Ойын әрекетінің баланың дамуына әсері

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ойын әрекетінің баланың дамуына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын баланың жан-жақты дамуына ықпал ететінін түсіндім. Ол танымдық, әлеуметтік, эмоционалдық және физикалық қабілеттерді жетілдіреді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын әрекетінің баланың дамуына әсері

Тұлғаның өсуіндегі ең маңызды кезеңдердің біріне балалық шағын жатқызамын. Осынау алаңсыз сәтінде ойнамайтын баланы кездестіру мүмкін емес. Себебі баланың дамуы мен тәрбиесінің негізгі дағдысы ойын екенін бәріміз білеміз. Ойын арқылы бала айналаны танып, әлеуметтік және психологиялық қабілеттерін қалыптастырады. Осылайша оның алғашқы танымдық тәжірибесі, қоршаған ортаны зерттеуі жүзеге асып, қарым-қатынас дағдыларына төселеді. Ойын тек көңіл көтерудің құралы ғана емес, сонымен қатар физиологиялық дамуының да құралы болып табылады. Сол себепті осы кезеңде балаға қолдау көрсету өте маңызды. Ойын барысында бала әлеуметтік дағдыларды меңгере отырып, жан-жақты жетіледі. Ендеше, баланың өміріндегі ойын әрекетінің әсеріне тоқталайын.

Ең алдымен, ойын баланың ақыл-ойы мен танымдық жетілуіне оң ықпалын тигізеді. Менің ойымша, баланың есте сақтау, зейін логикалық ойлау қабілеттері артады. Америкалық ғалым Г.Гарнердің көптік интеллект теориясына сүйенсек, балалардың танымдық дамуы әртүрлі ойындар арқылы жүзеге асады. Құрастырғыштар, есептер сияқты логикалық ойындар арқылы математикалық интеллект, сөзжұмбақ және рөлдік ойындар арқылы лингвистикалық қабілеттері, сурет салу мен музыка сияқты көркем ойындар шығармашылық ойлауға ықпал етеді. Демек, мектепке дейінгі жаста жиі ойын ойнаған балалар кейін логикалық және сыни ойлау тапсырмаларын тез шешетіні сөзсіз.

Екіншіден, ойын баланың әлеуметтік және коммуникативтік дамуына үлес қосады. Меніңше, топтық ойындар баланың қарым-қатынас жасау қабілетін машықтандырады. Ондағы рөлдік ойындар жеткіншектің әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне көмектеседі. Сол кезде бала сұхбаттасуды, өзара пікір алмасуды үйренеді. Жапондықтардың зерттеуінше, баланың өзіне сенімділігі оның ойын барысында жинаған тәжірибесіне байланысты. Соған сай Жапониядағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінде балалардың топтық ойын ойнауына ерекше көңіл бөлінеді. Яғни бұл олардың болашақта ұжыммен жұмыс істеуін дамытады деп ойлаймын.

Үшіншіден, ойын баланың эмоциясын реттеудің ең тиімді құралы. Мысалы, мен балабақшада балалармен қуыршақ театрының қойылымдарын қоямын. Сол арқылы олар ішкі сезімдерін сыртқа шығарады. Егер балада қорқыныш пен қобалжу болса, оны ойын арқылы жеңе алады. Көбінесе байқағаным, қойылымдарды көрген балалар физикалық, психологиялық тұрғыдан да өзін еркін сезінеді. Себебі отбасында смартфонға үңілген баланың тілі өте кеш шығады. Керісінше, қуыршақтардың сөйлегенін көрген кезде, олардың сөздерін қайталауға бейімделеді. Осылайша, ойын–баланың психикалық саулығына да оң әсерін тигізетініне көз жеткіздім.

Қорыта келе, ойын баланың жан-жақты дамуына ықпал ететінін түсіндім. Ол танымдық, әлеуметтік, эмоционалдық және физикалық қабілеттерді жетілдіреді деп ойлаймын. Ғылыми зерттеулер мен нақты мысалдар ойынның тек қызықты іс-әрекет емес, баланың болашағына әсер ететін маңызды фактор екенін дәлелдейді. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің саулығын қазірден ойлайық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.03.2025
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі