жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ойын элементтерін ағылшын сабағында қолдану
Ойын элементтерін ағылшын сабағында қолдану
Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті.
Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әігімелер мен өлеңдер әлемі. Бұл жаста балалардың балабақшадан мектепке ауысу үрдісі жүреді, жетекші әрекет түрінің өзгеруі, яғни ойын әрекетінің оқу әрекетіне ауысуы болады. Бірақ баланы ойын әрекетінен айырудың қажеті жоқ. Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы болып келеді, өйткені балаларды ой еңбегіне бірте-бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде ғана айқындалмайды, соынмен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып табылады.
Ойындарды мектепке дейінгі балаларының оқу-іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Ойындардың жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын - саяхаттар. Олар ертегіге үқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ арқылы, қимылдық - оңай жолмен, қажеттілер - қызық жолмен беріледі.
2. Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін
заттар мен
әрекет, сөздік тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері
бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын - болжамдар. Бұл ойындар, Не «болар
еді...?», «Мен не
істерп едім, егер...?» деген сұрақтарға негізделеді.Ойынның
дидактикалық мазмұны
балалардың алдына проблемалық міндет пен
ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты
жағдайда қалыптастыра байланыс есептерін тағайындауды талап
етеді.
4. Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі
логикалық
астарын болуында, олар баланың есі әрекетін белсендіреді.
Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның
қасиеттерін ажыратуға
тәрбиелейді, оқушы қиялының
дамуына әсер етеді.
Шетел тілін мектептке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып, балалар балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін балабақшада оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек. Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
· Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
· Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
· Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;
· Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
· Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;
· Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;
· Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.
Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпындырады. Интернет жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі көп.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда педагогтар бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан да педагогтарға жүктелер міндет жүгі өте ауыр.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімділігін арттырады.
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зиінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерінде дамытады.
Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар негізінен, оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Ойынның бір ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Балабақша балдырғандарына беретін болғандықтан ағылшын тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:
· Фонетикалық ойындар;
· Сөздік ойындар;
· Оқу ережесіне байланысты ойындар;
· Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;
· Сергіту ойындары;
· Сан есімге байланысты ойындар;
· Дидактикалық мақсаттағы ойындар.
Ағылшын тілі сабағында әрбір баланың сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір педагогты толғандыратыны сөзсіз.
Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы орайда жалпы баланың қызығушылық деңгейін арттыруға болатын бірнеше ойын түрлеріне тоқталмақпын.
1 Сабақтың тақырыбы: Танысу
1. Ертегілер әлемінде қонақта болу. Сабақ ауызша өткізіледі. Саусақ театрының көмегімен My name is…/ I am… (My name is Дара, I am Боти т.б.)., «Ат ойлап тап» ойыны (Балалардың өздерінің аттарын өзгертіп атау керек «Good morning. My name is Micky»)
2. Дым білмес балалармен.What is your name?, Who are you? Сұрақтармен мұғалім дым білместің кейпімен балалармен танысады. Сосын балалар бір-бірімен танысады.
3. Буратинада қонақта. Сабақ балалар арасында және Буратиномен диалог ретінде жүреді, «Сиқырлы микрафон» ойыны (Буратино балаларға ойыншық микрафон таратады да, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлеседі).
- Hello.
- Hi.
-What is your name?/ Who are you?
- My name is Айым./ I am girl.
- What is your name?/ Who are you?
- My name is Алмас./ I am boy.
- Good bye, friends.
- Bye, Буратино What is it?
2. Қуанышты түлкі. Балалармен педагог бетіне түлкінің маскасын киіп алып, амандасады. (Педагог барлық балалармен амандасады, балаларда амандасады)., «Мынау кім?» ойыны бір бала барлық балаларға теріс қаратып отырғызып қояды. Балалар кезекпе-кезек келіп теріс қарап отырған баламен амандасады «Hello, Мадияр», теріс қарап отырған бала амандасып тұрған баланы танып, онымен амандасу керек «Hello, Сабина», бала таба алмаса келесі баламен алмастырылады.
2. Сабақ тақырыбы: Жануарлар туралы
1. Аңдар. Жаңа сөздерді үйрету (Жануарлардың даусы мен жанарлар бейнеленген презентацияны балаларға көрсетеміз). «Аңды тап» ойыны (балалардың алдына ойыншық жануарларды қоямыз. Педагог балаларға жануарларды табуға ұсыныс жасайды: «Айнур, find a dog, please». Егер бала таба алмаса, онда достарының көмектесуін өтінеді).
2. Орманды дала. «I have…» сөзін үйрету, монолог құру (балалар үйінен алып келген ойыншық жануарларын қолына алып, бір-біріне қарма-қарсы отырып, монолог жасайды. Мысалы:«Hello. My name is Сабина. I have a rabbit»)., «Аю және оның достары» спектакль ойыны (қуыршақ театрының көмегімен педагог жануарлардың іс-әрекетін көрсетеді).
3. Сиқырлы орман. It is… лексикасын үйрету. ( It is a snake, It is a monkey деппедагогкомпьютерліпрезентацияжасайды. Балаларпедагогтыңартынанқайталайды.) «Меніңсүйіктіжануарларым» тақырыбындапроектжасау (Флакатқаәдемілепсалынғанорманныңсуретінебалаларормандамекенететінжануарлардыңсуретінжекелепәкеліп It is a bear, fox, депжапсырады).
4. Әдемі әткеншек. Ермек саздан жақсы көретін жануарларын жасайды (әрбір бала өздерінің жасаған жануарларын ағылшынша айтады «I have a cat, a dog»)., «Жануарлардың даусын тап» ойыны (ортаға бір баланы шығарамыз, ал қалған балалар жануарлардың даусын салады, (The dog goes «woof, woof, woof, woof» – ит, The cow goes «moo, moo, moo, moo» – сиыр, The duck goes «quack, quack, quack, quack» – үйрек, The cat goes «meow, meow, meow» – мысық). Бала қай жануардың даусы екенін тауып оны ағылшынша айту керек: It is a cat, a dog, a cow).

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген