400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ойын- сауық Тақырыбы: «Алтын Күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын- сауық Тақырыбы: «Алтын Күз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды қаласы әкімдігі

Қарағанды қаласы білім бөлімі ММ

«Балбөбек» балабақшасы

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын















ОЙЫН – САУЫҚ



Тақырыбы: «Алтын Күз»

№6 - Құлыншақ тобы

















Ән жетекшісі: М.А.Аюпова

Тәрбиеші: А.К.Айбасова

Р.Санат













Қарағанды қаласы

Мақсаты: Балалардың күз жайында алған білімдерін тиянақтай отырып, мерекені сезінуге, әрі мерекеге арнап жаттаған тақпақтарын мәнерлі етіп айтуға үйрету. Мерекеде өздерін дұрыс ұстауға тәрбиелеу. Әуенге қосылып ән айтып, көңіл- күйлерін көтеріп мерекеде өздерін еркін сезінулерін ұйымдастыру.

Қолданылған көрнекілік: Жапырақтар, себеттер, ағаштар, көкеніс пен жемістер, қолшатырлар.



Кейіпкерлер: Ересек; Орманшы, Балалардан; Құлпынай, Бидай.

Барысы: Ойын- сауық отауы орман ағаштарымен безендіріліп, күздің түрлі түсті жапырақтары жерде шашыраңқы орналасқан. Залдың төрінде балалардың орындықтары саңырауқұлақтардың бейнесімен бейнеленіп орналасқан. Ойын –сауық отауында құстардың сайраған дауысы естіледі, жүргізуші ойын- сауық отауына кіреді.



Жүргізуші: Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.

Қаңба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштықта,

Қап – қап қауын алдық біз.



Би: « Әсем жапырақтар»

Әні: К. Қуатбаев

Ән: «Жаңбыр»

Әні: Т. Базарбаев

Сөзі: Қ. Ыдырысов

Әннен кейін ойын сауық отауында әуен естіледі, ортаға Орманшы Құлпынай мен Бидайді жетектетіп келеді.

Орманшы: Менің күзгі орманыма кімдер екен қонаққа келген, орманның тыныштығын бұзатын бұзақылар емес пе?

Жүргізуші: Орманшы сәлеметсіз бе, жоқ олай емес. Біз орманыңызға рұқсатсыз кірсек айып етпеңіз, бірақ біз күз мерекесін тойлау үшін осындай

көрікті, әдемі күздің керемет бағы бар дегенді естіп, осы орманды іздеп келіп, отырмыз.



Орманшы: а.а.а... солайма! Мен күзгі орманға басқа бұзақылар кіріп кеткен екен десем.



Жүргізуші: Жо-жо жоқ Орманшы, біздің бүлдіршіндер өте ақылды, тәртіпті және өте өнерлі балалар. Келіңіз бізге сізде қосылыңыз, біздің балалардың тамаша өнерлеріне куә болыңыз.

Орманшы: Жарайды, менде сендермен бір көңілімді сергітіп алайын. А, есімнен шығып барады жаңа осында келе жатып жолдан мына Құлпынай мен Бидайды көріп қалдым, оларда осы мерекеге асығып келе жатыр екен.



Жүргізуші: Солай ма, олай болса Құлпынай мен Бидайдың мерекеге дайындаған өнерлері бар шығар тыңдап көрейік.



Бидай дән Бекжан Жарып шыққан қауызын,

Дән өмірлік азығың.

Жегенде ақ нанды,

Нәрге толар ауызың.

Ерте тұрып ақ таңнан,

Қара жерге нәр құйған.

Айналайын диқаннан,

Егін егіп дән жиған.



Құлпынай Дильдана Қып-қызыл боп қалғанда

Ауызыңа салғанда

Не жетеді шіркін-ай

Құлпынайға жалғанда.

Нарттай болып құлпынай

Пісіпті ғой шіркін-ай

Құлпынайдың дәмінен

Татуға жұрт ынтық-ай

Болар сусын десең де

Тоймайсың қанша жесең де

Жасайды одан әтір де

Жапырағы ем жөтелге.

Орманшы: Мен сіздерге өз сый-сыяпатыммен келдім. Мына себет тола жемістер, бұлардың бетіне тапсырма әкелдім.

Би: «Көкөністер»

Неміс әуені



1 бала: Down! Down! Down! Down!

Yellow and brown

The leaves are falling

Over the town



2 бала: Из берегов выходит Рейн

Неделю льет сильнейший райн

Как у погоды характер капризен

Зависит от времени года сэйзон



3 бала: Spring is green

Summer is bright

Autumn is yellow

Winter is white



4 бала: Любуюсь я листьев желтым полетом

Пора золотая, зовем ее оутум

В жару спасет меня панама,

Оно в разгаре, наша самма!



Ойын: «Жемістерден салатты кім жылдам жасайды?»

Би: «Өзбекше би»



Би: «Қолшатырлар»

Әуені: В. Иванов



Ән: «Күз келгенде»

Әні мен сөзі: Ж. Қалжанов



Ойын: «Жапырақтармен өрнектеу»

Ойын ережесі: Залдың ортасында қағаздан жасалған банан, бүлдірген және қиярдың эскиздері орналасқан. Олардың алдында әртүрлі түсте жапырақтар шашыраңқы орналасқан. Балалар үш топқа бөлініп музыка әуені басталғанда

бананды сары түспен, бүлдіргенді қызыл түспен, ал қиярды жасыл түспен музыка аяқталғанға дейін өрнектеп бітулері тиіс.



Орманшы: Ой, қандай тамаша өнерлі, шапшаң балалар екенсіңдер. Ал, енді балалар, мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұрғаны. Мен қазір жұмбақ жасырамын, ал сендер мұқият тыңдап менің жұмбағымды шешесіңдер.



Жұмбақтар: Шашы жердің бетінде,

Басы жердің астында.

(Сәбіз)

Іші тәтті

Сырты қатты

(Қауын – қарбыз)

Тропикалық жемістердің аттарын сұрау.



Орманшы: Өте керемет! Балалардың білімдеріде өте жақсы екен. Тәрбиеші апай, мен осындай ақылды, тапқыр балаларға қалай ғана сыйлық бермеймін, жаңа орманынан жинаған аздаған жемістерім бар еді соны табыстайын. Жарайды, балалар өнерлеріңе көп рахмет, мен енді орманымды әрі қарай аралайын. Орманды шашпаңдар, табиғатты аялаңдар, ормандағы жан- жануарларды қорғаңдар. Сау болыңдар!



Жүргізуші: Рахмет сізге, орманшы, келесі кездескенше сау болыңыз!

Бекжан: Алтын, сары тоны бар,

Қойынында дәні бар.

Не екенін тауып ал

Егін елді жинайды,

Қырманға деп қоймайды.



Би: «Қырманшылар»

Әні; сөзі: Жұмабеков Б.



Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Балалар, біз бүгін қандай мерекені тойладық, қандай қонақтар келді мерекемізге?

Балалардың жауаптары:

Жүргізуші: Тамаша балалар, өте жақсы мереке жайлы жақсы мағлұмат алыпсыңдар. Ал, құрметті қонақтар, осымен бүлдіршіндердің күз мерекесіне арналған ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
2036
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі