15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ойын арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру" атты авторлық жұмыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….....3
1 ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дүниетану пәнін өткізу негіздері және онда балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................................................5
2 ДҮНИЕТАНУ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА 2 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
2.1 2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау.10
2.2 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен ......16
2.3 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі...............................................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................25
ҚОСЫМША...................................................................................................26
КІРІСПЕ
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi.
Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды [1, 11 б]. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-әрекетi басым. Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.
Бiрiншi кезекте, әрбiр адамның, азаматтың, оқушының жанын, рухын, санасын сауықтыруға мемлекет, әрине мүдделi, сондықтан бұл мәселенi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде шешудi көздейдi. Осыған байланысты төмендегiдей түйiндi сөздердiң мәнi мен мағынасын қайта қарап, айқындау қажеттiгi туады. Бiлiм беру тұжырымдамасының оқытудың рухани адамгершiлiк мәдениетiнiң тұрғысынан алғандағы iзгiлiктiлiгi, функциялылығы және табиғилығы:
- Ізгiлiктiлiк бала ретiнде индивидтiң адамгершiлiк-эстетикалық белгiлерiн, оқушы ретiнде даралықтың моральдық белгiлерiн бойына сiңiрген белсендi әрi шығармашыл тұлғаның дамуы үшiн тұрақты жағдай тудыру мiндеттерiн назарда ұстайды.
- Оқыту мәдениетiнiң функциялылығы педагогтердiң де, оқушылардың да адамгершiлiк-әдептiлiк бiлiктiлiгiн қалыптастыруға бағытталады. Оқыту мәдениетiнiң рухани – адамгершiлiк негiздерiн қалыптастырудың функциялық мәндiлiгi мынаған бағдарланған:
- бiлiм беру үрдiсi субъектiлерiнiң тұлғааралық қатынастарының рухани өрлеу тұрғысынан жаңарту;
- оқу әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық қана емес, адамгершiлiк негiздерiн де анықтау;
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның iшiнде бастауыш мектеп жасындағы балаларға адамгершiлiк – рухани бiлiм бiлiм беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етедi.
Алайда оқыту мәдениетi барлық тарихи және мәдени өзгертуде болсын, ол қашанда оқытудың қандай да бiр педагогикалық үлгiсi, тәрбиенiң адамгершiлiк эталоны болып қала бередi [ 26,42].
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады.
Сондықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбын “Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениеттерiн қалыптастыру” деп алынып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізілді.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде балалардың шығармашылығын дамыту болып табылады.
1 ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дүниетану пәнін өткізу негіздері және онда балалардың шығармашылығын дамыту
Дүниетану пәні ғылыми негіздегі жаратылыстану ғылымының алғашқы сатысы.
Оқу бағдарламасының мазмұны бастауыш мектеп мұғалiмдерiнен оқу-тәрбиелiк мақсаттарын дұрыс анықтап, табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқушыларға тиiмдi де түсiнiктi түрде жеткiзу үшiн оқытудың тәсiлдерiн дұрыс таңдауды қажет етедi. Жалпы бастауыш мектеп мұғалiмi оқушыларды қоршаған дүниемен таныстыра отырып, эстетикалық, адамгершiлiк, табиғатты қорғауға тәрбиелеудi мақсат деп санайды.
Ғылымда қоршаған дүние сырын танудың оқу үрдісiнде үш әдiсi бар:
- бiлiм көзi;
- мұғалiмнiң оқытуы;
- оқушының бiлiмдi қабылдауы;
- оқытудың тәсiлдерiнiң классификасы;
- әңгiмелеу, түсiндiру, суреттеу, баяндау, көрнекi құралдарды қолдану, практикалық жұмыс, табиғатқа топсеруен, тәжiрибе жасау, т.б.
Оқу процесiнде қолданылатын әдiстердi оқу үрдісiнiң құрамына, оқушылардың жас ерекшелiгiне, сабақтың тақырыбына байланысты белгiлеймiз.
Ендi сол әдiс-тәсiлдердi атап көрсетемiз.
1 ”Дүниетану” сабақтарындағы модельдеу әдiсi.
Бастауыш мектепте модельдеу әдiсi барлық сабақтарда қолданылуы қажет. Бiлiм беруде оның маңыздылығы зор, себебi оқушылар кеңiстiктi көз алдына елестетуi, немесе құбылысты түсiну ерекшелiктерiнiң, iс тәжiрибеде нақты көрсетiлуiн қажет етедi.
Оқушылардың басты бiлiм алу көзi оқулық болып табылады. Оқушылардың толық терең жүтем бiлiм алуы, оқулықпен дұрыс жұмыс iстеуiне байланысты.
В.А.Сухомлинский оқушының өздiгiнен ынтасымен кiтап оқуын ақыл-ой тәрбиесiнiң екiншi бағдарламасы деп есептеген. (Жақсы оқи бiлу деңгейiнiң мәнi неде? Бұл, ең алдымен, кiтап оқудың қарапайым әдiсiн бiлу, игеру болып табылады”.
Ғалымдар Ф.Талызина, Е.Н.Қабанова, Меллер, А.В.Усовалардың айтуынша оқушылардың бiлiктiлігі қалыптасқан болса, онда еңбегi едәуiр нәтижелi болады. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуында оқулықпен жұмыс iстеу бiлiктiлiгi ең басты танымдылық бiлiктiлiк болып саналады.
Мұғалiм қаншалықты тиянақты, ұқыпты, сабақ бергенiмен, оқушыларды материалды оқып-үйренуге ынталандырғанымен, егер де оқушының өзi бiлiм алуға ынталанбаса, оқыту үрдісi ойдағыдай өз дәрежесiнде болмайтыны белгiлi.
“Оқыту дегенiмiз - ең алдымен оқушыда оқуға деген ынта туғызу және оқуға үйрету. Егер оқушы мектепте тек елiктеуге, көшiруге үйренсе, онда ол өмiрде шығармашылықпен жұмыс iстей ала ма?
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, көзқарасын қалыптастыру және дамыту – ұзақ та күрделi үрдiс. Ол пәндi оқып үйретудiң бойында үнемi жүргiзiледi.
Танымдық қабiлет оқушыда қабылдау, қиялдау, есте сақтау, дамыту мен ынталаудың арнайы әдiсiн қалыптастыру, бiлiк пен iскерлiк түрiнде бекiтiлуi және ойлаудың түрлi сапаларынан тұрады.
Профессор Т.Сабыровтың мынандай пiкiрiне назар аударайық: оқушыларды пәнге деген қызығушылығын туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың iшiнен төмендегiдей үш жағдайды атап көрсеткен жөн:
1) Оқу материалының мазмұны, ондағы жаңалықтар, қазiргi ғылым мен техникадағы жаңа табыстар (оның практика үшiн патшасы, т.б.).
2) Оқуды ұйымдастыру процесiнiң ерекшелiктерi (оның әдiстерi мен формалары, т.б.).
3) Мұғалiм мен оқушылар арасындағы қарым –қатынастардың ерекшелiктерi. Мысалы, сабақта мұғалiм мен оқушылар арасында жылы шырайлы қарым-қатынастың болуы, еркiн жағымды эмоциялық жағдай, мұғалiм көңiл-күйi сергек, жарқын болуы, оқушылардың бiр-бiрiне көмек беруi, т.б.
Кейбiр тақырыптарға, бөлiм, тарауларға түрлi сұрақтар мен тапсырмалар, тәлiм-тәрбиелiк жағынан мәндi қосымша материалдар енгізілген.
Оқушылардың ой-пiкiрiнiң еркiн, дербестiгiн жүзеге асыру құқын барынша дамыту, оқудың маңызды шарттарының бiрi.
Туған елдiң табиғаты – адамгершiлiк тәрбиенiң қуатты құралы. Оның сұлулығы балалық шақта жарқын әрi терең қабылданады. Мұғалiм балаларға табиғат әлемiн ашып бередi, олардың гүл жапырағындағы мөлдiр шықтың, алуан түрлi шөптердiң, батып бара жатқан күн бояуының ғажап әдемiлiгiн түсiнуге көмектеседi.
Баланың барған сайын аналитикалық-синтетикалық ойлау дәрежесi дамиды. Осыны ескере отырып, балалардың серуеннен кейiнгi алған бiлiмдерiн жинақтау мақсатында мiндеттi түрде қорытынды сабақ өтiледi.
Көктемнiң алғашқы гүлдерiмен таныстыру топсеруенi табиғаттың кiшкене ғана бөлшегi арқылы әсемдiктi көре бiлу мақсатын көздейдi. Балалар гүлдердi салыстырып көрiп, олардың құрылысы мен тiршiлiк әрекеттерi жайлы бiрқатар мәлiметтер алады. Бақылаған өсiмдiктердiң атын атауларына қарап балалардың топсеруен кезiндегi зейiні тұрақтануы мен материалдарды есте сақтау қабiлеттерiнiң өте қиын екенiн байқаймыз. Мұндай сабақтарды өткiзу барысында мұғалiм алдында күрделi мiндеттер тұрады. Бiрiншiден, топсеруеннен алған әсерлерi негiзiнде балалардың табиғатқа деген қарым-қатынасын, қоршаған ортаның әсемдiгiн көре бiлу қабiлеттерiн одан ары дамыта түсу, ұйымшыл, тату болуға, өзара сыйластық сезімдерін үнемі тудыруға тырысу. Екiншiден, мұғалiм оқушылармен бiрге табиғи құбылыстарды, олардың қасиеттерiн бақылауы, яғни баланың шындық өмiрдi қабылдауын дамытуы керек. Кез-келген бастауыш сынып мұғалiмi дүниетанудың осы екi тұсын үйлестiрудiң өте қиын екенiн бiледi. [2,128]
Оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iс-әрекеттерi де үлкен әсер етедi. Әсiресе, бастауыш сынып оқушылары өздерiнiң жас шамаларына қарай ертегi, аңыз-әңгiмелердi, батырлар туралы шығармаларды сүйсiнiп оқиды.
Шығарма кейiпкерлерiнен үлгi алып, оның жақсы қасиеттерiн үйренiп, соған жету үшiн өздерiн дайындайды. Мысалы, достық деген тақырыпқа байланыстырып, өмiрден достыққа байланысты деректер келтiрiледi. Дос - деген ұғым қасиеттi ұғым. Дос адамдық асыл қасиет пен саған тек жақсылық ойлайды, қиындықта көмектеседi, қуанышты да, қайғыны да бiрге бөлiседi. Дос – қамқоршы, көмекшi, жанын сала сыйлайтын ең жақын серiк, тiрек деген сияқты мысалдар..
Достық - әдеп, сыйласым.
Дос - өмiрлiк қимасым,
Достық ниет – жақсы үмiт,
Достық жасап адамға,
Достаса бiл әмәндә.
Осылайша сабақты тартымды өткiзу үшiн сабақ тақырыбына сай көрнекi құралдар, дидактикалық материалдар, үлестiрмелi карточкалар көптеп қолдану керек. Қорыта айтқанда бастауыш сынып оқушылары үшiн сабақты қызықты да мазмұнды етiп жүргiзу мұғалiмнiң өзiне, шығармашылық iзденiсiне, әр түрлi әдiстемелiк әдiс-тәсiлдердi сабақта тиiмдi пайдалана бiлуiне байланысты.
Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушылардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез нормалары мен ережелерiн дарыту жөнiнде мұғалiмдердiң арнаулы мақсат көздеген қызметi.
Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен гуманизм үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Бұлардың арасында Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Қ.Шаңғытбаевтардың шығармалары бiздiң жастарымыздың жан-дүниесiн әрқашан да терең тебiрентетiн туындылар кейiпкерлерімен суреттейдi [77,83].
Тәрбие жүйесiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бiрi бала адамгершiлiгiнiң дамуы, оның рухани-адамгершiлiк дүниесiндегi елеулi өзгерiстер болуы тиiс. Бұл факторлар балалардың кәдiмгi және күрделенген жағдайлардағы адамгершiлiк мiнез-құлықтарының тұрақты болуынан, ересектердiң сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде тәуелсiз болуынан, өз қылықтарының адамгершiлiк салдарын болжай бiлуден, iштей бақылау сезiмiнiң – ождан, қылықтың моральдық жағын және өзiн адамгершiлiк қасиеттердiң иесi ретiнде сезiнуiнен көрiнедi.
Адамгершiлiк қасиеттердiң жетiлуi – тәрбие жүйесiнiң нәтижесi және тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзгi критерийi [3,6].
Төменгi сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу ең алдымен және негiзiнен оқыту процесiнде жүргiзiледi. Баланы оқыту үстiрт қарағанда ғана тiптi өзгеге қатысы жоқ iс болып көрiнуi мүмкiн.
Шындығында сабақ – алуан түрлi ұжымдық қимылдар мен тебiренiстердiң, адамгершiлiк өзара қатынастардың тәжiрибесiн жинақтайтын орын. Сабақта балалар өздiгiнен жұмыс iстеуге үйренедi. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшiн өз күш-жiгерiн өзгелердiң күш-жiгерiмен салыстыру, өз жолдастарын тыңдап, түсiнудi, өз бiлiмiн басқалардың бiлiмімен салыстыру, өз пiкiрiн дәлелдеу, бiреуге жәрдемдесу және оның жәрдемiне сүйенуi қажет. Тәрбиелiк жағынан алғанда мектепте оқылатын барлық пәндердiң маңызы бiрдей.
Төменгi сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеуде мұғалiмнiң жеке басының үлгiсiмен, балалармен қарым қатынасының шешушi маңызы бар.
Оқушылар әр кез өз мұғалiмiне елiктейдi. Егер мұғалiм мен оқушылардың қарым-қатынасына iзгiлiк, қамқорлық, сезiмталдық тән болса, оқушылардың өзара қарым-қатынастары да сондай болады.
Бастауыш сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы мiндеттердiң бiрi оны адамгершiлiк туралы ұғымдар, түсiнiктермен байыту болып табылады. Оқушылар бұларды әр түрлi дәрежеде игередi, ол баланың жалпы дамуына, оның өмiрлiк тәжiрибесiне байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда оқу сабақтарының ролi үлкен, соның iшiнде дүниетану сабағы. Бiз үнемi, “Кiтап – бұл әлем сырын ашу” деймiз. Яғни, оқу арқылы оқушы қоршаған өмiрмен, табиғатпен, адамдардың еңбегiмен, құрдастарымен, олардың қуаныштарымен, кейде тiптi сәтсiздiктерiмен танысады. Бастауыш сынып оқушылары ең алдымен iзгiлiк, қайырымдылық, сезiмталдық, әдеттiлiк туралы ұғымдарды түсiнуi, оларды айыра бiлудi үйренуi керек. Бұл сапалар өзара байланысты, қайырымды адам қашан да сезiмтал, әдiлеттi адам да сергек, сезiмтал келедi. Балаға адамгершiлiк сапалардың өмiрдегi көрiнiсiн көре бiлуде, қайырымдылық, зұлымдықты, сезiмталдық пен әдiлетсiздiкті, жолдасына шын мәнiнде немее жалған көмек берудi айыра бiлудi үйренуi тиiс. Сондықтан оқушылар адамгершiлiк мәдениетiнiң дамуына бағыт беру үшiн осы сапаларпдың мазмұнын бiлу қажет.
Адамдар арасындағы өзара қатынастың күрделiлiгiн ашуға көмектесетiн балалар әдебиетiнен мысалдарды сабақта тақырыпқа сай пайдалануға болады.
2-сыныпта балалар әжептәуiр өсiп қалды, сондықтан мұғалiм экскурсияның тәрбиелiк мүмкiндiктерiн 1-сыныптағыларға қарағанда кеңiрек, әрi тереңiрек пайдалана алады. Бұл жерде мұғалiм оқушылардың танымдық құштарлығын арттыра бередi. Экскурсия кезiнде баланың табиғатқа, қоғамдық өмiрдегi әр түрлi құбылыстарға, моральдық норма мен тәртiп ережесiне қатынасы қалыптасып, әр түрлi мамандықтағы адамдардың еңбегi жөнiндегi түсiнiгi кеңейе түстедi.
Iс-әрекеттiң барлық түрiне деген құштарлықты пайдалана бiлу, оның сана-сезiмiн арттыра түсуге көмектеседi.
2-сынып оқушылары өздерi үшiн мүлдем жаңа дүниетану пәнiн оқи бастайды. Сондықтан мектептiң биология кабинетiне саяхат жасаған дұрыс. Олар биология пәнiмен, мұғалiмiмен танысып, анық аты-жөнiн, кабинеттегi құстар тұлыбы, өсiмдiктер, гербарий сияқты коллекциялар түрін көредi. Егер мектепте хайуанаттар жүйесi болса, жоғары сынып балалары оларды қалай бағып-күтетiндерi жөнiнде айтып бередi. Бұл жұмыстар арқылы балалардың мейірімділік, аяушылық сезімдерін туғызыға болады. Өлкетану мұражайында балалар мектеп оқушылары өз қолдарымен жинап, құрастырған экспанаттармен танысады. Мектептiң өлкетану мұражайына материалдар жинауға қатысып, қолдан келген көмектерiн көрсету, 2-сынып оқушыларын жоғары сынып оқушыларымен жақындастырып, олардың достық қарым-қатынастарын, үлкендерді сыйлау, үлгі алу, ұйымшыл болу, дұрыс сөйлесе білу, т.б. қасиеттерін күшейте түсу [4,143 б].
2 ДҮНИЕТАНУ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА 2 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
2.1 2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау
Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жайлы түсiнiк беретiнiн ескерсек “табиғат” туралы көптеген дәлелдер айта беруге болады.
Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.
Табиғаттан бабамыз ала берген секiлдi;
Дархандықты қазаққа дала берген секiлдi;
Еркелiктi ерiктi желден алған секiлдi;
Мөлдiрлiктi көгiлдiр көлден алған секiлдi.
Табиғат дегенiмiз – бұл бiздiң санамыздан тыс, бiзге бағынбайтын, бiздiң өмiрiмiздiң тiрегi болып тұрған болмыс, әсем дүние. Табиғатты адам өмiрiнiң барлық қажетiн толық өтейтiн құрал болу үшiн, ол мiндеттi түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиiс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғайтын да адам. Адам өзiнiң де, табиғаттың да қаласа досы, санасыз iс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Осындай ерекшелiктердi ескере отырып мұғалiм алдындағы әр оқушының санасына табиғат қорғаушысы болуын сiңiру жолдарын iздестiруi керек. Дүниетану сабағы- өсiмдiктер мен жануарлардың, адам ағзасы мен қоршаған ортаның, табиғат пен экологияның адам үшiн алар орнын ашу, мәнiн бiлдiру.
Бастауыш бiлiм- үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы болғандықтан, оқушыларға белгiлi бiр көлемдегi бiлiм, бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру, жан-жақты дамыту бүгiнгi күннiң басты талабы.
Бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм мен тәрбие беруде әр пән жоғары деңгейде жүргiзiлуi тиiс. Бұл үшiн пән мұғалiмi әдiс тәсiлдердi жетiлдiре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра бiлуi қажет. Сабақ- ұстаздың көп iзденуiнен, көп еңбектенуiнен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы “шығарманы” алдында отырған оқушыларға игерте бiлу де оңай емес.
Ол үшiн мұғалiмнiң бiлiктiлiгi, iскерлiгi шеберлiгi арқылы оқушы жүрегiне жеткiзе алатындай шебер ой өрнегi болуы керек.
Дүниетану сабақтары арқылы оқушылар адам, табиғат, қоғам, яғни реалды дүниенiң үш құрамдас бөлiгi туралы бiлiм алады. Бұл пән оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi. Сонымен бiрге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiн дамытып, шығармашылыққа жетелейдi.
Адамгершiлiк мәдениетi өте кең көлемдегi ұғым, өйткенi оған адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, iнi-бауырға тағы басқалармен бiрге табиғатта жатады.
Табиғат - адам баласының материалдық және рухани қажеттiгiне жарайтын ең негiзгi байлық. Себебi қоршаған орта барлық адамдарға ортақ, сондықтан оның таза және әсем болуына бастауыш сынып оқушылары да үлес қоса алады. Дүниетану сабағында оқушыларда табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырып қана қоймай, оларды қорғап, оның байлықтарын тиiмдi пайдалану жұмыстарын тәрбиемен байланыстырып жүргiзiлетiн жұмыстар өткiзу мұғалiмге байланысты.
Төменгi сыныптарда оқушылар табиғаттың жеке бөлшектерiнiң жағдайын, табиғаттың әсем маусымына байланысты өзгерiсi мен оның себептерiн, тiрi табиғат пен өлi зат арасындағы қарым қатынас, адам әрекетiнiң табиғатқа жасайтын ықпалы, қоршаған табиғат жайлы жалпылай мағлұмат алады.
Ал оны тереңдетiп, оқушыларға практикалық мысалдармен жеткiзе бiлу мұғалiмнiң шеберлiгiне байланысты. Әрине оқушылардың жас ерекшелiктерi, бiлiм деңгейлерi ескерiледi немесе жануарлармен таныстыратындығын алдын ала белгiлеп алады. Табиғат пен оған жасалған адам ықпалын оқу процесiнде оқушылар бөлме өсiмдiктерiн көбейту, құстарды тамақтандыру, ағаш отырғызу сияқты практикалық жұмыстардан да мағлұмат алады. Сабақ барысында табиғатқа, жан-жануарлар, өсiмдiктер мен құстарға деген қамқорлық жасау қалыптасады. Серуенге шыққан оқушыларды тағам қалдықтары мен қағаздарды жағып жiберуге, қатты заттарды көмiп тастауға үйретуi керек [5, 397 б].
Адамға бiлiм де, дұрыс тамақтану да, жақсы киiну де, тiптi көтерiңкi көңiл күй де, т.б көптеген нәрсе қажет. Осылардың бәрiн ол айналадағы дүниеден алады. Дегенмен айналадағы дүние өзiнiң барын адамға сый етiп бере бермейдi. Себебi айналадағы дүние көп нәрсеге мұқтаж.
Мысалы: бақтағы алма ағашын алайық. Ол - табиғат перзентi. Тiршiлiк ету үшiн оған да су, ауа, қорек, жылу жарық керек, яғни адам сияқты ол да тiршiлiк етедi.
Жемiсiн адамға сыйлайды. Ағашқа күтiм қажет. Бағбан оны суарады, түбiн қопсытады, дiңiн әктейдi, күтедi. Сонда ғана ол жемiс бередi. Сондықтан да оқушылар санасына ағаш адамға жемiсiн сыйласа, адам оған су, ауа, қорек болатындай жағдай жасап, қажетiн өтейдi. Бұл жерде оқушының өз ауласындағы бақшасы, мектептегi жемiс-жидектерге қандай көмек көрсететiнiн өздерiне әңгiмелетiп, мысалдар айқызуға болады.
Адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiгi әдiстерiне түсiндiрудi жатқызуға болады. Оның құралдары ретiнде мақалдар мен мәтелдер, әңгiмелер мен ертегiлер, аңыздар мен аңыз-әңгiмелер қызмет еттi. Оқушылармен әнгiмеде тап сол жағдайға қолайлы мақалдар мен мәтелдер арнайы сұрыпталып, реттелiп алынып отырады. Адамгершiлдiкке тәрбиелеудiң аса бай жолдары белгiлi болғанына көз жеткiзу үшiн келесi әдiстер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету,жаттықтыру, сендiру, өтiну кеңес, мақұлдау, сәттiлiк тiлеу, тыйым салу, ант беру, сөгiс беру,кiнәлау жатады.
Мәселен, халық ұғымында, адам баласының мiнез-құлығына тәрбие мен тәлiм арқылы тек бiлiм мен ақылды ұштастыра бiлгенде ғана сiңетiн, аса құдiреттi, қасиеттi мол адамшылық атаулының бiр көрiнiсi. Шындық пен әдiлнттi суреттейтiн көркем шығармалардың iшiндегi аңызды айтсақ-“Аяз бидi” еске аламыз. Шыр етiп дүниеге келген перiште сәбиге адами асыл қасиеттер ана сүтiмен, берiсi бесiктен дамиды десек, қателеспеймiз. Ал адам балысының тәрбиесiнiң ошағы саналатын – мектеп тәрбиесi бала бойында iзгi қасиеттердiң қалыптасуына үлкен де, маңызды атқарары даусыз. Тәрбиенiң негiзгi – iргетасы адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты.
Өйткенi, адам бойындағы мыңдаған қасиеттердiң iшiндегi негiзгi орын алатын қасиет – адамгершiлiк қасиетi. Бұл- аксиома. 2-сыныпта дүниетанудан “Өсiмдiктер мен жануарлар” бөлiмiндегi “Қызыл кiтап” тақырыбын өткенде – Қазақстан Республикасының “Қызыл кiтабы” Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауiп- қатердiң белгiсi сияқты. Бұл кiтап өсiмдiктер мен жануарлардың көптеген түрлерiнен жер бетiнен жоғалып, құрып кетуi қаупi төнгенiн ескертедi. Егер, жануарлар жайылып өсiмдiктердi жұлып, кесiп немесе оларды аямай таптап, балалар ойнап сындыра берсе, өсiмдiктер құрып кетедi. Адамның қорғауына өте мұқтаж жануарлар мен өсiмдiктер көп.
Елiмiздiң “Қызыл кiтабына” талас қайыңы, Қарқаралы бөрiқарақаты тағы басқа, өсiмдiктер, құстардан қоқиқаз, бүркiт, ақбас, тырна, аққу, басқа жаныарлар енгiзiлген. Табиғатты қорғауы туралы заңды тек үлкендер ғана емес, балалар да сақтауға тиiс. Мысалы, саған құс ұясын алыстан бақылауға болады.
Ал оларға тиюге, ұяны бұзуға рұқсат жоқ. Құмырсқа илеуiн бұзып, таптау –зиянкестiң iсi. Себебi құмырсқаның орманға тигiзетiн пайдасы зор: олар ағаш зиякестерiн жояды. Ал ағаш -өсiмiдiк, ол адам үшiн көп пайда бередi. Оны өздерiң бiлесiңдер деп әр-кез топсеруен, бақылау кезiнде ескертудi естен шығармау керек. Өсiмдiктердiң де “Қызыл кiтапқа енген” түрлерi көп [6, 111 б].
Сабақтың тақырыбы Әдiстерi мен тәсiлдерi Көрнекi құралдары
I Кiрiспе-6 сағат.
1 Адамның айналадағы дүниемен қарым қатынасы. Бiлу және бiлгендi өмiрге пайдалану. “Табиғат” бейнеленген сурет, схема макеттерi.
2-3 Адам өмiрiне не қажет? Оларды адам қайдан алады? “Сыйға-сый,- әдептiлiк.” Схема макеттерi, судың, ауаның, күннiң суреттерi. Әңгiмелесу, схема құрастыру
4 Еңбекпен келген нан-қасиеттi тағам. Таблица макетi, Тақырыпқа байлынысты суреттер. Әңгiмелесу, таблица толтыру
5 Топсаяхат “Алтын күз”. Бақылау жоспары. Модельдеу, бақылау
II Сурет және сұлба (8 сағат)
6 Көкжиек және көкжиек сызығы, тұстары Схемалар Сарамандық әдiс
7 Бағдарлау. Компас Схемалар, компас Сарамандық әдiс
8 Қашықтықты өлшеу.
Масштаб шартты белгiлер. Ермек сазынан жасалған макет, шартты белгiлерiнiң суретерiнiң Сарамандық жұмыс
9 Сұлба және сурет. Үлкейтiлген жер бетiнiң сұлбасы. Оқушыларда: сұлба, қарындаш, сызғыш,
компас. Сурет. Әңгiмелесу, сарамандық жұмыс
Кесте 1 жалғасы
10 Жергiлiктi жердiң
сұлбасы Сұлбалар, жiп сызғыш Әңгiмелесу, сарамандық жұмыс
11 Қорытынды сабақ. Карточкалар, сұлбалар, схемалар Оқушылардың бiлiмiн бағалау әдiсi.
12 Өлi табиғат. Ауа. Ауаның қасиетерi 1- сыныптағы табиғаттың құрамының схемасы, доп, шарик, банка, майшам. Схеманы сызу әдiсi, сарамандық әдiс.
13 Ауаның табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы. Кемелердiң, ұшақтың суреттерi. Схема құрастыру, әңгiмелесу.
14 Судың қасиеттерi. Суреттер, стакан, қант, тұз, сүт, қағаз, шүберек. Модельдеу.
15 Су ерiткiш. Марганец, бордың ұнтағы, су, стакан. Таблицаны жалғастыру
16 Судың табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы. Схеманы құрастыратын бөлшектер,суқоймасының «композициясы» Сарамандық әдiс, модельдеу.
17 Топырақ. 2 стакан, топырақ, спиртовка, темiр қалбыр Таблицаны толтыру.
18 Топырақтың табиғаттағы, адам өмiрiндегi маңызы. Топырақ коллекциясы, схеманың бөлшектерi. Модельдеу.
19 Қорытынды сабақ Таблицалар, 1-сынып схема “ Өлi табиғат”.
Балалардың бiлiмiн тексеретiн карточкалар,
Тестер Бақылау әдiсi.
20 Тiрi табиғат. 1-сыныптағы схема Модельдеу әдiсi,
Кесте 1 жалғасы
Өсiмдiктердiң тiршiлiгi. суреттер, 1сыныптағы “Тұқым” тақырыбына арналған модельдер. сарамандық жұмыс
21 Өсiмдiктердiң жалпы құрылысы Суреттер, схемалар. Модельдеу әдiсi, сарамандық жұмыс.
22 Тамыр. Тамырдың түрлерi,
Гербарий, схема бөлшектерi. Модельдеу.
Әңгiмелесу.
Бақылау.
23 Сабақ. Суреттер, гербарий, схема бөлшектерi. Модельдеу,
әңгiмелесу.
24.Жапырақ. Күзде
жапырақ неге сарғаяды ? Микроскоп, оның шы-нылары, ине, жапырақ, жапырақтың суретi,
Гербарий. Сарамандық жұмыс.
Әңгiмелесу.
25 Өсiмдiктердiң көбеюi. 1-сыныптағы схема,
модельдер, схеманың бөлшектерi Модельдеу.
26 Өсiмдiктер қалай дүниеге келедi ? “Мәдени өсiмдiктердiң пайда болу орталығы”
таблицасы “Аквариум”. Бақылау, қосымша
әдебиеттермен жұмыс
27 Тұқым және жемiс. 1-сыныптағы модель схема №№1-2 бөлшектерi, тәжiрибенi қою Модельдеу әдiсi.
28 Тамырсабақ, түйнек, пиязшық арқылы көбеюi. 1-сыныптағы модель. Гербарий, схема бөлшек-терi №3 тәжiрибенi қою Модельдеу
29 Өсiмдiктердiң жер
бетiндегi мүшелерi арқылы Қалемшелер, “Жапырақпен көбею”. Сарамандық жұмыс.
Кесте 1 жалғасы
көбеюi. Схемасы.
30 Өсiмдiктiң өсiп өнуiне қажеттi жағдайлар. Бақылау тапсырмалары.
Тұқымдар, опырағы бар
Жәшiк. Бақылау әдiсi.
Сарамандық жұмыс
31 Өсiмдiкке топырақ керек №1сарамандық жұмыстардың сипаттамасы Таблица сызу.
32 Өсiмдiкке су керек №2 сарамандық жұмыс-
тың сипаттамасы Таблица сызу.
33 Өсiмдiктерге ауа және жылу керек. №3,4 сарамандық жұмыстардың сипаттамасы Таблица сызу
34 Қорытынды сабақ. Бақылау тапсырмалары, тестер Бақылау әдiстерi.
35 Тiрi табиғат. Жануарлардың тiршiлiгiне не қажет ?
Жылу Суреттер, схемалардың бөлшектерi Схема сызу.
Таблица толтыру
36 Жарық және су-жануарлар тiршiлiгiне қажеттi (заттар) жағдай. Табиғаттағы байланыстарды көрсететiн схеманың бөлшектерi, суреттер Модельдеу.
37 Жануарлар немен
қоректенедi ? Қоректiк тiзбектердiң бөлшектерi,1-сыныптағы мүшелер қатарлары. Модельдеу.
38 Жануарлар жемiсiн қалай аулайды. Әр құсқа өз тұмсығы қажет. Қоректену схемасының бөлшектерi 1-сыныптағы қатар Модельдеу.
Кесте 1 жалғасы
39 Бунақденелiлер жауыннан қалай қорғанады? Бейiмдiлiк. Суреттер,схемалар.
“Қоректiк тiзбек” Ойын, әңгiмелесу
40 Бейiмдiлiк. Бүркенiш рең жануарға да қажет. Аңдар неге “ жуынады” ? Суреттер 1-сыныптағы
Қатар Әңгiмелесу, ойын
41 Ұрпақ-тiршiлiк жалғасы Бунақденелiлердiң көбею схемасы. Қосмекендiлердiң көбею схемасы. Сүтқоректiлердiң көбею схемасы. Дидактикалық әдiс
Ойындар.
Жұмбақтар.
Ребустар.
42 Жануарлардың бiр-бiрi-не қайырымдылығы. “Биотикалық байланыс-тар” таблицасы. Схема бөлшектерi. Модельдеу әдiсi.
43 Табиғат-бiртұтас жүйе.
Өлi табиғат, тiрi табиғат Схемалар. Қоректену пирамидасы: оны құрастыру бөлшектерi. Модельдеу әдiсi.
44 Табиғатты қорғау. “Қызыл кiтап”, ”Қорықтар” суреттерi. Әңгiмелесу, жеке тапсырмаларды орындау
45 Бiз ненi үйрендiк:. Бақылау карточкалары, тестер, тапсырмалар. Бақылау әдiсi.
Бүгiнгi таңда мемлекеттiк бiлiм беру саясаты Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” жаңа заңына сәйкес жүзеге асуда. Осыған орай бiлiм мазмұнын қайта құруға, республикамыздың мектептерiнде пәндердi оқытуды,оқушының жеке басының қабiлеттерi мен қызығуын ескере отырып ұйымдастыруға ерекше мән берiлiп отыр. Бұл факторлар жаңа заман талабына сай төл оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасауды талап етедi.
Оқулық-мектептiң негiзi бiлiм беру мiндеттерiн, яғни ынталандырғыштық, бағыттаушылық, дамытушылық, тәрбиелiк, бақылаушылық қызметтерiн жүзеге асыратын негiзгi оқыту құралы. Қазақстан Республикасының ғалым-әдiскерлерi Т.Мұсақұлов, Б.Мұханов, Қ.А.Аймағанбетова, Қ.Жүнiсова, А.Бермағанбетовалардың жаңа бағдарлама мен оқулықтардың шығуына, оқыту әдiстемесiне қосқан үлестерi мол.
Бастауыш мектептiң 2-сынып оқушыларына арналған Дүниетану оқулығының мазмұны: Адам. Табиғат. Өсiмдiктер. жануарлар. Отан деген бөлiмдерден тұрады. Оқулық мәтiндерi тусiнiктi, оқушылардың жас ерекшелiктерiне сай деуге ьолады [7, 54 б].
2.2 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен
Бастауыш сынып оқушылары үшiн ең жоғары бедел иесi – мұғалiм. Оқушылар әр пәннен алатын бiлiмдерiн мұғалiм арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшiн бөлiп - жарғысыз нәрсе. Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi тұрақтанған қалпы бар сала– бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейiн бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететiн, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсiнiктер берiп, тұйық концентр болып саналады. Қазiргi кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргiзiлiп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкiндiктерi ашылды.
Бүгiнгi күн ұрпақты жан - жақты бiлiм алуын, белсендi, шығармашыл болуын талап етедi. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрiн, әдiсiн таңдай бiлу қажеттiгi туады.
Оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы пайдалану, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiн оқушының жас ерекшелiктерiне қарай пайдалана бiлу мұғалiмнен үлкен бiлiктiлiктi, шеберлiктi талап етедi.
Бастауыш мектептен бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылады. Бұл ретте дүниетану пәнiнiң маңызы зор. Дүниетану пәнiн оқытуда балалардың табиғат туралы ғылыми көзқарасын қалыптастырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсат етiледi [8, 32 б ] .
Адамгершiлiк – атамұра
Мақсаты: Қазақ халқының бала тәрбиесiндегi тағылым сөздерi мен өнегелерiнiң маңызын, мазмұнын, түрлерiн игеру, бiлу, өмiрде өз iсiне қолдану.
Оқушыларды 3 топқа бөлiп сабақтың бағытымен таныстырамын. Өткен сабақты бекiту сайыс сабақ арқылы жүргiзiледi.
а) Жәрмеңке өткiзу. Адамгершiлiк тақырыбына байланысты қандай кiтаптар, кiтапшалар кездестiргенiмiз жайлы мәлiмдеу. Ол кiтаптарды кiтап бұрышына қою.
ә) Көкпар ойыны. Дорбадан асық алу арқылы әр топ тиiсiнше сұрақтарға жауап бередi. Сұрақтар төмендегiдей.
2- сыныпқа
1 Сенiң жақын досың туралы айт.
2 Туған жер табиғаты туралы не бiлесiң?
3 Өзiңнен кiшкентай балаға қалай көмектесесiң?
4 Үйде гүл өсiресiң бе? Өсiрсең қалай күтесiң?
5 Көшеде, автобуста үлкен адамдарға қалай көмектесесiң?
6 Дос туралы қандай мақал-мәтел бiлесiң?
Бастауыш сынып оқушыларын сабақ үрдiсiнде ерлiкке, батырлыққа, достыққа тәрбиелеу, адамды құрметтеу сезiмiн қалыптастыруға арналға материалды оқулықтан тауып дәлелдеу (алдын – ала үстелге қойылған бастауыш сынып оқулықтарын пайдаланады. 1-2 сынып “Ана тiлi”, 1-2 сынып “Дүниетану” оқулықтары).
3 топтан 3 оқушы шығып, таңдаған оқулығын алып, 5 минутта дайындалып, айтып түсiндiредi.Бұдан әрi сабақты жинақтау, бекiту, бағалау жүргiзiлiп, жаңа сабақ басталады.
Тақтаға қазақтың киiз үйiнiң бейнесi салынған плакат iлiнедi. Онда үйдiң маңдайына үзiктiң етегiн жағалай берiлген тор көзге тақырып жазылуы тиiс. Ал тақырып киiз үйдiң iшiнде берiлген ұлттық салт-дәстүр ерекшелiктерiне байланысты суреттер, карточкалардың мазмұнын табу арқылы бас әрiптерiнен құралады.
1 Ата
2 Дастархан
3 Абысын
4 Мес
5 Гәкку әнi
6 Ер
7 Рауғаш
8 Шаңырақ
9 Ішек
10 Лебiз
11 Ірiмшiк
12 Кереге
13 Алтыбақан
14 Тоқым
15 Аяққап
16 Май
17 Ұршық
18 Рақым
19 Алаша
Осылайша “Адамгершiлiк – ата мұра” тақырыбы ашылады .
Негiзгi бөлiм магнитафон тыңдату арқылы жүредi. Халықтың жазу-сызуды бiлмеген, ғылым мен мәдениетiнiң баспаға түспеген дәуiрiнiң өзiнде де өсер ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу отбасының, бүкiл қоғам мүшелерiнiң бiрлесе атқарған iсi болған. Мiне, осы тәрбие жөнiндегi халықтың ой-тұжырымын, тәжiрибесiнiң жиынтығын халық педагогикасы деймiз.
Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында ғасырлар бойы жинақталған бай тәжiрибесi, бала, ұрпақ, оқушылар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр.
Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмiрде, отбасында, тұрмыс, тiршiлiкте батылдық пен батырлыққа, әдiлдiк пен адамдыққа, инабат пен iзгiлiкке, иба мен иманға үздiксiз тәрбиелеп отырған.
Халықтың ұлттық салт-дәстүрлерi қаншама уақыт өтсе де өмiрден өшiрiлмей, керiсiнше, қазiргi уақытта қайта жарқырай түскенін күнделiктi өмiр көрсетiп отыр. Қазақ баласы да қоршаған ортаның iшкi сырларын үлкендерден сұрап, елiктеп, байқап бiлгiсi келген. Адамгершiлiк қасиет, еңбекке, өнерге, тәрбиенiң басқа түрлерiне ойын, той, қонақ, сауық сияқты жерлерде тәрбиелеп, баулып отырған.
Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкiл ауыл болып тәрбиелеген.
“Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол,
Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол” –деп, ұл –қыз тәрбиесiне түгел қатысқан. “Үлкеннiң алдын кесiп өтпе”, “үлкенге сәлемдес”, “аттылының алдын кеспе” деп жолды кеспеуге баулыған. “Ат атандырма”, “сағымды сындырма” “сүйек жасытпа”, “сөз тасыма” деген жүйелi сөз тағы бар.
Эпидаскоп арқылы тақтаға құлын, қозы, ботаның суреттерi түсiрiледi. Осы арқылы ата-ананың балаға деген мейрiмен, ықыласын түсiндiру, оның қазақтың тұрмыс тiршiлiгiмен астасып жатқандығын айтады. Оқушылар ата-әже, ана мейрiмiн бейнелеп көрсетедi.
Осыншалық мейрiмiн, шуағын төге отырып, қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзiмдiлiк, ептiлiк, шеберлiк, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкендi сыйлау секiлдi қасиеттердi ұрпақ зердесiне сiңiре бiлген.
Мысалы: “Сiз деген –сыпайылық, бiз деген –көмек”, “Сыйға –сый, сыраға бал”, “Сөзiң тәттi болса, жұмысың қатты болсын” деген мақал –мәтелдер де сол игiлiктi iстерге бастап отырған. “Жақсы сөз –жарым ырыс” екенiн ұқтырған. Қонақтарға тапсырма: Үш санына байланысты халықтың ой –тұжырымдарын еске түсiру.
Үш жүз, үш арсыз, үш тоқтам, үш жұрт, үш даусыз, үш көз, үш қуат, үш қадiрсiз, үш ғайып, үш жаман.
“Адам туа бiлмейдi, жүре бiледi” Олай болса өмiрге келген әрбiр баланың болашағын алғашқы күн, айларынан бастап қалыптастырған.
Атамыз қазақ iлiм-бiлiмдi үйрете отырып “бiлiм ауысады, ырыс жұғысады” деп, татулыққа, достыққа бiлiмдiлiкке, өнерпаздыққа баули отырып, барлық тағлымды өз отбасынан бастап, мектепке жалғастырған.
Бастауыш сынып оқушылары не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған ауады. Алайда бұл аталған қасиеттер өзінен-өзі қалыптаспайды. Білім беруде қазақи ұлттық ерекшеліктерімізді кеңінен қолдану арқылы оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жөнінде арнаулы, нысаналы жұмыстың қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол жұмыстың әдістемелігін әзірлеу мен тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың әсерлілігін тексеру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет деп білеміз:
1) Қазақ этнопедагогикасының мазмұны арқылы адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үлгісін анықтау.
2) Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде оқушылардың адамгершілік сезімін қалыптастыру қарқынын қадағалау.
- Оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру қазақ этнопедагаогикасының мазмұнына негізделуі тиіс;
- Адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағдарлау;
- Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін бағалайтын көзқарас туғызу;
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тәжрибелік – педагогикалық жұмыс мынадай бағыттарда жүргізілді
Бағыт Көздейтін мақсаты
1 Оқушылардың оқудағы қызметін халықтық педагогиканың құралдарын пайдалана отырып ұйымдастыру -Оқушылардың дүниетану пәнінде гуманитарлық танымын кеңейту
- білім сапасын арттыру мақсатында қазіргі білім беру технологияларын қолдану
2 Адамгершілік тәрбие жөнінде сыныптан тыс жұмыс ұйымдастыру. - қазақтың ұлттық мәдениетіне деген көзқарас қалыптастыру. Отанға деген ой-өрісін, ынтасын қалыптастыру;
3 Этнографиялық мұражайлар ұйымдастыруға көмектесу, қазқатың ұлы адамдары, туған өлке тарихын тану. өз мемлекеті үшін мақтаныш сезімін дамыту;
Қазақ халқының мәдениетін мақтан етуге үйрету;
-Оқушыларды ұлттық рух, адамгершілік сезім қалыптастыру;
Мектеп оқу-тәрбиесінде халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиесін қолданып, оның оқушыларға білім мен тәрбие берудегі пайдасын жүзеге асыру әрбір ұстаз шеберлігіне байланысты. Халықтық педагогика экспериментін пайдаланып, оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін сіңірудің тиімділігін мына кестден көруімізге болады.
Дүниетану сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда халықтық педагогиканы пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімді қабылдауға барынша қолайлы ықпалын тигізеді.
Алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдаланып, өмір тәрбиесінде іске асыру.
Ұлттық саналығын, этномәдениетін дамытады [9,37 б].
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі – балаға ақыл-өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым салу сөздерінен айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, білікті адамдардың ақыл-өсиетін оқушының санасына сіңіріп, үлкен ой салған.
Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп-қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді. Мәселен, халқымыз «көкті жұлма; құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба; жалғыз ағашты жұлма; малды теппе; ақты төкпе; төгілген сүтті аяқпен баспа; т.б.» көптеген мысалдар келтіре кетуге болады.
Оқушылардың жақсы дәстүрлерді сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге, ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында, сабақтарда шешендер мен билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні сөзсіз. Ұлылардан қалған ұлы сөздердің де оқушыларда адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға көп пайдасы бар екенін мынадан көруге болады:
Таза болсаң судай бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Азғана іске көп рақмет айт [10,31 б].
Жақсы қылық адамға ас пен киім; дос табу оңай, сақтау қиын; достарың көп болса да, аз деп біл.
Адамның басшысы –ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шалушысы –ой.
Сынаушысы – халық,
Қорғаушысы – сабыр,
Қорғанышы –мінез,
Ең қымбаттысы –ар.
Таусылмайтыны –арман,
Барлығынан ардақтысы - өмір.
Қорыта айтқанда, оқушы біткеннің барлығы дерлік мектеп қабырғасында ұстаздардан тәлім алады. Егер біздің ұстаздарымыз әрбір сабақты жоғары сапалы, тиімді етіп өткізсе, жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру ісінде кемшілік аз болар еді. Әрбір сабақ, тәрбиелік жұмыс ғылыми негізде ұстамды, жан-жақты танымды жүргізілсе рухани әсерлі болады. Демек, әр сабақ тәрбиелік бағыттан бөлінбей қатар жүргізілуі қажет. Ғалым-психолог Блумның пікіріне сүйенсек «7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызына дейін қалыптасады» дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. Бұл кезде алған алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны белгілі. Осы кездегі қаланған тәрбие адамгершіліктің негізін қалайды. Содықтан осы кезден оқушы бойына жақсы және жаман қасиеттерді қалыптастыра оқыту керек.
2.3 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі
Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибе-эксперимент жұмысы М.Горький атындағы орта білім беретін мектептің 2-ші сыныптарында жүргізілді.
2 А сыныбы (бала саны 9) эксперимент тобы ретінде, 2 Б сыныбы ( бала саны 11) бақылау тобы ретінде тіркелді.
Тәжірибе-эксперимент жұмысы бір-бірімен өзара байланысқан үш кезеңнен тұрды: даярлық кезең, негізгі кезең, қорытынды кезең. Тәжірибе-педагогикалық жұмыста аталған кезеңдерді белгілеу негізіне П.Я.Гальперин және Н.Ф.Талызинаның ойлау әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы алынды.
Дайындық қезең:
2-сыныптағы дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетті қалыптастыруға оқушыларды дайындаумен сипатталды.
Бұл кезеңнің міндеттері:
1) Оқушылардың дүниетану пніндегі мәтіндердің тәрбиелік мәніне көп көңіл бөлгізу, өздіктерінен мәтіннің тәрбиелік идеясын анықтауға үйрету.
2) Адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әр тақырып бойынша этикалық әңгімелермен таныстыру.
Негізгі кезең
Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын құру және оқу үрдісіне енгізумен айқындалды.
Бұл кезеңде төмендегідей міндеттерді шешуге бағыттылады:
1) Оқушылардың дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау;
2) Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын негізге алып, сабақтар өткізу.
Қорытынды кезең
Мақсаты: Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениеттерін қалыптастырудың жүйелі жүргізілуінің оқушының жалпы тәрбиелік деңгейіне әсерін дәлелдеу.
Бұл кезеңнің міндеттері:
1 Эксперимент тобы оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейімен бақылау тобы оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейін салыстыру, қорытынды шығару.
2 Ұсынылып отырған адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағдарламасының тиімділігін дәлелдеу.
Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетінің төмендегідей қалыптасу көрсеткіштерін зерттеу жұмысымыздың негізіне аламыз:
1 Оқушылардың тіршілік атаулыны сүйе білу мәдениеті;
2 Оқушыларың табиғатты қорғау қажеттіліктерін сезіне білуі;
3 Жан-жануарға қамқорлық жасай білуі;
4 Оқушылардың өзара көмекке келе білу мәдениеті;
5 Оқушылардың барлық жағдайда әділ бола білуі;
6 Жолдастық қатынас мәдениетінің болуы ;
7 Еңбексүйгіштік мәдениетінің болуы.
Белгіленген көрсеткіштерге сай адамгершілік мәдениетінің деңгейлері және оның диагностикалық белгілері анықталды.
Кесте 3 Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi деңгейiнiң диагностикалық белгiлерi
Адамгершiлiк мәдениет деңгейi Диагностикалық белгiлерi
(критерийлер)
Жоғары деңгей
Оқушылардың бойында адамгершілік мәдениеті қалыптасқан. Тіршілік атауына сүйіспеншілікпен қарайды. Үлкенді сыйлай, кішіге ізет ете біледі. Жолдасық, достық қарым-қатынас мәдениеті жақсы дамыған. Адамгершiлiк мәдениетiне байланысты тақырыпты жақсы түсiнедi, негiзгi ұғымдарға, анықтамаларға сипаттама берiп, дәлелдей бiледi. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады. Ұғымдарды байланыстыра алады.
Ортаңғы деңгей
Белгіленген көрсеткіштер орта деңгейде қалыптасқан. Оқушылар табиғатты қорғау қажеттігін біледі, дегенмен маңыздылығын түсінбейді. Адамгершiлiк тәрбиесiне қатысты тақырыпты орташа түсiнедi, мұғалiмнен көмек күтедi, әсiресе ұғымдар арасында байланыстарды табуда қиналады. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады.
Төменгi деңгей Оқушыларда адамгершілік мәдениеті төмен дрежеде қалыптасқан. Табиғатты аялай білмейді. Жан-жануарға қатыгездікпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен жолдастық қатынасы ауыр. Өзімшіл.
Тәжірибе-эксперимент жұмысының алғашқы сатысында оқушылардың дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау үшін ауызша сұрақ-жауап арқылы эксперимент және бақылау топтарынан тестілер алынды. Мұндай бақылау оқушылардың жеке даралық қасиеттерін анықтауға, тұлғалық мінездеме алуға, оқушылардың оқу пәндеріне қатынасын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл тестілеу балалардың бойында адамгершілік құндылық бағдарларының қалыптасу деңгейін айқындау үшін пайдаланылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы кездері еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгірістердің бірі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар екені белгілі. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының білімі мен әл-ауқатын арттыруға, жас ұрпақтың рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігіне басты назар аударған.
Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Бастауыш мектеп – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі қызметін атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында жалпы адамгершілік қалыптармен гуманистік, моральдық, қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық, сыпайылық тәрізді қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен қоршаған ортамен қарым-қатынасына мән беруіміз керек. Осыларды ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастыруды және әр сабақпен ұштастыру, бастауыш мектеп мұғалімінен ізденістерді талап етеді. Өйткені оқу мен тәрбие тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеудің - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс. Оқу үрдісіндегі тәрбие міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі сыныптағы оқушылардың адамгершілік түсініктерінің әр түрлі болуында және де тәрбие күрделі үрдіс болғандықтан, бір сабақта баланы адалдыққа, қайырымдылыққа, батылдыққа, шындыққа тәрбиелеу мүмкін емес.
Дегенмен мынадай қорытынды жасауға болады: бастауыш және орта білім жүйесінде адамгершілік мәдениетінің негізгі мәселелерін басым бағытта оқып-үйрену әлі күнге дейін педагогика ғылымының және білім берудің қазақстандық тәжірибесінде өте аз, жоққа тән. Осыған орай мен зерттеу нысанасына сүйене отырып оқыту барысында адамгершілік-рухани негіздерін қалыптастырудың мәселелік-бағдарлы міндеттерін оқып-үйренуге болады деп ойлаймын.
-Оқыту мен тәрбиелеу және оқушылардың даму жоспарларын қолдау психопедагогикалық қана емес, адамгершілік-этикалық және рухани-адамгершілік ұстаным болып табылады.
- Білімді меңгеру, техникасы мен технологиясын іске қосу, білік пен дағдыны игеру бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін дамыту үшін қосымша сыныптан тыс жағдайды жасауды қажет етеді.
-Бұл көрсетілген міндеттерді бір мезгілде шешу білім беру мәдениетінің маңызды бір бөлігі ретінде оқушылардың адамгершілік мәдениеті білімінің үйлесімді қалыптасуына, сапалық және сандық өсуіне мүмкіндік береді.
Оқушы мектепке білім алуға келіп, сабақ барысында олар еңбек етуге, қайырымдылыққа, адалдыққа тәрбиеленеді.
Қорыта келгенде, сабақ үрдісіндегі оқушының тұлғалық қасиетін тәрбиелеуде мынадай ерекшеліктерді ескеруіміз керек:
- оқушының ақыл-ой мәдениетін дамыту;
- оқушының адамгершілік-имандылық құндылығын қалыптастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы арқылы оқушы дүниетанымы қалыптасып, баланың ақыл-парасаты толысып, еңбекке, рухани-адамгершілік деңгейі біртіндеп дамитынын ескеру;
- сабақ тақырыбына жай ұлттық педагогика элементтерін оқушының адамгершілігін арттыруға тиімділігін көрсету.
Дипломдық жұмысты жазу барысында бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді анықталды. Яғни ұлттық әдет-ғұрып, қазақи қасеттерімізді бойына сіңірген ұрпақтың адамгершілік қасиеттері зор деуге болады.
Дипломдық жұмыстың І-тарауында педагогика-психологиялық әдебиеттерді зерттеп адамгершілік мәдениеті жайлы ғалымдар ой-пікірін талдадым. ІІ-тарауда озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеп дүниетану сабағында оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үрдісінде ұлттық педагогика элементтерін қолдану тиімділігін анықтадым. 2-сыныпта эксперимент жұмысы жүргізілді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы: «Қазақстан», 1990.
-
Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным. – Алматы: «Өнер», 2002.
-
Жүнісқызы К., Бірмағамбетов Ә., Аймағамбетова Қ., Нұғыманов И., Жүкешев Қ. Оқулық. Дүниетану 4-сынып. – Алматы: «Атамұра», 2004.
-
Әбілова Ә. Баланы бейнелеу өнеріне баулудағы ата – аналар рөлі. 1996ж. 25-40 беттер.
-
Әлдібаева Т. Бастауыш сыныптарға нәтижеге бағдарланған білім беру мәселелері. 2004. “Аруна” баспасы.
-
Билялова Г. Көбейту мен бөлу амалдарын оқыту. 2000ж. 3-10 бет.
-
Батырханова С. Деңгейлік тапсырмалар. 2005ж. 45-46 бет.
-
Бұзаубақова Қ. Қарым-қатынас педагогикалық тренингі. 2004ж. 8-16 бет.
-
Елубаева Р. Жеке тұлғаның рухани мәдениетінің мәселелері. 2005жыл. 17-23бет.
-
Елубаева Р. Жеке тұлғаның рухани мәдениетінің даму ерекшеліктері. 2000ж. Алматы.
-
Қуанышбаева З. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің негізге шарттары. 2000жыл. 60 бет.
-
Карменова Р. Оқушылардың білімдерін бағалау жолдары. Астана 2005жыл.
ҚЫЗЫҚТЫ САБАҚТАР ӨТКІЗУ
Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:
Оқушылардың дене,зат туралы алған білімдерін тиянақтау,
әрі жетілдіру. Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар
беру, түсіндіру.
2. Дамытушылық:
Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық
белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға,
ізденуге үйрету;
3. Тәрбиелік:
Қоршаған ортаны аялауға баулу. Сезімталдыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, 5 жол өлең, венн диаграммасы,
топтастыру, баяндау.
Көрнекілігі: суреттер ( табиғат құбылыстары ), сызбалар, үлестірмелі
қағаздар, денелер, заттар ( алма, шеге, қалам ), үнтаспа, теледидар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық дайындық. Класты түгендеу.
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
( топқа бөлу )
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1 топқа ( күн бейнесі ).
1. Дене деген не?
2. Дене нешеге бөлінеді?
3. Табиғи денені атап шық.
2 - топқа ( бұлт бейнесі ).
1. Жасанды денені ата.
2. Табиғи дене нешеге бөлінеді?
3. Тірі денелерді атап шық.
3 - топқа ( жаңбыр бейнесі ).
1. Өлі денелерді ата.
2. Зат қасиеттерін атап шық.
3. Дене неден тұрады?
( әр сұраққа жауап ауызша алынады ).
Тақтаға « дене », « зат », сөздері ілініп, ойлары тұжырымдалады.
Алма, бұрыш, жаңғақ, шеге, қаламдарды көрсету арқылы үй тапсырмасын бекіту.
III. Жаңа сабақ. Ой қозғау.
а) Оқушылардан жыл мезгілдеріндегі ерекшеліктер туралы сұрау.
Көктемде қар ериді, су ағады, су тасиды.
Жазда күн ысиды, жел соғады.
Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады.
Қыста қар жауады, боран болады.
Ойларын жинақтау.
Олай болса бүгін біз осы табиғаттағы өзгерістер жөнінде танысамыз.
Табиғат құбылыстары жөнінде мәліметтер беру. ( теледидардан көрсету арқылы түсіндіру ).
ә) Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырайды. Ағаш өседі, құлайды, шіриді. Жан-жануарларда өседі, көбейеді, өледі.
Ертеңілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспандщы бұлт торлайды, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады, қар ериді, су тасиды.
Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.
Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады.
Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп, салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.
Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады.
Жер үстіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары бір-біріне үйкеліп, электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші бұлт арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай түрінде көрінеді.
IV. Дәптермен жұмыс.
Сабақ тақырыбын жазу.
Жел, бұлт, жаңбыр, қар, найзағай сөздерін дәптеріңе жазу.
V. Сергіту сәті.
Жаңбыр жауды - тырс²,
Боран соқты - гу²,
Жел тұрды - ыли²,
Найзағай ойнайды - тарс-тұрс.
VI. Шығармашылық жұмыстар.
1. Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарын жазу.
1-топ « Күз »
2-топ « Қыс »
3-топ « Көктем »
2. Әр топқа 1 құбылысты атау. Сол құбылыс суретін салу, әңгімелеу, 5 жол өлең.
1-топ жаңбыр
2-топ боран
3-топ бұлт
3. Венн диаграммасы.
1-топ жаңбыр-боран
2-топ найзағай-қар
3-топ күн-түн
VII. Жұмбақтар жасыру.
1. Төгіліп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.
( бұршақ )
2. Көзге көрінбейді,
Қолға ілінбейді.
( жел )
3. Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
( найзағай )
4. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
( күн )
5. Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, желеді,
Ауызы жоқ, ұлиды.
6. Арыстан ақырады,
Орман жаңғырады.
( найзағай )
VIII. Сабақты қорыту.
Л
огикалық тапсырма.
( топтастыру )
Бүгінгі танысқан табиғат құбылыстарын атау.

Шыққан бейнені атау.
Аспанымыз ашық, бұлт шалмасын.
Күн сәулесі нұрын шашып тұрсын-дей келе оқушылар « Жау-жау, жаңбыр » әнін орындайды.
IX. Бағалау.
Әр топтағы балалардың еңбегін бағалау.
( күн, бұлт, тамшыларды санау ).
X . Үйге тапсырма.
Мәтінді оқу. « Табиғатты аяла » эссе жазу.
XI. Сабақты аяқтау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген