Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін
қолдану.
Дидактика
саласындағы маңызды мәселелердің бірі – білім беруде ойын
технологиясын пайдалану болып отыр. Адамзат ойынның білімдік
құндылығын ертеден дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды
дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың
барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды
игеру барысындағы ойындар жатады. Адамның ойын әрекеті негізгі үш
түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену
ойындары, оқу-жаттығу ойындары. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі
формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола
алады. Екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір
тәжірибесін жинақтаудың
қажеттілігі. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты
дидактика байқалады: ойнау үшін білу, үйренудің
қажеттілігі.
Орта буын оқушыларын оқытуды жетілдірудің оқу
белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін
тиімді пайдалану екендігі байқалады. «Баланың ынтасын тарту үшін
оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-деп жазады
Ж.Аймауытов.
Дидактикалық материалдағы ойындар
оқушыларының меңгеруіне қиындық келтірген жағдайда мұғалім өз
шығармашылығын пайдаланып, әр алуан ойындарды
құрастырады.
Оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілі
сабағында ойынды тиімді қолдану оқушылардың сол тілде сөйлеуге
жаттығуына мол мүмкіндік береді. Дайындық барысында мұғалім сабақта
ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеруі
тиіс.
Ойынның мақсаты. Оқушылар сабақта қандай
іскерлік пен дағдыны игереді, ойынның қандай тәрбиелік мақсаты
көзделеді?
1. Ойынға қатысушылар
саны
2. Ойында қолданылатын материалдар,
әдебиеттер
3. Уақытты үнемдей отырып, ойын шартын қалай
түсіндіруге болады?
4. Ойын қанша уақытқа созылады? Бұл ойын
әсерлі, қызықты бола ма?
5. Оқушылардың ойынға қатысу белсенділігін
қалай бақылауға болады?
6. Ойын бұрын өткен сабақта қолданылған ба?
Қандай жағдайда қолданылған?
7. Ойын қорытындысын
хабарлау.
Сабақта орынды қолданылған ойын элементтері
оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп,
іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында
қолданылатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті
болса, ойын жақсы нәтиже береді.
Оқыту мақсатына қарай тілдік ойындар:
лексикалы-фонетикалық, грамматикалық болып бөлінеді. Тілдік
ойындардың бұлай бөлінуі шартты түрде ғана, себебі фонетикасыз,
фонетиканы лексикасыз, лексиканы грамматикасыз қарастыру, меңгерту
мүмкін емес.
Лексикалы-фонетикалық жаттығулардың негізгі
мақсаты – оқушының сөзді дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау,
интонацияны дұрыс қалыптастыру. Бұл ойын сабақтың алдыңғы сатысында
көп қолданылады. Сабақтың кейінгі сатысында оқушыларды меңгерген
лексикалық материалын практикалық тұрғыда қолдану, сөздерді
бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрау, оқушыға өз ойын жүйелі
түрде жеткізуге машықтандыру үшін грамматикалық ойындар
қолданылады.
Қазақ тілінің ерекше дыбыстарының анық
айтылуын оқушыларға меңгерту үшін, Мысалы, орфографиялық лотоны
қолдану арқылы ілгерінді мұғалім ойын үстінде тілдің орфоэпиялық,
орфографиялық ережелерін де есепке алуы керек., кейінді ықпал
заңын, ерекше дыбыстардың айтылуын оқушылардың берік меңгеруіне
ықпал жасайды, оларды шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуге
үйретеді. Орфографиялық лото үлгісі: бүг..н, жұм..с, кіта..ы,
тара..ы.
«Бұл қалай өзгерген» ойыны қазақ тілінің
ерекше дыбыстарының айтылуын және әріп түрінде жазылуын оқушыларға
меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің
дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға
ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға
болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға тілі
келмейтін оқушылармен жұмыс жасағанда, халық ойындары жаңылтпаш,
санамақтарды ұтымды пайдалануға болады. Алдымен олардың жеңіл
түрін, кейін біртіндеп күрделендіріп берген өте
тиімді.
«Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл
оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып
бойынша топтастыруға
дағдыландырады.
Ойынға қатысушы оқушылар үшін қандай заттарды
топтай білу керектігін көрсететін таблица және оған қажетті
заттардың аттары жазылған жеке сөздік карточкалары жасалады.
Мысалы: «Үй жануарлары мен жабайы аңдар» тақырыбы
бойынша
1-қалта: Үй жануарларын сатып
аламыз
(жылқы, сиыр, түйе, қой,
ешкі)
2-қалта: Жабайы аңдарды сатып
аламыз
(жолбарыс, арыстан, барыс, қасқыр, түлкі, аю,
қоян)
Екі кесте тақтаға ілінеді, ал оқушылар
қолдарындағы жауап карточкаларын қажетті қалтаға
орналастырады.
Үнсіз қимыл
1 оқушы әр түрлі қимылдар көрсетіп, қалған
сөздерді басқа оқушылар атап
отырады.
Мысалы: отырды, тұрды, жүрді, тақтаны сүртті,
қолын көтерді.
«Ұшты-ұшты»
-ойыны
Ұшты, ұшты, үкі ұшты (қол
көтеріледі)
Ұшты, ұшты, түлкі ұшты
(көтерілмейді)
Әр түрлі зерттеулердің нәтижелеріне сүйене
отырып, балалардың тілінің дамуында сөйлеу қабілетін жетілдіріп,
дүниетанымын кеңейтуде сөздік ойындардың атқарар рөлі ерекше екені
дәлелденді. Сондықтан барлық сабақтарда сөздік ойындарын қолдануға
болады. Сондай ойынның бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Басқарушы
көкөніс, жеміс, оқу құралдары, ойыншықтар т.б. сөздерді атаса,
оқушылар сол топқа жататын заттарды атауы
керек.
Сөздік ойын
1.оценка – баға степь – ...... туча – бұлт
смех - күлкі
берег – ...... город - ...... нация - .....
лиса - .......
2. Белгілі бір сөзден бірнеше сөз құрастыру.
Мысалы: «қамсыздандырылмағандықтан» - тамақ, нан, қант, сан,тас,
мақта,сағат,
қас,қаз,лақ,ырыс...т.б.
Тізбек ойыны
Берілген сын есімнің соңғы дыбысынан
басталатын басқа сын есімді тауып айту тапсырылады: таза – ақылды -
.....
Сын есім мен зат
есім
Берілген сын есімге лайықты зат есім тіркеп
айту керек. Бірінші бала тек сын есімдерді атайды: өнімді, атақты,
сымбатты,т.б. Екінші бала оған лайықты зат есім тіркестіріп,
тез-тез айтуы керек. Келесі екі бала берілген зат есім алдына сын
есім тіркеп, кезектесіп айтып шығады. Мысалы: тамақ – дәмді тамақ,
анам - мейірімді анам.
Қазақ тілінде ойын элементтерін кіргізудің
маңызы ерекше. Ол оқушының шығармашылық қабілетін, сабақта
белсенділігін арттырады, қазақ тіліне деген қызығушылығын дамытады,
білімін молайтуға әсер етеді. Мүмкіндігінше бастауыш сыныптарда
ойын, сөзжұмбақ түрлерін қолданып, салт-дәстүр элементтерін
кіргізуге тырысу керек. Ойын түрлерін қолдану – сабақты түрлендіру
деген сөз.
Сабақ барысында алған білімдерін оқушылар
практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін грамматикалық
ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың
грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік
береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істей білуге
дағдыландырады.
Сабақты «Сөйлеу минуты» ойынымен бастауға
болады. Ойын мақсаты – балаларға үйде не істегенін ауызша диалог
түрінде айтқызып, әңгімелеп беруге үйрету. Ойын сұрақ-жауап түрінде
өтеді.
-Кеше қайда
болдың?
-Теледидардан қандай кино
көрдің?
-Кино не
туралы?
5-сынып бағдарламасында мамандықтарға
арналған модуль бар. Осыған байлынысты «Сиқырлы қалта» ойынын
өткізуге болады. «Сиқырлы қалтаның» ішіне мамандық иелері
бейнеленген кесте-суреттер салынады. Тақтаға шыққан оқушы өзі жақсы
көретін мамандығы бейнеленген суретті таңдап алады. Ойынға қатысушы
оқушылар «Бұл кім? Не істейді?» – деген сұраққа жауап береді. Бұл
ойын «Мамандық» тақырыбын өткеннен кейін, меңгерген материалды
бекіту, қайталау, тексеру сабағында
өткізіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бастауыш
мектеп, 3, 2003, А.Әбішева «Ойын элементтерін пайдаланудың
педагогикалық ерекшеліктері», 17
бет. Б.97
2. Оралбаева
Н., Жақсылықова Қ., Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту
әдістемесі, Алматы, 1996, «Қазақ тілі сабағында қолданылатын
ойындар және оларды ұйымдасты
Г.Ж., Қазақ тілі, Алматы2005,, Сөздік ойын, 124
бет. ру жолдары»,
186-202бет.
3. Рақмет З,
Тайсюганова
4. Тізбек ойыны., Қазақ тілі мен әдебиеті
орыс мектебінде. – 2006. №2. –
Б.124.
5. Баялиева С. Сабақта ойын түрлерін
қолдану., Қазақ тілі мен
әдебиеті орыс мектебінде. – 2004. №3. –.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ойын элементтерін сабақта қолдану

шағым қалдыра аласыз