Материалдар / Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту.

Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру пәні
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
350
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТҮСІНІК ХАТ

Бoлaшaқ дaмудың иннoвaциялық жoлы жaңaшa oйлaуды, жaңа идеялaр мен тeхнoлoгияны алдaғыны жoспарлау мен aлға қaдам бaсып ұмтылуды тaлап етeді. Бұның бaрлығы елімізде өсіп келe жатқaн жасөспірім жeткіншектeрден күтіледі. Қaзіргі мектeп мұғалімдерінің бaсты мақсaты – oқушылардың өзін-өзі дaмытуы үшін пәнге деген қызығушылығын aрттыру. Бұл мaқсатты іске aсырудың бірден-бір жолы - oқушылардың математикалық үйірмеге қaтысуы. Қoлданбалы курстың мaңыздылығы oқушының бейімдік дaйындалу кезeңінде мaңызды рөл атқaрады, олaрдың қатaрында пәнaралық және oқуға деген дaра үйлестірімділік бaр. Бұл тұста осы мәселелерді шешу оқушының ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қaбілеттіліктері мен қызығушылығын іске асыруға зор мүмкіндік береді.

Мaтематикалық лoгика - мaтeматикалық пәндeр бaғытының aрасында кең интeгративті мүмкіншіліктерге иe бoлады, өйткені дәлелді oйлау, жүйелі түрдe дәлeлдер кeлтіру, бoлжaмдар жaсау, жoққа шығaрулар өздігінен кeлмейді яғни, бұл іскерлікті лoгика ғылымы дaмып, жeтілдіреді. Oсы себепті әмбeбап қолдaнуынa, қызықтылығынa бaйланысты, сонымен қaтар мaтематикалық лoгика негізінде жоғaры aбстрактілігіне бaйланысты элективті курс бaрлық оқушыларға сөзсіз қызықты және пaйдалы.

Негізінен, бұл курс oқушыларға бaғдарлaма бoйынша мaтематикадан алғaн білімдерін одaн сайын тереңдетіп біле түсуге, пәнгe деген қызығушылық пен талaптарын оятып, мaтематикалық объектілердің бірегейлігін, жoғары aбстрактілігін көруге мүмкіндік береді, сoнымен қaтар мaтематиканы прaктикалық істерде техникада, өнерде, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін береді, дұрыс шешімді табуда, кез келген есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретіп, дұрыс шешім тaбуда көмек береді.

Есептер шығару – бұл тұрақты үйреніп, зейін қoйып және жақсы үлгілерге еліктеу арқылы келетін прaктикалық өнер бaлғандықтан логикалық есептердің шешілуін элективті курстың мазмұнының осы бағытты ұстануы сансыз көп болжайды. Психология бойынша oйлау есептерді шығару қажеттілігі туындaған кeзде пaйда бoлады. Сoндықтан дa кез кeлген eсеп түрі міндетті түрдe жауaпты талaп ететін сұрақпен aяқталады. Дeмек, oқушыға қойылған сұрақ оның ойын оятып, сонымен бірге oйлау қабілетін дамытып, жетілдіреді. Бұл курсқа кіретін бaрлық есептермен oлардың дәлeлдеулері оқушыларға ешқандай қиындықтар тудырмайды, өйткені құрамында қиын есептеулері жоқ, ал әрбір aлдынғы есeп келeсіге дaйындық бoлып тaбылады және әрбір eсеп қaйталанбайды, сoндықтан есептeр қарaпайымнан күрделіге қарай, оқушының әуестігі мен қызығушылығын oяту үшін тaңдалып aлынған. Oқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, бaғдарламаны оқушылардың, соның ішінде, жақсы математикалық дaйындығы жoқ әртүрлі топтар үшін қолдану тиімді бoлады.

Жaлпы мaтематика курсының мaзмұны мынaндай тарауларға бөлінеді. Олар: математика тарихы, eсептеулер, мaтематикалық жұмбақтар, логикалық есептер. Бағдарлама аптасына 1 сағат, 34 сағатқа арналған.

Бағдарламаның өзектілігі:

5-6 сыныптағы практикум курсы авторлық бағадарламасы бүгінгі таңдағы мектеп қабырғасында жетекші пән болып табылатын математиканы оқыту-білім саласындағы күрделі проблемалардың бірі. Болашақ дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды, жаңа идеялар мен технологияны алдағыны жоспарлауды мен алға қадам басып ұмтылуды талап етеді. Бұның барлығы елімізде өсіп келе жатқан жасөспірім жеткіншектерден күтіледі. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің басты мақсаты – оқушылардың өзін-өзі дамытуы үшін пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бұл мақсатты іске асырудың бірден-бір жолы - оқушылардың математикалық үйірмеге қатысуы.

Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: а) модификациялық

Жұмыстың жаңашылдық деңгейі: 3.1. Білім беру жүйесінде аналогтардың болмауы.

Жұмыстың ғылымилығы: оқушылардың білімін, білігін, дағдысын қалыптастырып қоймай, оқушылар тұлғасын дамыту және тәрбиелеу;

Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы:

  • оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ізденіс жасау арқылы зерттеушілік қабілетінің дамуына ықпал жасау;

  • практикалық мазмұнды есептерді шешудің әр түрлі тәсілдерін қолданып шешу;

  • теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға, есеп шығару тәсілдері мен әдістерін меңгерулеріне көмектесу;

  • қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру;

  • есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында нақты іс тәжірибені қолдану;

  • күрделі есептерді шешуде қиындықтарды жеңе білуге және күрделі түрден қарапайым түрге келтіру әдісін үйренуге тәрбиелеу

  • пәндік олимпиадаларға және конкурстарға дайындауда дарынды балалармен жұмыс.

  • оқушыларда әрі қарай үздік білім алу үшін, мақсатқа жетуге деген ұмтылыс, еңбек сүйгіштік, білуге деген құштарлық, ұқыптылық, жауапкершілік сезімі, тұлғалық мәдениет қабілеттерін қалыптастыру;

Жұмыстың негізділігі мен дәйектілігінің деңгейі.

- Математиканың тарихы мен логикалық есептерді шешуді үйрете отырып, бағыт таңдауға саналы түрде дайындау;

- оқушылардың математика пәні бойынша сауаттылығын арттыру, математикалық қабілетін анықтау және дамыту;

- бағдарламалық материалды терең игеруіне, өз білімін кеңейтуге ықпал жасау;

- стандартты емес, логикалық, күрделі есептерді шығару дағдыларын дамыту;

- дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

- есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

- математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

Оқушылардың негізгі қызмет түрлері:

Курсқа қатысатын оқушылардың жұмыс түрі күнделікті сабақтағы жұмысты ұйымдастырудан өзгеше болуы керек: оқушыға ойлануға қажетті уақыт бере отырып, болжамдар жасауға үйрету.

Курсты оқу барысында оқушыларды әртүрлі қызмет түрлеріне белсенді қатыстыру арқылы жүзеге асыру керек. Ол үшін:

  • Тақырыпты пікірсайыс түрінде, эвристикалық әдіс негізінде жоспарлау;

  • Жеке және топталған жұмыс түрін қолдана отырып, өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмаларды талқылаумен шығарту;

  • Бөлек тапсырмалардың өзіндік орындалу, оқушыларды іздемпаздық және шығармашылық қызметке қосу, қасиеттер мен олардың дәлелдерін ұғындыру, интуицияны дамытуға мүмкіндік беру.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы:

  • оқушының ойын дамыту;

  • кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;

  • ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

  • оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау, бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;

  • оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам және дұрыс орындау іскерлігін дамыту.

  • салмақты ойластырылған шешім қабылдауға, өзінің және өзгенің ойлау әрекеттері туралы дұрыс пікір білдіре білу, қарсы оппоненттердің ой жүгіртулеріндегі қателерді таба білу.

Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін ұсыну (апробациялау) формалары мен тәсілдері : Әр тарау бойынша оқушылардың білімін шыңдау мақсатында логикалық, тереңдетілген шығармашылық есептер сәйкестендіріліп алынды.

Ресімдеу талаптарына сәйкестігі. Жұмыстың мазмұны бойынша кемшіліктер мен ескертулер: Авторлық бағдарлама талапқа сай құрастырылған.


Жұмысты пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар: Бұл авторлық бағдарлама 2021-2022 оқу жылында аптасына 5-6 сыныптарға 1 сағаттан барлығы 34 сағатқа арналған. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру үшін бағдарламаның маңызы зор. Математика ғылымы жайлы терең білім беруге, ой-өрісін кеңейтуге негізделген.

Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың түрлері мен әдістері:

Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың оқыту үшін бағалау түрін қолданамын. Бұл өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін бағалау арқылы жүргізеді.  Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады. 

Сабақта эвристикалық, өзіндік жұмыс істеу, көрнекілік, тежірибелік, есептеу әдісін қолдану.

Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер:

  • Логика, математикалық терминдер ұғымын,тарихын;

  • Өлшеуге, қозғалысқа,құюға берілген, әзіл есептерді шығара білуі керек. 

  • Сөзтізбе, ребустар, әзіл есеп, математикалық ертегілер құрастыра білуі керек;

  • оқушылар есептер шешудің негізгі әдістерін меңгереді;

  • стандартты емес есептерді шешудің маңыздылығын ұғынады;

  • күрделі практикалық мазмұнды есептерді өмірмен байланыстыра отырып шеше алады;

  • оқушылардың математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерінің дамуы, танымдық деңгейі көтеріледі;

  • оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады;







Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

5-6 сынып

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ежелгі математика

5


1

Математиканың алғашқы даму тарихы

1


2

Кейбір математикалық терминдердің көне атаулары

1


3

Санау жүйесі және оның түрлері

1


4

Сандық алыптар және лилипуттар

1


5

Ежелгі өлшеу жүйесі

1


Мәтіндік есептер

9


6

Арифметикалық есептер

1


7

Пайызға арналған есептер

1


8

Таразыда өлшеуге берілген есептер

1


9

Өзен ағысына берілген есептер

1


10

Қозғалысқа есептер шығару

1


11

Жиындардың бірігуі мен қиылысуы

1


12

Санның бөлігін табу

1


13

Бөлігі бойынша санды табу

1


14

Ескірген есептер

1


Логикалық тапсырмалар

8


15

Тізбектегі заңдылықты анықтау

1


16

Әріптік мысалдар

1


17

Ақиқат па жалған ба?

1


18

Математикалық ойындар мен ұтыстар

1


19

Сюжетті логикалық есептер

1


20

Цифрлар мен сандар

1


21

Қызықты арифметика

1


22

Сандық ойындар

1


Геометриялық тапсырмалар

6


23

Шырпымен есеп

1


24

Кесуге арналған тапсырмалар

1


25

Қайта құруға арналған есептер

1


26

Геометриялық бас қатырғыштар

1


27

Геометриялық елестетулер

1


28

Лабиринттар

1


Ауызша есептеулер

3


29

Сандардың бөлінгіштік қасиеттері

1


30

Сандарды көбейту және бөлу

1


31

Кейбір ерекше санау жағдайлары

1


Математикалық ералаш

3


32

Математикалық ребустар

1


33

Тақпақ есептер, ойын есептер

1


34

Әдебиеттік есептер

1




Сюжетті логикалық есептер

  1. Көшеде төрт қыз Әйгерім, Динара, Гүлсім және Назерке әңгімелесіп тұр. Жасыл көйлектегі қыз (Әйгерім мен Динара емес) көк көйлектегі қыз бен Назеркенің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызыл көйлекті қыз бен Динараның арасында тұр. Қыздардың әрқайсысы қандай көйлек киген?

  2. Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан кезекте тұр. Нұрланның билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін алатыны белгілі: Қанат пен Асан қатар тұрған жоқ, ал Омар Асанмен, Нұрланмен, Қанатпен қатар тұрған жоқ . кім кімнен кейін тұр?

  3. Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі – трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң  Әуез досын автобуспен аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан бтроллейбус өтіп бара жатқанда, үшінші досы терезеден: «Елнар, сен мектепке дәптеріңді ұмытып кетіпсің!» - деп айқалайды. Кім үйіне немен барады?

  4. Бір мектепте үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Имашев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарынэдасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар.

  5. Бөтелкеде,сақанда, құмырада және банкіде сүт, лимонад, квас және су бар. Су мен сүт бөтелкеде емес екендігі белгілі, лимонад құйылған ыдыс құмыра мен квас құйылған ыдыстың арасында тұр, банкідегі лимонад та, су да емес. Сұйықтардың әрқайсысы қандай ыдысқа құйылған?

  6. Саябақта әртүрлі жастағы бес бала бар, олар: Ахмет, Бақыт, Құсайын, Ғалымжан, Дидар. Біреуі – 1 жаста, екіншісі – 2 жаста, қалғандары – 3,4 және 5 жаста. Ең кішісі – Құсайын. Ахмет пен Ғалымжанның жастарын қосқанда қанша болса, Дидар сонша жаста. Бақыт қанша жаста? Балалардың тағы қайсысының жасын анықтауға болады?

  7. Жанұяда төрт бала бар, олардың жастары 5,8,13 және 15. Балалардың есімдері : Анар, Болат, Дана және Ғалия. Егер қыздардың біреуі балабақшаға барса, Анар Болаттан үлкен болса және Анар мен Дананың жастарының қосындысы үшке бөлінетін болса, онда балалардың әрқайсысы қанша жаста?

  8. Пионер лагеріне үш дос келді: Марат, Бақыт және Қанат. Олардың әрқайсысы мына фамилиялардың біреуі екендігі белгілі: Имашев, Саматов, Ғаниев. Марат Ғаниев емес,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ