ойын әрект

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ойын әрект

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды бір-бірін сыйлауға, өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке баулу. Жемістерді күтіп- баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу. Шығармашылық ойлау қабілеттері мен бейнелей білу мүмкіндіктерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларды бір-бірін сыйлауға, өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке баулу. Жемістерді күтіп- баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу. Шығармашылық ойлау қабілеттері мен бейнелей білу мүмкіндіктерін дамыту.

Түрі: кіріктілген сабақ.

Типі: дамыта оқыту «Тәй-тәй» технологиясы.

Қолданылған әдіс – тәсілдер:сұрақ- жауап,топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Алма  ағаштың суреттері, ойын.

Кіріспе:

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ойын әрекетімізді керемет көңіл-күймен бастайық.

, би билейді)

Керемет балалар, көңіл күйлерің қалай?

Балалар: Керемет

Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар: 4 мезгіл бар

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі

Тәрбиеші: Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы

Балалар: Күз мезгілінде күн салқын болады

Жапырақтар сарғаяды

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді

Қысқы мезгілге дайындық жасайды

Жемістер жинаймыз

Тәрбиеші: Балалар сендер қандай жемістерді жақсы көресіңдер?

Балалар: Алма ,алмұрт, банан, жүзім

Тәрбиеші: Олай болса сендер сүйіп жейтін алма жайлы ертегі тыңдағыларың келе ме?

Олай болса ролик арқылы мен сендерге «Алма» ертегісін айтып берейін .

-Ертегі сендере ұнады ма?

-Ертегідегі аңдарды атайықшы

Балалар: Кірпі,қоян, қарға, аю

Тәрбиеші: Осы ертегі кейіпкерлері сияқты осындай керемет көңіл-күймен алма бағына барасыңдарма? Олай болса барлығымыз «Апорт» әнін айтып баққа барайық. (Музыка)



Керемет қандай әдемі жасыл бақ, алмаларыда өте көп екен.

-Балалар алмалардың түстері қандай?

-Пішіні қандай? (Математика)

-Алмалардың пайдасы бар ма?

-Олар дәрумендерге өте бай

Олай болса, себетімізді алмаға толтырып алайық

Балалар қуана жинайды

(Бақтағы алмаларды жинау)

Себетіміз алмаға толды, мына алма бақты тастанды заттармен ластап тастапты.

Осы тастанды заттармен біздің жігіттер алма жасаса, ал қыздарымыз біздің жігіттерімізге арнам дәрумендерге толы салаттар мен тәттілер жасасақ қалай қарайсыңдар?(Қоршаған ортамен таныстыру)

Қыздар салаттар жасап, ұлдар құтылардан алмалар жасайды. (Шығармашылық, дәстүрден тыс сурет салу

Тәрбиеші : Қандай керемет балалар осындай керемет көңіл-күймен бақшамызға оралайық.

-Қандай ертегі тыңдадық?

- Балалар біз бүгін қайда бардық?

-Алма бағында нелер жасадық?

Ал енді осы біз сүйіп тыңда,»Алма» ертегісін сахналап көрейікші? Кім сахналайды?

Балалар сахналайды

Бүгінгі ойын әрекеті сендерге ұнады ма?

Балалар: Иә



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2024
202
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі