400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын-бала үшін нағыз өмір

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсында ойын бөлімі бойынша дайындаған материалым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсында

С есебі бойынша «Ойын» тақырыбында дайындаған материалым

Рефлексиялық есеп

Ойын ұғымына түсініктеме берсем-бұл адамның мінез-құлқы өз басқаруымен анықталған қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс-әрекеттің бір түрі болып табылады.Ойын сөзінің мағынасы –қуаныш,әзіл дегенді білдіреді.Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар.

Ойын-дегеніміз не?Ойын дегеніміз-халықтың баланы әдептілікке,сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізігі жұмыс түрі –ойын әрекеті.Бала саналы,адамгершілігі зор,сыпайы,жан-жақты даму үшін,тілін,сөздік қорларын дамыту үшін,және де айналадағы өмірдің құбылысын танып,білу үшін пайдаланудың маңызы зор.Ойын үстінде баланың қасиеттерін қабілетін,белсенділігін байқаймыз.аса көрнекті А.С. Макаренко былай деген екен: Ойында бала қандай болса,өмірде кәсіби қызмет саласында,көбінесе сондай болады.Ойын-балалар ұшін нағыз өмір.Ойын-балалар үшін айналаны танып білу тәсілі.Осы ойын арқылы баланы бақылап зерттейміз.Бала ойын ойнау арқылы өседі,дамиды.Ойындардың түрлеріөте көп:дидактикалық,қимылды,ұлттық ойындар,логикалық,сюжетті рөлдік,санамақ ойындары

Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамның рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс- әрекет. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалардың ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл- қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшкліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсам, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.

Балалар үн- түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтарымен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен анасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өз тәжірибемде осы 3 ойынды таңдап,жүргіздім.Бұл ойындар баланың жас ерекшелігіне,және олардың сыни ойлауына бағытталған ойындар

Тәрбиешінің жетекшілігімен ойналатын ойын-

Тәрбиеші ойынға қажетті материалдармен балаларды қамтамасыз етіп,ойынды бастап береді не/се баланы бағдарлау үшін ойынға қосылады.

Құрылымдалған ойын -

М.ж.д балаға белгілі бір дағдыларды үйретуге және дамытуға бағытталған ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шара.құрылымдалған ойынға әртүрлі қимыл қозғалыс ойындары,жаттығулар,секіру,өрмелеу,су,құм,сазбалшық,арт терапия ойындарын кіргізуге болады.

Еркін ойын –

Нақты шекарасы мен ережесі жоқ,бала қалағаның жасайтын еркін ойын.Бұл ойынның маңыздылығы қарым-қатынасын дамытумен байланысты.Еркін ойын-балаларды талқылау,қақтығыстардың алдын алу. Ал осы үш ойынның басқа ойындарға қарағанда ерекшелігі мен тиімділігіне тоқталсам балалардың жас ерекшеліктеріне мән беріліп,мақсаты мен мағынасы жақсы деп айтуға болады.Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмсалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады.Күшті жақтары тәрбиеші жетекшілігімен ойыны,менің көрсеткенімді қайталап ойындар ойнағанда жақсы болды.Өйткені бірінші кіші топ болғандықттан,құрылымдалған ойында өз дәрежесінде өтті деп айтуға болады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Ойынның шартты түрдегі мақсаты бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне енеді.Еркін ойынды көбінесе далада,серуенде ойнадық. Кей балалар еркін ойынды ұнатады,мақсаты,ережесі жоқ өз еріктерімен ойнағанды ұнатады.

Ойынды қолданудың әлсіз жақтары болды. Ол ұоқ- байланысты еркін ойынды ұйымдастыру болды. Ойындардың қай - қайсысы болса да баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді

Қандай ойын болсада,өз ойым ойынның балаға еш қауіп қатері жоқ деп ойлаймын.Мен үшін ойынның 3 түрі де тиімді,өзіме ыңғайлы болды деп ойлаймын.Алдағы уақытта ұоқ барысында осы 3 ойынды жоспарыма кіргізіп,осымен жұмыс жүргізіп, болашақта саналы ұрпақ,білім іскерлік жіне дағдымен қаруланған жаңа заман талабына сай болашақ ұрпақты тәрбиелеймін деген үміттемін.

Курстың мазмұны мен курс тыңдаушылардың бағдарлама мазмұнына, топтағы әрекеттеріне саралай, зерттей қарайтын болсам, бағдарламаның дамуы, тәрбиешілердің жігерленуі, өмірге деген көзқарасы, білімге деген құлшынысы дамып келеді. Себебі,нағыз педагогтар жаңалыққа жаны құмар, өзгеріске бейім, өмірге құштар, бала жанын түсінетін қамқор тәрбиешілер білім алуда деп ойлаймын.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 тамыз
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі