400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды балабақша психологтері мен тәрбиешілерге баламен жұмыс кезінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту


Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Жүйріктердің жарысы» ойыны балалардың зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Ал «Қақпан» ойыны арқылы балалардың жануарлар мен құстар жайлы білімдерін кеңейтуге болады.


«Жүйріктердің жарысы»

Мақсаты: ойын арқылы балалардың зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыка мен биге қабілеттілігн қалыптастыру.

Көрнекіліктер: жылжымалы тақта, түрлі – түсті борлар, қалпақ, шарф, жұлдызшалар және көңілді музыка.

Барысы: бұл музыка арқылы өткізілетін білім мен қозғалыстың жарысы. Балалар түстер бойынша екі топқа бөлінеді. Топтағы балалардың саны бірдей және онға дейін болуы қажет. Саптың алдында тұрған балаға жүргізуші қалпақ кигізіп, шарф тағады. Әр қатысушы музыка ырғағымен әр түрлі қимылдар жасап тақтаға келеді. Тақта екіге бөлінген. Тақтаға бірінші топ қызыл түсті бормен, екінші топ сары түсті бормен реттік сандарды жазады. Мысалы, бірінші қатысушы тақтаға бір санын жазды, келесі қатысушы бірден кейінгі санды өз командасының түсіндегі бормен дұрыс жазуы керек. Тақтаға сандар ретін дұрыс жазған және ойынды бірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен топқа жұлдызшалар таратылады.


«Қақпан»

Мақсаты: ойын арқылы балалардың жануарлар мен құстар жайлы білімдерін кеңейтіп, көңіл – күйлерін көтеру.

Көрнекіліктер: қақпанның суреті, әр түрлі жануарлар мен құстардың кеудешелері немесе жануарлар мен құстардың эмблемалары.

Барысы: бұл жылдамдық пен қозғалысқа арналған ойын. Ойын барысы балалар үшін қызығырақ болу мақсатында, оларды ұлдар және қыздар деп екі топқа бөлуге болады. Қыздар шеңберге тұрғанда, ұлдар жануарлар мен құстарды бейнелейді. Жүргізуші белгі бергенде «қақпан» ашылады – шеңбердегі қыздар қолдарын жоғарыға көтереді. Бұл уақытта «қақпан» ішінде барлық жануарлар мен құстарға жүруге, жүгіруге және секіруге болады. Жүргізуше келесі белгіні бергенде «қақпан» жабылады. «Қақпаннан» шығып үлгермеген барлық балалар қақпанда қалып, шеңберге тұрады. Ойын барлық жануарлар мен құстарды «қақпанға» түсіргенше жалғасады. Жануарлар мен құстардың барлығын қақпанға түсіргеннен кейін қыздар мен ұлдар орындарын ауыстырылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс – әрекеті ойын болғандытан, балаларды ойын арқылы тәрбиелеу және білімдерін кеңейту өте тиімді болып табылады. Мен назарыңызға ұсынған ойындар сізге балалармен жұмыс барысында көмектеседі деген сенімдемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 маусым
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі