Материалдар / «Ойын арқылы таным үрдістерін, қол машықтарын дамыту»

«Ойын арқылы таным үрдістерін, қол машықтарын дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістеме ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2019
2526
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып мазмұны

Жүргізу әдіс-тәсілі

Сағат саны

Мерзімі

1

Бояу түстері. Сиқырлы пішіндер.


Бояу түстері туралы әңгімелеу. Жылы және суық түстер туралы түсінік беру. «Суретшіге бояу таңдау» дидактикалық ойын. Балаларға түстерді дұрыс таңдауды үйрету. Бояу мен қылқаламмен жұмыс жасау ережесімен таныстыру.

 Атақты суретшілермен, олардың жұмыстарымен таныстыру, әңгімелеу. Суретте кездескен түстерді атау, салыстыру. Әр түрлі геометриялық пішіндерді салу, оларды жылы және суық түстермен бояу. Жұмыс бары сында қылқалам мен бояу ережесін еске түсіріп отыру.

1


2

Мен не салу білемін. Еркін тақырыпқа сурет салу.

Балалардың өз бетінше сурет сала білу, заттың түсін және көлемін дұрыс таңдай білу қабілеттерін бақылау, анықтау. Оқушылардың ойлау, эстетикалық қабыл дау, бояуды сезу, пішіні мен композицияны жасай білу қаблеттерін дамыту.

Сабақ барысында оқушылардың жұмыстарын ақатысты сұрақтарына жауап беру, көмек көрсету. Суретті қалай бастау керек, қандай түс таңдау керектігін айту. Жұмыстарын аяқтаған соң, суреттерін тақтаға іліп, әңгімелету.

1


3

Жолақтағы өрнек

Ақ бетте түрлі түстерді пайдалана отырып, геоме- триялық өрнектерді құрастырып, бояуды үйрету. Бояу және қылқаламмен жұмыс жасайу ережесін еске түсіру және орындау.

Геометриялық фигураларды дұрыс атау, оларды салыстыру, өрнек құрастыру тәсілдерін орындату. Пішіндерді дұрыс бояуды үйрету.

1


4

Ағаштың суреті (акварель)

Ағаш туралы алған білімде- рін кеңейту. Ағаштардың биіктігі, пішіні, діңінің құрылымы, түстері туралы мағлүмат беру. Жай қарын- дашпен ағаштың суретін салып, оны акварель бояуы мен біркелкі етіп бояуды үйрету. Оқушылардың бойында тірі табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту, табиғатты қорғауға баулу.

Оқушыларға ағаштың суретін көрсетіп, оның пішіндерін салыстыр. Акварель бояуы және қылқаламмен жұмыс жасау ережесін, жұмыс ретін, қағаз бетінде суретті орналастыру ретін еске түсіру. Қателерін түзете білуге көмектесу. Ағаштың түстерін еске түсіру, қажетті түсті шығарау үшін бояулар- ды араластыру.

1


5-6

Күзгі жапырақтар

Күзгі жапырақтардың суреттерін көрсету, олар туралы әңгімелесу. Әр жапы раққа тән ерекшеліктерін бояы арқылы жеткізе білуге үйрету. Біркелкі бояуды, қылқаламды дұрыс ұстауды үйрету. Оқушылардың бойында қоршаған ортаға деген

Жапырақтарға байланысты жұмбақтар жасыру. Әр түрлі жапырақтардың суреттерін қарастыру. Жапырақтарды салыстыру (пішіні, түсі). Жұмысты ретімен орындау тәсілін қолдану.

2


7-8

Күз сыйы (көкөністер)

Күз мезгілі, күз мезгілінің сыйы туралы алған білімдерін кеңейту. Көкөністер туралы әңгімелеу. Көкөністердің түстерін, пішіндерін дұрыс бейнелеуге үйрету. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Суреттер бойынша әңгімелеу. Көкөністер туралы жұмбақтар жасыру арқылы оқушылардың ойларын дамыту. Көкөністер- дің түстерін, пішіндерін салыстыру, олардың қандай пайдасы бар екенін айту (дәрімендер). Көкөністердің сурететтеріне тиісті бояуды таңдауға, біркелкі бояуға дағдыландыру.

2


9-10

Күз сыйы (жеміс-жидектер)

Күз мезгілі, күз мезгілінің сыйы туралы алған білімдерін кеңейту. Жеміс-жидектер туралы әңгімелеу. Жеміс-жидектердің түстерін, пішіндерін дұрыс бейнелеуге үйрету. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Суреттер бойынша әңгімелеу. Жеміс-жидектер туралы жұмбақтар жасыру арқылы оқушылардың ойларын дамыту. Жеміс-жидектердің түстерін, пішіндерін салыстыру, олардың қандай пайдасы бар екенін айту (дәрімендер). Жеміс-жидектер дің сурететтеріне тиісті бояуды таңдауға, біркелкі бояуға дағдыландыру.

2


11

Күн мен ай

Суретті өзіне тән ерекшелігін ескере отырып салуды үйрету. Қылқалам мен бояуды қолданудағы техникалық тәсілдерін үйрету – қылқаламды суға матыру, судан құрғату, бояуға малу және бояу.

Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сурет бойынша жұмыс күн мен ай суреті бар суретті салыстыру. Оқушыларға өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Күн мен айдың пішінін анықтау, қағаз бетіне дұрыс орналастыру. Жұмыстары аяқталған соң, жұмыстарын тақтаға іліп салыстыру, әңгімелету.

1


12-13

Су айдыны

Су қоймалары туралы әңгімелеу. Судың пайдасы. Балықтардың суретін салып, бояуды үйрету. Суретті қағаз бетіне дұрыс орналастыруды дағдаларын қалыптастыру. Суретке өзінің ойын қоса білуге үйрету.

Мазмұнды сурет бойынша жұмыс – суреттің мазмұнына көңіл бөлу, балықтар туралы, балықтар немен қоректенеді, су астында қандай өсімдіктер бар екені туралы әңғімелету. Сабақ барысында жұмыс ережесі, қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

2


14-15

Қыс мезгілі

 

 

 

 

 

 

 

 


Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Қыс мезгіліне тән ерекшеліктері- мен (қар, боран, жаңа жыл мерекесі,) таныстыру. Қыс мезгілін бейнелеу үйрету. Заттары дөңгелетіп саалу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың шығармашы- лық қабілеттерін дамыту.

Қыс туралы тақпақ оқу. Қыс мезгілін қалай сипаттауға болады? Қыс мезгіліне не салуға болады екені туралы әңгімелеу. Қар ұлпаларының суреттерін салыстыру.

Оларды қандай түспен бояу керектігін түсіндіру. Жұмыс- тарын салыстыру,ерекшелігі- не байланысты атап өту.

2


16-17

Қысқы ойын

Қысқы ойындар туралы түсінік беру. Қысқы ойндар бейнелеп көрсете бұлуге үйрету. Спорттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

 

 

Қысқы ойындар туралы әңгіме оқу. Әңгіменің мазмұнын әңгімелеу. Қысқы ойындар туралы суреттер көрсету. Қысқы ойындардың ерекшеліктерін түсіндіру.

Қысқы ойынды қағаз бетіне түсіріп көрсету дағдыларын арттыру.

2


18-19

Үй жануарлары

Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Оларға тән ерекшеліктерін айту, оларды салыстыру – пішіндері, түстері, іс-қимылдары. Үй жануарла- рын рет бойынша бейнелеп салуды, оларға тән бояулар- ды таңдай білуге үйрету.

Үй жануарлары туралы жұмбақтар жасыру. Үй жануарларының қандай пайдасы бар, олардың пішін- дерін, оларға тән бояуларын салыстыру.Үй жануарын сурет салу бетіне дұрыс орна- ластырып бейнелеп сала алу және оларға тән бояуды таңдай алу қабілеттерін арттыру.

2


20-21

Үй құстары

Үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Оларға тән ерекшеліктерін айту, оларды салыстыру – пішіндері, түстері, іс-қимылдары. Үй құстарын рет бойынша бейнелеп салуды, оларға тән бояуларды таңдай білуге үйрету.

Үй құстары туралы жұмбақ жасыру, олар туралы әңгіме жүргізу. Үй құстарының қандай пайдасы бар, олардың пішіндерін, оларға тән бояу ларын салыстыру.Үй құста рын қағаз бетіне дұрыс орна ластырып бейнелеп сала алу және оларға тән бояуды таңдай алу қабілеттерін арттыру.

2


22

Менің сүйікті жұмсақ ойыншығым

Оқушыларды қылқалам ұшымен штрихтеп бояу тәсілімен таныстыру. Мысалы: Аюдың суретін қылқалам ұшымен штрихтеп бояуды көрсету. Аюдың дене пішінімен таныстыру. Ойыншықтарын ұқыпты, таза, күтіп ұстауға баулу. 

Аю туралы жұмбақ жасыру, тақпақ айту. Ойыншық аюдың құрылысын қарастыру-пішіні, материалы, түсі. Аюдың суретін салу реттілігімен таныстыру. Жұмыс ережесін еске түсіріп отыру. Жұмыста рын салысты ру. Ұқыпты, таза , әсем және дұрыс орналастырып салған суреттерді ерекше атап өту.

1


23

Еркін тақырып

Оқушыларды ерін тақырыпта сурет сала алу дағдыларын арттыру. Өз ойын қағаз бетіне көрсете алуға дағдыландыру. Жұмысын таза, ұқыпты, мазмұнды сала алуға тәрбиелеу.

Әр түрлі тақырыпта жұмбақтар жасыру арқылы оқушылардың ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Еркін тақырыпта сурет салудағы ережелерін еске түсіріп отыру.

1


24-25

Көктем келді

Көктем мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Көктем мезгіліне тән ерекшелікте- рімен (күннің жылынуы, күннің жарқырап шығуы, ағаш бүршік жарғаны, құстар қайтып келгені) таныстыру . Заттары дөңгеле тіп салу дағдыларын қалып тастыру.Оқушылардың шығар ашылық қабілеттерін дамыту.

Көктем туралы тақпақ оқу. Кқктем мезгілін қалай сипаттауға болады? Көктем мезгіліне не салуға болады екені туралы әңгімелеу. Көктем кезіндегі жапырақтар суреттерін салыстыру.

Оларды қандай түспен бояу керектігін түсіндіру. Жұмыс тарын салыстыру, ерекше лігіне байланысты атап өту.

2


26-27

Дала жануарлары

Дала құстары туралы түсініктерін кеңейту. Оларға тән ерекшеліктерін айту, оларды салыстыру – пішіндері, түстері, іс-қимылдары. Дала жануарларын рет бойынша бейнелеп салуды, оларға тән бояуларды таңдай білуге үйрету.

Дала жануарлары туралы жұмбақтар жасыру, олар туралы әңгіме жүргізу. Дала жануарлары- ның қандай пайдасы бар, олардың пішіндерін, оларға тән бояуларын салыстыру. Дала жануарын сурет салу бетіне дұрыс орналастырып бейнелеп сала алу және оларға тән бояуды таңдай алу қабілеттерін арттыру.

2


28-29

Дала құстары

Дала құстары туралы түсініктерін кеңейту. Оларға тән ерекшеліктерін айту, оларды салыстыру – пішіндері, түстері, іс-қимылдары. Дала құстарын рет бойынша бейнелеп салуды, оларға тән бояуларды таңдай білуге үйрету.

Дала құстары туралы жұмбақтар жасыру, тақпақтар оқу. Дала құстарының қандай пайдасы бар, олардың пішіндерін, оларға тән бояуларын салыстыру.Дала құстарын қағаз бетіне дұрыс орналас- тырып бейнелеп сала алу және оларға тән бояуды таңдай алу қабілеттерін арттыру.

2


30-31

Ертегілер әлеміне саяхат

Ертегі туралы түсініктерін кеңейту. «Аю мен қояндар» ертегісін бейнелеп көрсетуге үйрету. Жұмысына жауапкершілікпен қарауға баулу.

Ертегі оқу, әңгімелеу. Ертег інің мазмұнын қағаз бетіне дұрыс орналастыру, тиісті бояуларды таңдай алу дағдыларын қалыптастыру. Салған сурет- тері бойынша әңгемелей алу қабілеттерін арттыру, дамыту.

2


32

Еркін тақырып

Оқушыларды ерін тақырып- та сурет сала алу дағдыла- рын арттыру. Өз ойын қағаз бетіне көрсете алуға дағды- ландыру. Жұмысын таза, ұқыпты, мазмұнды сала алуға тәрбиелеу.

Әр түрлі тақырыпта жұмбақ тар жасыру арқылы оқушылар дың ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Еркін тақырыпта сурет салудағы ережелерін еске түсіріп отыру.



33

Қорытынды сабақ

Бояу мен қылқаламмен жқмыс жасау ерекшеліктерін еске түсіру. Сурет салу.Сурет салу ережелерін сақтау.

Жыл бойы ерекше салған суреттеріне көрме үйымдастыру. Жұмыстарын тақтаға іліп әңгімелету. Сурет бойынша не салғандары туралы әңгімелету.



 

 

 

 

 

 

 


 Қолданылған әдебиеттер



  1. «Бейнелеу өнері» Атамұра, 2012 ж., Н.А.Раупова, Ә.Т. Төлебиев.

  2. «Бейнелеу өнері» әдістемелік құрал, Атамұра, 2012 ж., Н.А.Раупова, Ә.Т,Төлебиев.

  3. «Бейнелеу өнері» әдістемелік құрал, Алматыкітап,2008 ж. Р.Ж. Аубакирова, И.Б. Абремская.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ