оқу мен білімнің, тәрбиесінің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады.Қай ғылымды алмайық өздері ойын туралы еңбектеріне: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді.Өйткені ойын баланы ақыл-жағынан да,дене жағынан да алға жетелеп,дамытады,баланың ойын өрбітіп,бойын өсіреді.Ойын баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі.Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ,оп-оңай көрінуі мүмкін.Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып,өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес.
Ойынға зер салып ой жүгіртіп қарар болсақ,сол ойындардан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі.Сондықтан да ойын-бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы деп білеміз.Өйткені болашақ ел қорғаушы батыр,жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді.Сол ойын арқылы шынығып,өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.Сондықтан да бала тәрбиесінде, балалар ойындарына ерекше мән беріліп отырады.
Ойын-баланың іс-әрекеттерінің негізгі түрі.Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын ,айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданылатын байқау қиын емес.Ойын айналадағы болмысты бейнелейді.
Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды,өзінің күш жігерін жұмсап,сезімдерін білдіруге мүмкіндік алады,адамдармен араласуға үйренеді.Ойын арқылы балалардың шығармашылық қиялы,елестетуі шарықтайды.Олар әр түрлі заттар мен ойыншықтарды қоршаған өмір белгісі ретінде қолдана отырып,олар үйреншікті өмір шеңберінен шығып,өзгерістер жасауға ұмтылады.Сөйтіп ойын барысында айналадағы шындық дүниені бейнелеп қана қоймай,өзі қалайтын болашақты құруға талаптанады.Мысалы:Ғарышкер болып жұлдыздарға сапар шегеді,таңғажайып машиналар ойлап табады,ауыр науқастарға дәрілер жасайды. Әрбір ойынның алға қойған мақсаты болуы тиісті.Оны ойластыруда және оған жетуде баланың өзін ұмтылдыру қажет.Яғни, бала өзі қиялдап,барлығын өзі жасауға тиіс. Сонда ғана белсенділікті,табандылықпен тапқырлықты, ұжымдық дағдыларды оның бойында қалыптастыруға болады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде,ережелерді іске асыруға үйретеді.Ойын мен оқыту арасындағы өзара байланыс мектепке дейінгі, балалық шақтың бүкіл бойына өзгеріссіз қоймайды.
Ойын топтарында ойын оқытудың негізгі формасы болып табылады.Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады,ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарындылықты ұштайды.Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасадым.
а) ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды байытады,өмірді таныстырып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә)ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сананы жетілдіреді.
б)ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру құрамына айналады.
г)еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі,демек ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.Балалар ойындарын жалпы алғанда үлкен 2-топқа бөлуге болады:
1)Сюжетті-рольді шығармашылық ойындар .
2)Ережелік ойындар
Сюжетті-рольді шығармашылық ойындарға:
а) Тұрмыс тақырыбына қатысты ойындар.
б)Өндірістік тақырыптағы ойындар.
г) Құрылыс ойындары.
в)Табиғи материалдарымен ойналатын ойындар.
г) Қоғамдық саяси тақырыптағы ойындар.
д)Сахналық ойындар.
е) Сауық-ермек ойындары жатады.
Ережелік ойындар 2-ге бөлінеді. 1)Дидактикалық ойындар.
2.) Қимылды ойындар.
Дидактикалық ойындарға:
А) заттар мен ойыншықтармен ойналатын ойындар.
ә) сөздік дидактикалық ойындар.
б) үстел үстінде ойналатын ойындар.
в) музыкалық-дидактикалық ойындар.
Қимылды ойындарға:
Сюжетті- сюжетсіз, спорттық элементтері бар ойындар жатады. Ережелі ойындар: арнайы дайындалған мазмұны ережесі бар ойындар тобын қамтиды. Әрбір ойында балалардың алдына белгілі бір міндеті қойылып, шешу барлық ойын мүшесіне қатысты ережелерді орындау арқылы жүзеге асады. Ережелі ойындар арасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасап келе жатқан көптеген ұлттық ойындар бар, «Соқыртеке», «Бәйге» ойындарының танымдық негізгі қызықты, ойын-күлкімен ұштасып жатады.Олар қимыл-қозғалыстың, батылдықтың, тапқырлықтың дамуына ықпал етеді. Ал сюжетті-рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады.Балалар ойын барысында қарым-қатынасқа үйреніп, байланыстырып сөйлейді.
Сәбилер тобындағы балалардың байланыстырып сөйлеуін, дүниетанымын, дәрігер еңбегіне сүйіспеншілігі өздеріне тапсырылған кейіпкерлерді ойнай білуін қадағалау мақсатын, «Емхана» сюжеттік-рольдік ойынын ойнаттым. Балаларға алдымен емхана ойынын ойнатарда сұрақтар қойдым.
-Балалар емханада кімдер еңбек етеді?
-Дәрігер, мейірбике.
-дәрігер не істейді ?
-дәрігер емдейді.
-дәрігерге кім көмектеседі?
-Мейірбеке.
Осы ұғымды бекіте отырып, балаларға емхана қызметкерлері, жедел-жәрдем, дәрігер,мейірбеке, дәріханашы болып бір баланы қоямын.Өзім бас дәрігер боламын.Басқа балалар отбасы мүшесі болады. 1.Науқас баланы ерітіп тіркеу орындағы мейірбекеге келіп,дәрігерге жолдама алады. Бала дәрігердің қабылдауындағы науқас пен дәрігердің диалогі орындалады.Науқас дәрігерден шығып, дәріханадан дәрі алады.
2.Науқас екінші жолдамамен массаж бөліміне келеді (массажшы мен науқастың диалогы орындалады).
3.Науқас өз үйінен жедел-жәрдем бөлімшесіне телефон шалады.Жедел-жәрдем машинасы науқастың үйіне келеді.Осы арада «5 минуттық» үзіліс жасалады.
Барлық дәрігерлер,мейірбекелер, отбасы мүшелерін бірге жинайды.
-Балалар, айтыңдаршы;
-Екі көзің не үшін керке?
-Жақсылықтарды көру үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Құлақ не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Жүрек не үшін керек?
-Жауларымнан қорғану үшін.
-Тіл менен жағың не үшін керек?
-Ақиқатты айту үшін.
-Ал аяғың не үшін керек?
-Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Ойын аяқталған соң балалардың ойынға қатысушы балалардың белсенділігін атап көрсетемін.Осының бәрі балалардың келесі ойындарға деген ынтасын дамытады.
Міне, балалар бәріміздің де дене мүшелеріміз сау болу үшін, ауырмау үшін таза жүріп, үнемі денемізді шынықтыруымыз қажет.
Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру мақсатында дене шынықтыру сабақтарында серуен кезінде ( қимылды ойындарды) «Тауық пен балапандар», «Қасқыр мен қояндар», «Торғайлар», «Жаңбырдан тығылайық», «Күн мен жаңбыр» тағы басқа «Жаңа стандарт» жобасы бойынша тобына арналған қимылды ойындарды балалар қызығушылықпен орындайды. Топтағы балалар құрылыс ойындарын қызыға ойнайды.Ойыншықтарды қатарластыру, орналастыру сәби топтарындағы құрылыс ойындарының мазмұны болып табылады.Сәбилер тобында балалар көбінесе қатар отырып ойнайды.Оларды бір-біріне кедергі жасамауға үйретемін,2-3,3-4-5 адамнан шағын топ болып ойнауға,өз әрекеттерін үйлестіріп отыруға бірлесіп жасаған нәтижеге қуантуға баулимын. Балаларды ана тілінде сөйлеуге,айналасын бақылып тани түсуге үйретуде жүргізілетін жұмысшылардың бір түрі дидактикалық ойындар.Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың тілін дамытуда өте маңызды роль атқарады. Дидактикалық ойында көрнекілікті, тәрбиешінің сөзін, балалардың өз әрекеттерін ойыншықтармен, ойын құралдарымен, заттарымен, суреттермен дұрыс ұштастыру қажеттігін ескерту қажет. Әрбір сабаққа көрнекіліктер дайындалады..
1.Балалар ойнайтын және ойынның материалдық орталығы болып табылатын заттар:
2.Заттарды және олармен не істеу керек екенін бейнелейтін, заттардың неге арналғаннын, негізгі белгілерін, материалдардың қажетін айқын көрсететін картиналар.
3.Ойын әрекеттерін және ойын ережелерін орындауды нақты көрсету және сөзбен түсіндіру.Сабақтарда балаларға таныс ойын нұсқаларын талдап, жаңа пайдалы ойындарды аламын.Танымдық іс әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері;
1.Балаларды орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
2.Қайта жаңарту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3.Балалардың іс әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
4.Ізденіс іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
Құрлым бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жүктейді:
1.Сюжетті-рөлдік ойындар.
2.Жаттығу ойындар.
3.Драмалық ойындар.
4.Шығармашылық ойындар.
5Әдеби-музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жүктемесі бар.
1.Білім беретін ойындар.
2Тәрбиелейтін ойындар.
3.Дамытатын ойындар.
4.Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5.Диагностикалық ойындар.
Дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген.
Дидактикалық ойындарының негізгі міндеттері балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту болып танылады.Дидактикалық ойынның мақсаты ойлау,сөйлеу,ес,қиял,ерік,дамыту, жалпы баланың жеке басының дамуы болып табылады.Дидактикалық ойындарының негізгі бағыты балаларға білім,іскерлік,әдет-дағдыларды игеру мен оны бекітуге, ақыл –ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету.Дидактикалық ойындар екі нақты: ол бірінші оқыту әдісі болса, екіншіден –дербес іс-әрекеті бірінші бағыт бойынша қарапайым, математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Оқиғалы ойын түрде «Дүкен» ойнын алдым. Дүкен сөрелерде ойыншықтар жиналады. Балалар мен дүкенші боламын,ал сендер сатып алушысыңдар.Дүкенде қандай ойыншықтың бар екенін балалар атайды.Балалар бір-бірлеп шақырылып, өзіне ұнаған ойыншықтарды сұрайды да «сатып» алған соң, онымен қалай ойнайтынын әңгімелетемін.Мұндай ойын балалардың байланыстырып сөйлеуіне,тілін дамытуға көп көмегі бар,(есептен ) математикадан «Геометриялық кескіндер» тақырыбындағы сабақта «пішін» ұқсас заттарды тап ойындағы мақсатым, түрлі заттарды түсіне қарай ажырата білуге үйрету, сөзбен атап жаттықтыру, сабақта алған білім-дағдыларын тиянақтау.Ойын ережесі бойынша заттардың суреттерін балаларға үйлестіріп беремін, өзім жасаған карточкаларды үстел үстіне қоямын. Сабақты балаларға жалпылама беремін.Мысалы мен қызыл дөңгелекті көрсетсем балалар пішіні дөңгелекке ұқсас қызыл алманың суретін әкелу қажет.Сөйтіп балалар заттың түсін,ұқсас пішінді тауып ажыратып үйренеді.Тобымдағы балалармен бейнелеу өнері бойынша арнайы ұйымдастырылатын дидактикалық ойындарға басшылық жасауға балалардың бейнелеу іс-әрекетіне бейімбелудегі түсініктерін жетілдіру мақсаты көзделеді.Желімсіз жапсыруда (бастыру) қиылған бейнелерді кеңестікке орналастыру арқылы түстерді ажырату көлем, пішін жайындағы ұғымдарын тиянақтайды. «Моншақтарды тіземіз» ойынында топ бөлмесінде қағаздан қиылған ұсақ дөңгелектермен қағаз бетіндегі дұрыс бағдарлауды үйренсе, жазғы уақытта далада табиғи материалдармен ойнауды ұсынуға болады.Оған өсімдіктің гүлдері,түсіп қалған түйнектер, ұсақ тастар алынып,олар жерге моншақ етіп тізіледі, немесе жерге құмға, қыста қардың бетіне таяқшамен «моншақ тізіп» жаттығады.Ойын кезінде балалардың еркін, дербес әрекет етуіне мүмкіндіктер туғызылады.Сол сияқты «Бейнені құрастыр» дидақтикалық ойынында балалардың ойлау, қиялын дамыту мақсатын көздей отырып, геометрияның кесіндері қатыстыру арқылы «Балапан», «Аққала» жарты дөңгелектен доп, үшбұрыштардан шаршыны құрастыруды үйренеміз.
Ойын ешуақытта да дамудың бір сатысына жеткенде танылып қалмайды,қайта жетіле түседі.Баланың қызығушылығын,өзім істеймін деген талпынысын қоштап,көмектесіп, сенім білдіріп отыру тәрбиенің ең бір ұтымды әдісі .Өйткені ересек адамдардың баладан айырмашылығы -сана-сезімімен тәжірибесінің молдығында ғана. Сондықтан да өз білгенін балаға үйретуден жалықпау, ересек адамдардың қасиетті борышы.Ал адам бойындағы әдептілік ,инабаттылық қасиеттер бір күнде қалыптасатын қасиет емес.Бала ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктеп жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды.Әрбір баланың ойнай жүріп өсетін жан серігі де-ойын.Үлкендердің мейірімділігі сәби жүрегін қуанышқа бөлейді.Үнемі мейрім мен ықыласқа бөленген сәбидің мінезі жұмсақ, қайырымды, кішіпейіл болып өседі.Қатал мінез айналасындағы қатыгездігінен пайда болады. Сондықтан неғұрлым жақсылыққа меңзейтін ойындар қоғамның даму заңдылықтарына сәйкес әр кезеңде жетілдіріп отырады.Балабақшаның әр тобындағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойындардың тәрбиелік мәні жайлы мәселе өз құндылығын жойған жоқ, керсінше жаңа қырынан көрініп отыр.
Қорыта келгенде нағыз ұстаз қай ғасырда да ұстаз болып қала бермек.Ұстазға қойылатын талап пен тілек қашанда ортақ.Тәрбиеші де білімді ұстаз болуы тиіс.Он екі жылдық білім беру тұжырымдамасында 6 жастан бастап бала партаға отырады десек,ол балабақшадан оң-солын танып, дыбыстарды айырып, сөздік қорын дамытып келуі тиіс.Сондықтан да тәрбиешілердің алдында үлкен жауапкершілік тұр деген сөз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі-білімді ұрпақ,»-деп айтқандай,жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде балабақша мен ата-ана арасында байланыс нығайып, пікірі бір арнаға тоғысқан жағдайда, егеменді еліміздің ертеңінің жарқын болатындығы айқын» деген болатын.Ендеше, қазіргі тәрбиешілер де мамандығын жетік меңгерген, жаңа әдіс,тәсілдерді қолдана білетін-жаңашыл ұстаз болуға тиіс деп ойлаймын.
Осы тақырыпта баланы тәрбиелеудегі ойын әрекетінің маңызы тиімді жолдарын қарастырып,іздестіріп осы бағытта өз тәжірибемді жинақтай бермекпін.
Ж О С П А Р Ы
1. Кіріспе бөлім
а) Елбасының бөбектерге деген қамқорлығы.
2. Негізгі бөлім.
а) Ойындардың түрлері және олардың балаларды оқыту,тәрбиелеудегі ролі
б) Балабақшада баланы тәрбиелеудегі ойын әрекетінің маңызы.
в) Балабақшада балаларды оқытуда дидактикалық ойындардың пайдалану іс-тәжірибеден.
3. Қорытынды
а)Еліміздің ертеңі білімді ұрпақ.
б) Ойын бала үшін нағыз өмір.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Елбасының Жолдауы
-
Артемова Л.В, «Дидактикалық ойындар», 1992 ж
-
Богуславский З.М, «Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары»
-
Ізмаганбетова Г, Бектегенова Ж, «Бала мен балабақша» журналы, 2014
-
Омарова Б, Оспанова Г, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» журналы, 2012 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген