Тақырыбы: « Ойын- баланың
ақыл ойын өсіреді »
Ойын- баланың қажетті
әрекетінің бірі, ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек
етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы
білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға
болады. Жалпы, математика сабағында қолданатын ойын түрлері
оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін
арттырып , есептеу дағдыларын шындай түсетіні белгілі. Математика
сабағында қазақтыңұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина
салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған
ойын.
Ойын үрдісінде балалардың
білімі терендей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері
баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойынның басты ерекшелігі баланың
ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау
арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып
біледі. Санамақтар сан үйретед, әрі дүние танытады,әрі баланың
қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін
дамытады.Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге
жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға
қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады.
Сабақтың қызықты өтуі үшін мұғалімдер әртүрлі
әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның ұтымды бір түрі- ойын арқылы тіл
дамыту болып табылады.Енді бірнеше ойын түрлерін айта кетейін
:
«Ойлан тап» оқыта үйрету ойыны.
Мұғалім кім? Деген сұрақ
қойғанда, оқушылар ата, әже, әке, ана, іні деп жауып беруге тиіс.
Мұғалім қайда? Деп сұрақ қойғанда, үйде, мектепте деп берулері
керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап
таңдай білуі керек. Яғни кім? Деген сұраққа сызғыш деп жауап
берілмейді.)
«Сөз жарысы»
ойыны.
Берілген сөздердің орысша ,
ағылшынша аудармасын табу.
«Тізбек »
ойыны.
Берілген сөздің соңғы
дыбысынан басталатын жаңа бір сөз тауып айту.
«Орнынды тап»
ойыны.
Ойынның мқсаты Сөздерге дұрыс
сұрақтар қоя білу. Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген
сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтар беретін сөздерді қатты қағазға
жазып, оқушыларға тарату, әр оқушы тақтаға шығып сұрақтың қасына
барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға
болады.
«Шынжыр» ойыны.
Оқушылар әдебиет сабағында берілген тақырыпты
тоқтамай тізбектесіп оқиды. « Шынжыр» үзіліп кетпеуі
тиіс.
«Жалғасын тап» ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді
дұрыс құраитуға үйрету. Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу.
Қатты қағазға мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды
таратып беру. Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды .
Мақалдың жалғасы бар оқушы жалғасын оқиды.
«Қар броату» ойыны.
Оқушылар бір парақтың ішіне
тақырыпқа байланысту сұрақтар жазып, бір-біріне «Қар боратады»
қолына тиген парақтың ішіндегі сұраққа жауап беру
керек.
« Сөйлем қуаласпақ», «
Қалалар», «Бәйге», «Орындық» т.с.с ойындардың түрі өте көп. Тек сол
ойындарлы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойнату
керек.
«Бала өмірінде ойынның маңызы
зор, ересек адам үшін еңбектің , жұмыстың, қызметтің қандай маңызы
болса, бала үшін ойынның нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай
болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан
келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан
басталады.