жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ойын – сабақ. Тақырыбы: «Күй қайнары»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Ойын – сабақ.
Тақырыбы: «Күй қайнары»
Жеке пәндер әдістемелері кафедрасының оқытушысы
Рысбаева Г.Ж.
Алматы
Сабақтын тақырыбы: «Күй қайнары» - ойын-сабақ.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жаңа сабақты жаңа технологиялық әдіс бойынша тарих, қазақ әдебиеті пәндерімен байланыстырып, ойын - сабақ түрінде өткізу. Қазақтың дәстүрлі күй өнері, композиторларының өмірі және шығармашылық жолдары туралы білім алушының білімін тексеру.
2. Дамытушылық: Білім алушының музыкаға деген қызығушылығын арттыра отырып,ой-өрісін, музыкалық сауатын, ән айту,музыка тыңдау, есте сақтауға, домбыра аспапта ойнауға, қабілетін дамытуға өз бетінше еңбектенуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, асыл мұраларды қастерлеуге, эстетикалық тәрбие беруге,әдептілікке тәрбиелеу.«Көш керуені» күйін ойнағанда, екпінді ұстауға , оркестр- ансамбльмен ойнауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын - сабақ
Сабақта қалданылатын әдістер:
Музыканы қабылдауға үйрету.
сұрақ-жауап,әңгімелесу
көрнекілік (нота мәтінін дайындау,композиторлар сүреттері)
іс-тәжірибе( домбыра аспабында ойнау,музыка тыңдау, ансамбль.ән айту,дирижерлау, ұрмалы аспаптар қолдану).
Гностикалық әдіс-іздену әрекеті,мәселе қою арқылы жүреді.
мәселе қойып, оқыту.
жартылай іздену.
Ғылыми әдіс:
перспективтік және ретроспективтік
логикалық
индуктивтік, дедуктивтік
салыстыру
қорытындылау
талдау
Басқару әдісі:
білімді мұғалімнің көмегімен меңгеру
білім алушыны қолпаштау,көтермелеу мотивтері
тарихи әдіс
бұзу әдісі
сюжеттік ойын арқылы рөльге кіру
Бақылау әдісі:
ауызша және жазу
техникалық құралдарды қолдану
музыкалық шығармашылық арқылы білімді тереңдету
Сабақтың тәсілі: жеке жұмыс.
Қолданылатын көрнекіліктер:
1. Портреттер: Н.А.Тілендиев, Құрманғазы Сағырбаев, Дәулеткерей Шығаев, Сүгір Әлиев.
2. Халық аспаптарға арналған буклеттер.
3. Нақыл сөздер жазылған плакаттар: «Күй қайнары»
«Ән халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі» ( Жамбыл)
«Музыканы сүю үшін ең алдымен оны тыңдай білу керек» (Д. Шостакович)
«Күй тілі – көп заманның алуан ісі. Күйлердің әлемге аян бар мәнісі Өмірді күймен қоса алмайтын Керқұлақ көр соқырдың алданысы. (І. Жансүгіров)
«Әнге әуес, күйге құмар бала жаны - сұлу өмірге құштар болып өседі»
(М. Әуезов)
4. Домбыраға арналған кітаптар көрмесі.
5. «Әннің атын тап» музыкалық викторина – ребус.
6. «Домбыра» Сөзжұмбақ.
7. «Бейне сұрақтар»
8. Музыкалық аспаптар көрмесі: фортепиано, домбыра, сазсырнай, асатаяқтар, қобыз, тұяқтас, шаңқобыз, бас домбыра.
9. Аспаптардың сүреттері.
Техникалық құралдар : магнитофон, DVD, CD, ауди кассеталар, ноутбук,интрактивті тақта. Пәнаралық байланыс: музыка әдістемесі, қазақ әдебиеті, тарихы, вокал, эстрада, педагогика, сурет, математика . Негізгі әдебиеттер: 1) Жайымов А., Бүркітов С., Ысқаков Б. «Домбыра үйрену мектебі» Өнер 1992 (51б) 2) Мерембаев Қ. «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар» Өнер 1978 3) Райымбергенов Ә., Райымбергенова С. «Күй – қастерлі әуез» , Атамұра 2005 (125 б.б) 4) Тастанов Х. «Домбыра үйрену мектебі»
5) Электронды оқулық «Музыка» (2 – 3 сыныптарға арналған) 6) Электронды оқулық «Энциклопедия классической музыки» (И.Дюссек)
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Негізгі бөлім
1-ші кезеңі «Әйгілі күйші» Үй тапсырмасы. (Білім алушы Н.А.Тілендиев туралы мағлумат беруі керек)
2-ші кезеңі «Көкпар» сұрақ-жауап. (Білім алушы әр сұрақтарға жауап беруі керек.)
Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптары білесің? (Домбыра, қобыз, шаңқобыз, дабыл, дауылпаз, сазсырнай,т.б.)
2) Күй дегеніміз не?(Күй дегеніміз – қазақтың домбыра,қобыз сияқты ұлттық аспаптарымен орындалатын шығарма )
3) Күйдің қаңдай түрі бар?(Екі түрі бар:шертпе күй және төкпе күй)
4) Күйші дегеңіміз кім?(Күйші – сазгер,орындаушы, халыққа жеткізуші адам)
5) Домбырашы дегеңіміз кім?(Домбырашы – домбырада орындайтын адам)
6) Қазақтың қаңдай күйшілерін білесің?(Құрманғазы Сағырбаев,Дина Нұрпейісова, Тәттімбет Қазанғапов, Сүгір Әлиев, Қазанғап)
7) Қазақтың қаңдай орындаушыларын білесін? (Айгүл Үлкенбаева,Құрманғазы Сағырбайұлының күйлері жеткізген – Дина Нұрпейіс келіні және Қали Жантілеуов, Тәттімбет Қазанғапұлының күйлері жеткізген – Әбікен Хасенов және Мағауия Хамзин және т.б.)
3-ші кезеңі «Әннің атын тап» музыкалық викторина – ребусы:
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|||
|
|
|
||||
(Осы викторинада қазақтың халық күйлерін тыңдап және ол қай күй,күйдің сипаттамасы,композитор кім екенін анықтап, сол анықтаған күйлердің алғашқы әріптерін қосып оқыса белгілі бір әннің аты шығады).
Викторина:
Құрманғазы Сағырбаев «Адай»
Мәлғаждар Әубәкіров «Нар кескен»
Нұрғиса Тілендиев «Ата толғауы»
Сүгір Әлиев «Шалқыма»
Дәулеткерей Шығаев «Ысқырма»
Төлеген Момбеков «Мың жылқы»
4-ші кезеңі. Ән айту. Сөзі: Қажым Жұмағалиев
Әні: Марат Омаров
«Анашым » әні
5
-ші
кезеңі. «Домбыра» Сөзжұмбақ шешу
|
|
3 |
|
|
||||||
2 |
|
5 |
|
|||||||
|
|
|
6 |
|
||||||
|
|
4 |
|
|
7 |
|||||
|
|
|
|
|
|
|||||
1 д |
о |
м |
б |
ы |
р |
а |
||||
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|||||
Ел қорғайтын ерлікке,
Батылдыққа ерлікке.
Әуенімен шақырған
Бұл қандай аспап?(дабыл)
Тілшікті аспап, қобыздай асқақ
Ерекше үні бар,бұл қандай аспап? (шаңқобыз)
Бабамнан жеткен ғұламам, дауысы көпке үнаған
Үлкен шанағы бар,бұл қандай аспап? ( бас домбыра)
Сызылған үні,сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі. (сыбызғы)
Сазымен жасалған,
Өрнектеп қашалған
Сырнайдың үніндей
Бұлбұлдың біріндей. (сазсырнай)
Көп ішектен түрлі үн шығар
Әуезінен түрлі мұн шығар
Ойнап кетсең түрлі жыр шығар. (адырна)
Жалпақ басты аспабым
Сілкіп қолда ұстадым.Бұл қандай аспап ?(асатаяқ)
6-ші кезеңі. «Ғажайып домбыра»
1) Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев «Аққу» (жеке ойнау)
2) Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев «Ата толғауы» І –ІІ домбыра-тенор (ансамбль)
3) И.Дюссек «Байырғы би» (концертмейстері М. А. Досмухамбетова)
4) Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев «Көш керуені» , «Әлқисса» (оркестр)
7-шы
кезеңі. «Бейне сұрақ»
(көрермендерге бейне сұрақтары)
1) Қобызды кім ойлап
тапты?
2)
Күйлерді тыңдап, композиторларды аңықта.
3)
Викторина:
ІІІ Сабақты қорытындылау
Бұл сабақты Мұхтар Әуезовтың мына сөзімен қорытындылаймын :«Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге құштар болып өседі».
IV. Үйге тапсырма 1) Жайымов А., Бүркітов С., Ысқаков Б. «Домбыра үйрену мектебі» Өнер 1992 (51б) 2) Мерембаев Қ. «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар» Өнер 1978 3) Райымбергенов Ә., Райымбергенова С. «Күй – қастерлі әуез» , Атамұра 2005 (125 б.б) 4) Тастанов Х. «Домбыра үйрену мектебі»
5) Электронды оқулық «Музыка» (2 – 3 сыныптарға арналған) 6) Электронды оқулық «Энциклопедия классической музыки» (И.Дюссек)
V бөлім. Білім алушыны бағалау
Жалпы сабақ барысында жіберілген қателіктерді ескерту, оны болдырмауға үйде жұмыс жасау,білім алушының жақсы қасиеттерін айту.
3-ші кезеңі «Әннің атын тап» музыкалық викторина – ребусы:
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|||
5
-ші
кезеңі. «Домбыра» Сөзжұмбақ шешу
|
|
3 |
|
|
||||||
2 |
|
5 |
|
|||||||
|
|
|
6 |
|
||||||
|
|
4 |
|
|
7 |
|||||
|
|
|
|
|
|
|||||
1 д |
о |
м |
б |
ы |
р |
а |
||||
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген