400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ойын әрекетінің баланың дамуына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын баланың жан-жақты дамуына ықпал ететінін түсіндім. Ол танымдық, әлеуметтік, эмоционалдық және физикалық қабілеттерді жетілдіреді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын әрекетінің баланың дамуына әсері

Тұлғаның өсуіндегі ең маңызды кезеңдердің біріне балалық шағын жатқызамын. Осынау алаңсыз сәтінде ойнамайтын баланы кездестіру мүмкін емес. Себебі баланың дамуы мен тәрбиесінің негізгі дағдысы ойын екенін бәріміз білеміз. Ойын арқылы бала айналаны танып, әлеуметтік және психологиялық қабілеттерін қалыптастырады. Осылайша оның алғашқы танымдық тәжірибесі, қоршаған ортаны зерттеуі жүзеге асып, қарым-қатынас дағдыларына төселеді. Ойын тек көңіл көтерудің құралы ғана емес, сонымен қатар физиологиялық дамуының да құралы болып табылады. Сол себепті осы кезеңде балаға қолдау көрсету өте маңызды. Ойын барысында бала әлеуметтік дағдыларды меңгере отырып, жан-жақты жетіледі. Ендеше, баланың өміріндегі ойын әрекетінің әсеріне тоқталайын.

Ең алдымен, ойын баланың ақыл-ойы мен танымдық жетілуіне оң ықпалын тигізеді. Менің ойымша, баланың есте сақтау, зейін логикалық ойлау қабілеттері артады. Америкалық ғалым Г.Гарнердің көптік интеллект теориясына сүйенсек, балалардың танымдық дамуы әртүрлі ойындар арқылы жүзеге асады. Құрастырғыштар, есептер сияқты логикалық ойындар арқылы математикалық интеллект, сөзжұмбақ және рөлдік ойындар арқылы лингвистикалық қабілеттері, сурет салу мен музыка сияқты көркем ойындар шығармашылық ойлауға ықпал етеді. Демек, мектепке дейінгі жаста жиі ойын ойнаған балалар кейін логикалық және сыни ойлау тапсырмаларын тез шешетіні сөзсіз.

Екіншіден, ойын баланың әлеуметтік және коммуникативтік дамуына үлес қосады. Меніңше, топтық ойындар баланың қарым-қатынас жасау қабілетін машықтандырады. Ондағы рөлдік ойындар жеткіншектің әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне көмектеседі. Сол кезде бала сұхбаттасуды, өзара пікір алмасуды үйренеді. Жапондықтардың зерттеуінше, баланың өзіне сенімділігі оның ойын барысында жинаған тәжірибесіне байланысты. Соған сай Жапониядағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінде балалардың топтық ойын ойнауына ерекше көңіл бөлінеді. Яғни бұл олардың болашақта ұжыммен жұмыс істеуін дамытады деп ойлаймын.

Үшіншіден, ойын – баланың эмоциясын реттеудің ең тиімді құралы. Мысалы, мен балабақшада балалармен қуыршақ театрының қойылымдарын қоямын. Сол арқылы олар ішкі сезімдерін сыртқа шығарады. Егер балада қорқыныш пен қобалжу болса, оны ойын арқылы жеңе алады. Көбінесе байқағаным, қойылымдарды көрген балалар физикалық, психологиялық тұрғыдан да өзін еркін сезінеді. Себебі отбасында смартфонға үңілген баланың тілі өте кеш шығады. Керісінше, қуыршақтардың сөйлегенін көрген кезде, олардың сөздерін қайталауға бейімделеді. Осылайша, ойын–баланың психикалық саулығына да оң әсерін тигізетініне көз жеткіздім.

Қорыта келе, ойын баланың жан-жақты дамуына ықпал ететінін түсіндім. Ол танымдық, әлеуметтік, эмоционалдық және физикалық қабілеттерді жетілдіреді деп ойлаймын. Ғылыми зерттеулер мен нақты мысалдар ойынның тек қызықты іс-әрекет емес, баланың болашағына әсер ететін маңызды фактор екенін дәлелдейді. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің саулығын қазірден ойлайық.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 наурыз
151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі